Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандығым - мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ұстаздық мамадықты не үшін таңдағаным туралы айтылған. Өзімнің еңбек жолымда мақтанатын жұмыстарым туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұстаздық мамандық –барлық мамандықтардың анасы. Ұстаздың алдынан білім нәрімен сусындамаған адам баласы жоқ. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім екені белгілі.

Мен бала кезімнен ұстаз болуды арман еттім. «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» деген сөз өте жақсы айтылған. Менің алғашқы ұстазым Марьяш Шағатаева-өз еңбек жолын ең алғаш бізге сабақ беруден бастаған еді. Апайымның әр сабағында берген білімі мен тәрбиесі өз алдына, аналық мейірімін сезінуші едім. Содан бері мен болашақта кішкентай балалармен жұмыс жасаймын деп ой түйген болатынмын. Алғашқы ұстазыма ұқсағым келді.

Арманыма жетіп, өзім де ұстаз атандым. «Мектептің жүрегі-ұстаз» демекші, өз мамандығыма сүйсініп еңбек етіп келе жатқаныма 20 жыл толды. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінген емеспін. Әсіресе, алғашқы ұстаз болып –әр шәкірттің есінде қалатын, бастауыш сыныптың мұғалімі болу маңызды екенін білдім. Осы 20 жылдың ішінде алдымнан қаншама шәкірт тәрбие мен білім алып ұшты. Өткен жылы бесінші түлектерімді ұшырдым. Төрт жыл бойы алдымда отырып, әр сабақта берген білімді шыңдап, мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластықты ұғынған сүйікті шәкірттерді шығарып салу, қиын-ақ. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Сыныбымда өнер мен білімді қатар алып жүрген оқушыларым аз болған жоқ. Үш оқушым Қостанай қаласындағы , «Дарын» мектебіне өз күштерімен сынақтан өтіп, түсті. Ол да менің-жетістігім.

Биылғы оқу жылында алдыма тағы да он сегіз оқушы , он сегіз кіп-кішкентай бүлдіршін келді. Ендігі алдағы төрт жыл бойы осы оқушыларға оқу мен жазуды үйретумен қатар, қазіргі өмір талабына сай қабілетті етіп тәрбиелеу-менің ұстаздық міндетім. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға үйретеді. Ұстаздық жол –ауыр жол. Сол ауыр жолды жүрегінің қалауымен таңдаған адам ғана өз мақсатына жете алады. Шәкіртінің жанына нұр құйып жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Өзім сияқты осы қиын да, қызықты мамандықты таңдап, шәкірттерінің биік белестерге шығуына бар еңбегін аямай жүрген ұстаздар қауымын келе жатқан төл мерекелерімен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жанып оқушыларыңыз Отанымыздың беделді азаматы, елін, жерін қадірлейтін жанашыры болып өсе берсін!!!

Сапабекова Ақзада Сәлімжанқызы

Б.Майлин ауданы, Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12