Мамандығым - мақтанашым!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым - мақтанашым!

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандығыммен мақтанамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамандығым – мақтанышым!»


Тәрбиеші болу үшін,

тәрбиеленген болуың керек. 
С.А.Макаренко


Адам өмірінде болашағына жол сілтейтін бір маңызды шешім қабылдайды. Бұл – әрине, мамандық таңдау.  Кейбір жоғарғы оқу орнын бітірушілер кәсіби бағыт беретін саланы таңдайды, ал мен «Тәрбиеші» мамандығын таңдадым.

Тәрбиешінің жұмысын оңай деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің мойынымда кішкентай балаларды тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатады. Мен дұрыс мамандық таңдадым деп ойлаймын. Күнделікті балабақша есігін аттағаннан балалардың жарқын жүздері, ата – аналардың ризашылығы соның белгісі. Әрбір баланың өзіндік қасиеті, өзіндік ерекшеліктері бар. Біз үшін олар меруертке тең. Тастардың ішіндегі арнайы өңдеуді қажет етпейтін тас. Әр бала балабақшаға келгенде, өз үйіндегідей жылулықты сезініп, өзін еркін ұстап, балабақшаны өзінің екінші үйіндей санаса ол тәрбиешінің зор еңбегі. Тәрбиеші - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата - ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – тәрбиеші мамандығы. Олай дейтінім, тәрбиеші еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі балалармен қарым - қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу - білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын. Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері, тәуелсіз татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін құстың қанатындай су болса да көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді.

Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат - міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым - жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Кішкентай бүлдіршіндерге бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең, өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала - көз қуанышың. Бала - ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім - тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін, еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті ізде – мей - ақ табылады, өз атын еркін айтады, бала жүрегінен орын аласың. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені болып табылады. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, судың тұнығына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан - алуан түстеріне теңеймін, шын ниетім, себебі жетер жетістігімде баланың арқасы.
Баламен арамыздағы сыйластық сезімді қалыпты ұстанамын да жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы - тәрбиеші болғаныма мақтанамын!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.08.2024
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі