Макала "Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Макала "Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің тәрбиелік мәні»(эссе)



Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, дарынды ақын. Ол-сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Ақынның таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны айқын шындық. Ойшыл ақынның әр шығармасы, өлеңдері ерекше мазмұнға ие.Ақынның өлеңдеріне көз тастасақ, тәрбиелік мәні ұшан-теңіз екенін бәрімізде байқаймыз. Ақын өз шығармаларында адам өміріндегі жағдайларды, адам бойындағы жақсы да, жаман қасиеттерді кең көлемде ашып, адам санасына ықпал ететіндей жеткізеді. Абай поэзиясы қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолында танытарлықтай етіп көрсете біледі.

Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын ең толық, ең терең, ең дұрыс танытатын-әрине, оның поэзиясы, жүрегін жарып шыққан, ешқандай жасандылығы жоқ өлеңдері. Ақын жүрегінің түбіне терең бойлағымыз келсе, алдымен оның өлеңдеріне бар ықыласымызбен, ілтипатпен зер салу қажет. Абай шығармаларында алдымен мейілінше мол, әр қырынан көрінетін-әрине ақынның өз бейнесі. Лирик ақын қоғам өмірінің шындығын өз көңіл-күйін білдіру арқылы танытады. Ақынның өз бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, қоғамдық мәселелерге, адамдардың іс-әрекеттеріне, берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты толық көрініс табады. Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтінін «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінен айқын көреміз. Абай өлеңдерінде бірнеше өзекті маңызды тақырыптар түйісіп, шоғырланып келетін өлең-«Сегіз аяқ». Осы өлеңінде ақын елдің берекесін кетіріп, көзін аштырмай отырған бір-бірімен дауласу, қастасу, өтірік арыз беру сияқты жаман әдеттер екенін нақты көрсеткен. Абайдың қоғамдық мұрат-нысанасы туралы айтқанда, ақын адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге, білім-ғылымды өнерді халықтың қажетіне жаратуға мән бергенін естен шығармау керек. Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде өлеңдерінде үнемі атап көрсетіп отырады. Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғыммен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратады. Ұлы ақын «суық ақыл» мен «ыстық жүрек» бір-бірін толықтырады деп санайды. Бұл екеуіне қайрат пен жігер қосылса, адам бойындағы қасиеті кемеліне келеді деп санайды. Абай сөзінің мәні терең келеді, сондықтан қай сөзді болсын жеңілдетіп, үстірт қарап, бір жақты түсінуге жол бермеу керек. Ғылымда басқаның пікіріне сын көзбен қарау қажет болса, өмірде жеңіл, бос әңгімеге әуестенбей, білікті тәжірибелі адамдардың сөзін түсініп, тірбие алу да сондай қажет екенін ақын орынды айтқан. Адамның өмірі мағыналы, саналы болу керек деген ойын айқын айтып жеткізеді де, адамның өмір сүруі, іс-әрекеттері, алдына қоятын мақсаттары өз заманына сәйкес болу қажеттігін айрықша ескертеді. Абай сөз өнерінің, өлеңнің, ән мен күйдің қоғамдық маңызын аса жоғары бағалағаны жиі айтылып келеді. Ақын поэзияның танымдық, тәрбиелік мәнін терең ұғынып, оны адам мінезін, заманды түзетудің күшті құралы деп түсінгенін көптеген өлеңдерінен байқаймыз. Ақынның шығармаларының әрқайсысында өмір шындығы әр қырынан көрінетінін, алынған тақырып, айтылған ой, жан сезімі әртүрлі нақтылы көркемдік тұрғыдан шешімін табатынын ескерген жөн.

Абайдың қазақ тілін дамытуға, әдеби тілді, поэзия тілін өрістетіп, жаңа сөз өрнектерімен байытуға сіңірген еңбегі өте көп. Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі заманның өмір шындығын танып-білуге үлкен себін тигізе алатынын мойындауымыз қажет. Абай шығармаларының мағынасын терең ұғып түсіне алсақ, өткен тарихты, елдің жағдайын, тағдырын, арман мақсатын тани аламыз. Абай шығармалары арқылы қазіргі заманды, кеше мен бүгінді, болашағымызды бағдарлай аламыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2020
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі