Материалдар / Махмут Қашқарий 995 жыл

Махмут Қашқарий 995 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Махмут Қашқари 995 жыл
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2024
98
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі:

Тәрбие сағаты

Сыныбы :

Күні:18.11

Сабақтың тақырыбы:

Махмуд Қашқари."Диуани лұғат ат-түрік"еңбегі

Мақсаты:



-Махмуд Қашқаридің өмірі мен шығармашылығы білу;

-Сөздіктің əлем əдебиетінің асыл мұраларының бірі екендігі, түркі тілдес халықтарға ортақ жазылған еңбек екендігі жайлы мағлұмат алу;

-Сөздіктің бүгінгі таңдағы өміршеңдігі, тəрбиелік мәнін ұғыну.

Күтілетін нәтиже:


-Махмуд Қашқаридің өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі;

-Сөздіктің əлем əдебиетінің асыл мұраларының бірі екендігі, түркі тілдес халықтарға ортақ жазылған еңбек екендігі жайлы мағлұмат алады;

-Сөздіктің бүгінгі таңдағы өміршеңдігі, тəрбиелік мәнін ұғынатын болады.

Түйінді идеялар:

"Диуани лұғат ат-түрік"-түркі халықтарына ортақ әдеби мұра.

Сабақтың түрі:

Жаңа білім беру

Оқу түрі:

Топтық,жұптық,жеке жұмыстар

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Ой қозғау,топтастыру,"ұйқасын тап"ойыны т.б.

Керекті жабдықтар:


Оқулық,А4 парағы, маркерлер, бағалау парағы. Интербелсенді тақта ,т.б

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе




1".Көршінің суреті"жаттығуы арқылы сыныпқа жағымды психологиялық ахуал орнату..

Сыныпты үш топқа бөлу

Алдыңғы тақырыпты қысқаша қайталау.Ж.Баласағұнның "Құтты білік"дастаны.

Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген,оны төрт кейіпкер бейнелейді.

1. Мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы.Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
2. Екіншісі, бақ - дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ - дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
3. Үшіншісі, ақыл - парасат. Ақыл - парасаттың қоғамдық - әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.
4. Төртіншісі, қанағат - ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.

Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген,оны төрт кейіпкер бейнелейді.

Тренингке қатысады.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Топтар өз аттарын қорғайды.

Үй тапсырмасына жауап береді.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Тұсау кесер





1. Сабақтың тақырыбын айқындау,мақсат қою.

Ғалымның сөзін оқу және сурет көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындау.

«Мен түркілердің қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы араладым,сөздерін жинап,түрлі-түрлі сөз қисындарын үйреніп,айқындап отырдым. Мен бұл ісімді тіл білмегендігімнен жасаған жоқпын,сол тілдердегі сөздердің көп байқалмайтын мәселелерін айқындап,аңғарту үшін жасадым. Бұл шығарманы мәңгі ескерткіш болсын деп құдайға сыйынып жаздым.Кітапты «Диуани лұғат-ат-түрік» деп атадым.

2.Қалай ойлайсыңдар,бүгінгі сабағымыз кім туралы болмақ?

3.Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?

1.Махмұт Қашғаридың өмірі мен шығармашылығына талдау жасау.

2.Оның түркі тілдерінің дамуына қосқан үлесін басқа ғалымдар еңбегімен салыстыру.

3.Ғалым еңбегіне тақырыптық топтастыру жасау.

Жаңа сабақтың тақырыбын табады,жаңа сабаққа мақсат қояды.


Негізгі бөлім





1."Ойлан,жұптас, бөліс"Топтық жұмыс. Қосымша деректер беру.

1-топ.Ғалымның өмірі мен шығармашылығына талдау жасау

2 -топ.Ж.Баласағұн мен М.Қашқариды салыстыру.

3-топ.Ғалымның еңбегіне тақырыптық талдау жасау.Кітап неше бөлімге бөлінеді?Түсіндіру.


Топтық жұмысты 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен топтар бір-бірінің жұмысын бағалау.


2.Мұғалімнің оқушылардың айтқандарына қосымша жаңа ақпарат беруі:

1.” Диуани лұғат ат-түрік” –тіл білімінің басты салалары бойынша құнды түйін жасаған еңбек.

2. Махмут Қашқари көлемді екі ғылыми еңбек жазып қалдырған.Бірі-”Түркі тілдерінің синтаксисі,қағидалары”,екіншісі-”Түркі сөздерінің жинағы”

3. Жиырма тоғыз Түркі тайпаларының орналасу тәртібін көрсету үшін М.Қашқари өзі дөңгелек карта жасаған (бұл – түркі халықтарының тарихындағы бірінші карта).

4.Кітаптың көшірме қолжасбасының бір нұсқасы Стамбұлдың Фатих кітапханасында сақталған.

5. 1997-1998 ж 3 том болып басылып шықты Махмұт Қашқари сөздігін қазақ тіліне аударған-Асқар Егеубай .

6.Махмұт Қашқари жасаған дөңгелек картаның сыры бүгінгі күнге дейін ашылмай келе жатыр.

3..Жұптық жұмыс.Сәйкестендіру

4.Жеке жұмыс.Сәйкестікті тап.

Оқулықта берілген мәліметтерді ,берілген қосымша деректердіоқиды, топта талқылайды.

Өз ойларын айтады.





Топтық жұмысты 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Оқушылар өз шығармасын оқиды.

Тапсырманы жұпта орындайды.

Жеке жұмысты орындайды.

Қорытын

ды

Үйден ізденіп келуге.


Рефлексия

(3 мин)

Бағалау.

"Үш тұжырым"әдісі арқылы сабақты қорыту

1.Сөздікті оқу.Ғалым туралы деректер жинау.

1.Бүгінгі сабақтан не білдім?

2.Қай тапсырма қиындау болды?

3.Не ұнады?

Өзін-өзі бағалау.

Әр топтан оқушылар шығып бүгінгі сабақты қорытындылайды.


Тапсырмаларды күнделікке жазып алады.

Өтілген тақырып бойынша

кері байланыс орнатады.


Өз жұмыстарына баға береді


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ