400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Малайзиядағы тағылымдама

Материал туралы қысқаша түсінік
Малайзиядағы тағылымдама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Малайзиядағы тағылымдама


Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2 курс PhD докторанты Қабылбаева Нұргүл Құлмырзақызы диссертациялық ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында 03.11.2024-14.12.2024 жж. аралығында Малайзия мемлекетінің астанасы Куала-Лумпур қаласындағы, Малай Университеті, Исламтану академиясы, Ислам тарихы және өркениеті кафедрасында тағылымдамадан өтті (1-сурет).


1-сурет


Тағылымдама профессор, PhD Мохд Рослан Бин Мохд Нор жетекшілігімен және Болашақ бағдарламасымен аталмыш университетте білімін шыңдап жүрген дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі профессор, PhD Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызының ат салысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тағылымдама барысында Малай университетіне арнайы Иран, Ұлыбритания, Индонезия және Тайланд елдерінен келген профессорлардың қатысуымен өткен семинар-конференцияларға қатысып, зерттеу тақырыбына мұрындық болатын құнды ақпараттармен сусындалды (2-сурет).


2-сурет

Малай түбегінде, Малайзиядағы Қазақстан елшілігі мен осы елдегі қазақ диаспорасының ұйымдастыруымен алғаш рет Оңтүстік-Шығыс Азия елінде “Қазақтар құрылтайы”өтті (3-сурет). Құрылтайға Малайзия, Оңтүстік Корея, Сингапур және де елімізден арнайы шақыртылған қонақтардың қатысуымен қазақтың мәдениетін, тілі мен ділін насихаттау, әрі қазақ диаспоралары арасында ұмыт қалмауы үшін ұйымдастырылған рухани жиын болды.


3-сурет

Сонымен қатар, «Қазақ мәдениетінің апталығы» үлкен деңгейде аталып өтілді (4-сурет).

4-сурет

Тағылымдама аясында академия кітапханасында эмпирикалық деректер жинақталды, шетелдік ғылыми жетекшімен докторанттың диссертациялық зерттеу жұмысы талқыланып, пысықталды. Бұл ғылыми тағылымдама халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.


Қабылбаева Н.Қ.

«Исламтану» мамандығының докторанты

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
94
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі