Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мамандығым - болашағым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабырдин Гүлназ Әлішерқызы
«А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Педагог - кәсіби бағдар беруші
Түркістан облысы, Жетісай ауданы Жетісай қаласы
Мамандығым - болашағым
Жастар болашак мамандыгын дұрыс тандай біле ме? Әрбір адамның болашағы таңдаган мамандығына да байланысты екені анық. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Шыны керек, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір, бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шыксам болды дейді. Сонда саны көп, сапасы жоқ дипломнан не пайда? «Түйір нан - тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет. Бүгінгі таңда ең қажетті мамандықтардын қатарына энергетик, құрылысшы, геолог, радиотехник, инженер, мунай мен газ, кен ісі сынды мамандықтар аталып жұр. Осы салаларда білікті мамандардың керек екені рас. Мамандык таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман елеріне де қатысты.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқын келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласкың келетін ортаны да тандау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, атестаты не сертификаты алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену кажеттілігі.
Мамандык тандау саналы қадам, оған барлық уакыт пен күш жұмсалады. Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады. Мамандық таңдау адамның кызығушылығына, қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім, экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жок, бірақ мұның кез — келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Бүгінгі дамыған қоғамда мамандықтың түрі өте көп. Мәселен, соңғы статистикалык зерттеулер бойынша, әлемде мыңдаған мамандық түрлері бар. Әрине, мамандықтар ішінен өзіне лайық біреуін таңдау оңайга соқпауы мүмкін. Алайда жүрегін қалаған, қоғамда сұранысқа ие кәсіп иесі болуға мүмкіндік мол. Ол үшін нарықты зерттеп, қазіргі қоғамда сұраныска ие мамандықтар бойынша өз бетінше сараптама жүргізуге болады.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінін бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызга деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі белек нарсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтканда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмыска ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың калай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайда психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, тұған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Дегенмен, Массагет.кз сайты ен алдымен жүрегіңіздің үнін тыңдауыңызға кеңес береді.
Қазір сауда-саттықтың жүріп түрган заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелестік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жахандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен егелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материялдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарынын басекелік кабілетімен айкындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандык, сол аркылы тұтас ұлт XXI ғасырга лайықты қасиеттерге ие болуы керек.Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»,«Мәдени және конфессияаралык келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды XXI ғасырдың талаптарына дарлаудың қамы. Жоғары сынып оқушыларын жиі толғандыратын мәселелердің бірі - мамандық тандау. Сондыктан «Кім боласың?» деген сұраққа әркім әртүрлі жауап береді.Көптеген оқушылар ата-анасы, туыстары, мұғалімдері қалаган мамандыққа баруды ұйғарады. «Диплом алып алайын, қалғанын көре жатармын» деп ойлайды. Дәл осылай ойлаған қаншама адам кейін мүлде басқа салада табысты жұмыс істеп жұр. Кейде ата-анасына ерегесіп, мамандық алмағандар да ақыл тоқтаткан кезде өкініп қалып жатады.
Сонымен мамандықты қалай таңдау керек?
1. Алдымен елімізде бар мамандықтарды тізімін жасау қажет. Солардың ішінен ұнамайтындарын сызып тастаңыз. Өзінізге ұнайтындарын біреуін таңдап, сол мамандық жайлы досыңызға жарнама жасап көріңіз. Мысалы, дәрігер, экономист, сатушы, т.б. Егер дұрыс, жан-жақты сипаттай алмасаңыз, онда бұл мамандық сізге ұнамайды деген сөз. Ягни, бұл әдіс аталған мамандықтың ұнайтын-ұнамайтынын аныктау үшін жасалынады.
Осы мамандык бойынша жұмыс жасап жұргеніңізді толық елестетіңіз:
-
Унамсыз жақтарына көндігер ме едіңіз? Мәселен, жұмыстан кеш шаршап шығу, аз көлемдегі жалақы немесе жоғарғы жалақы, алайда үнемі іссапарда жұру керек, т.с.с.
-
Болашақ отбасыңыз бұған қалай карар екен?
2. Сіздін хоббиіңіз қандай? Сіз оны мамандыққа айналдыра алар ма едіңіз? Оган деген сұранысты қалай арттыруға болады? Мысалы, сурет салуға икеміңіз болса, өзге суретшілерден озық түру үшін, компьютерде салуға және балалар әдебиетін көркемдеуге ұйреніңіз. Себебі балалар әдебиеті үнемі сұранысқа ие.
3. Сәнге айналған мамандыққа жүгірмеңіз. Мысалы, жас қыздардың көбі модель болуды армандайды. Бұл түсінікті де. Біріншіден, үнемі теледидардан керсететіндіктен атақ-даңқы жайылады. Екіншіден, әдемі болып жүреді. Үшіншіден, дуниежузін аралайды. Тертіншіден, жалақысы жоғары. Алайда бұл мамандықтың да өз киыншылықтары бар.
4. Мамандықты жаманы жоқ. Мысалы, сіздің ас пісіруге ебіңіз бар, тіпті ләззат аласыз. Алайда ата-анаңыз қарсы, олар баласының экономист болғанын қалайды. Дегенмен, осы салада білім алсаңыз, кейін мейрамхана ашуыңызга да болады.
5. Амал жоктықтан таңдау. Мәселен, балыңыз жеткен оқу орнына бара саласыз. Бірақ өкінішке орай, осындай жолмен түскендер екінші, үшінші курстарда оқудан шыгып кетіп жатады.
Қазақстанды өмірдің жоғары сапалы денгейдегі елге айналдыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің басты мақсаты болып табылады, сондықтан сапа мәселесіне қазіргі танда үлкен назар аударылуда.
Абай атамыз айткандай «болмасаң да ұксап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық таңдауда жаңылмай, езіміз қалаған мамандық иесі болайық.