«Мен таңдаған мамандық » мамандармен кездесу кеші
Кештің мақсаты : Адам өмірінде мамандықтың алатын орны , оқушыларға мамандықтың түрлері ,олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау ; жас мамандармен кездесу.
Өтілу барысы :
1.Кіріспе сөз.
2.Жас мамандармен таныстыру.
3.Бейне ролик.
4.Жас мамандарға сөз кезегі.
5.Ойын. «Мамандықтар иесі, Менің есімім »
6.Оқушылардан қонақтарға сұхбат.
7. Қорытынды сөз.
1. Кіріспе сөз. Қайырлы күн ,құрметті қонақтар,мен оқушылар,және ұзстаздар ! Бүгінгі «Мен таңдаған мамандық » атты кездесуімізге қош келдіңіздер ! Әдетте мектепте 8-9 сынып оқушыларына көбіне қандай мамандықтар таңдаймын немесе таңдаған мамандыққа қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан да мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге түрлі жас маман иелерін шақырып отырмыз. Бұл қонақтармен кездесіп, ой бөлісу, пікір алысудың маңызы өте зор.
Қазіргі таңда Бастапқы медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері Спарханова Айнагүл апайымызды қошеметпен ортаға шақырамыз. Келесі қонағымыз өз ісінің шебері ,еңбекқор,он саусағынан өнері тамған Абилова Жамила апайымызды шақырамыз. Келесі кезекте қоғамда үлкен орны бар жеке кәсіпкер Мөлдір Төребекқызын шақырамыз. Келесі кезекте өз ісінің шебері қолдарынан бал тамған тәттілер ханшасы Айнұр ханымды хошеметпен ортаға шақырамыз.
3.Бейне ролик.
Cөзімді Атақты ғұлама Әл- Фарабидің сөзімен бастағым келіп отыр.
Ісім оңсын десеңіз ,
Сол істің маманы болыңыз ,
Даңқым шықсын десеңіз.
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастардың көкейінде «Кім болам ?» деген сұрақ тұр. Алдымен мамандық, мамандық таңдау деген не екеніне қысқаша түсінік беріп, өткенді жөн көріп отырмыз.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты , жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау –өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына , сүйену керек. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді екен. Біреулері үшін- олойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру,ал келесі біреулер үшін- жаңалыққа , дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын . Әсіресе ,мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Әрбір мамандық ты таңдау үшін , ең алдымен өзін және өз бейімділігін тану қажет. Және өз-өзіне «Мен кіммін ?», «Болашақта қандай маман иесі боламын ?» «Өмірдегі менің орным қандай ?», деген сұрақтарға жауап іздеу қажет деп ойлаймын. Зеер Эвальд айтқандай «Мамандықты дұрыс таңдау- ол өмір жолының сәттілігінің негізі» дегендей мамандықты дұрыс таңдай білуалдағы өміріңнің сәттілігі деп түсіну керексің.
Еңбек етсем, ертеңгі –бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер-уақытыма сенемін
Достық іспен қасты да-женеріме сенеміңн
Ақыл сана білім мен-өнеріме сенемін
Арым-таза, ақ көңіл-адалдыққа сенемін.
Абыройлы ,ақ ниет- адалдыққа сенемін !-дей келе
Енді мамандарға сөз кезегін береміз.
«Ойын» «Мамандықтар иесі » Оқушылар ортаға шығып өз аттарының бірінші әріппінен асталатын әріптен мамандық түрлерін атаймыз
Оқушыларға қонақтарға сұоағы бар екен.
Ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыздың айтқан ақыл кеңестеріне жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңізді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі- болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін. Олай болса «Мен таңдаған мамандық ! » атты кездесу кешімізге келіп маңызды ой- пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз.
Ендігі сөз кезегін мектебіміздің директоры Алиева Рабиға Ержанқызына беремііз
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гулайхан Курбановаға береміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ

шағым қалдыра аласыз