Мамандығым -
мақтанышым!
(педагогикалық
эссе.)
Санасына сызат түспеген періште көңіл сәбиді
өмір баспалдағына жетелеп адамгершіліктің ақ желкеніне отырғызатын
рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан – ол
ұстаз. Ақ сүтімен тәніне қуат беріп, бесік жырымен тербеткен ана,
асырап-сақтаған әке тәрбиесінен кейінгі жан жылуын бала бойына
дарытатын да ұстаз.
Академик Зеинолла Қабдоловтың: «Ұстаз
деген-өзінің уақытын басқаның бақытына сыйлайтын адам» - деген сөзі
бар. Сондықтан ұстазға жүктелер аманат, ұстазға артылар сенім
ешқандай заңғар биікпен салыстыруға келмейтін өлшем. Бүгінгісін
ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын
арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеу міндеті де –
ұстазға сын.
Біздің өмірімізідің мәні де, сәні де,
салтанаты, махаббаты, мәртебесі де – бала. Бала біздің болашағымыз,
елеміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Ол әр шаңырақтың шаттығы,
қуанышы, баға жетпес бақыты. Бала тәрбиелеу - адам тәрбиелеу. Ұрпақ
тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан -
жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық
етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы
борышымыз.
Рухани – адамгершілік тәрбиесінде алдымен
баланы тек жақсылыққа, қайрымдылық, мейірімділік, ізгілікке
тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың болашағы зор
болмақ.
«Бала өмір гүлі», «Бала үйдің базары» -
демекші, сәбилерді мен ерекше жақсы көремін. Сондық тан да болар
көптеген мамандықтың ішінде мен ұстаздықты таңдадым. Тәрбиешілік ол
өнер, бұл мамандық деуден гөрі жанның қалауы. Өйткені әр баланың
сан алуан мінезін ескере отырып, оның құртақандай жүрегіне жол таба
білу ерлікпен пара-пар. Балабақшада алдымда көздері мөлдіреген
кішкентай бүлдіршіндер маған не айтар екен дегендей таңдана
қарайды, ал мен болсам қобалжып бұларға не айтсам екен, бүгінгі оқу
қызметін қалай ұйымдастырамын, қандай ойын оларға ұнар екен деп
терең ойға түсемін. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің
бастамасы, әрі баланы жан - жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі
негізін қалайтын орын. Сондықтан мен оқу қызметім мен ойындарға, өз
іс-әрекетіме үлкен мән беретін болдым. Менің алдымдағы балаларым
маған деген сүйіспеншілігін «Апай мен өскенде сізге үлкен үй салып
беремін, «Машинамен сізді жұмысқа апарып саламын,» деп, көктемнің
алғашқы гүлі бәйшешек гүлдерін теріп әкеліп, «Апай бұл гүлдерді
сізге теріп алдым» - деп білдіріп жатады. Баланың әрбір қылығы мен
тәтті сөздері мен үшін бағалы сыйлықтан да қымбат. Баламен жұмыста
үлкен төзім мен сабырлылық, ұстамдылық одан кейін әрине кәсіби
шеберлік қажет. А.С. Макаренко «Жақсы тәрбиені бала бойына сіңіре
білу-күй сандықта, скрипкада шебер ойнай алу мен суретті жақсы сала
білу сияқты бұл да бір үлкен өнер»-деген екен.
Тәрбиеші балалармен жұмыс барысында ойнай білуі, тыңдай
білуі, тыңдата алуы, ойлай білуі және ең бастысы -әр баланың
жағдайына, ішкі жан дүниесіне үңіле білуі керек деп ойлаймын.
Себебі баланың жаны, ашыла алмай тұрған гүл күлтелеріндей нәзік.
Осы гүлдің ашылуына одан әрі қарай гүлденуіне біз, тәрбиешілер өз
тарапымыздан ықпал етеміз. Бізді қоршаған дүниені танып - білуге,
оның құпияларын ашып іздеуге және табуға тура келетіндігін біз
өзіміздің қарапайым да қызықты оқу- тәрбие қызметімізбен балаларға
ұғындыра білуіміз керек. «Ұстаздық – ұлы құрмет» - деп Бауыржан
Момышұлы атамыз айтқандай болашақ ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Ұстаз
қандай құрметке болса да лайықты деп ойлаймын. «Бала - көңілдің
гүлі, көздің нұры» дейді, дана халқымыз. Сондықтан бала тәрбиесіне
аса мән беріліп, бала болашағы еш уақытта біздің ой -
толғанысымыздан тыс қалмауы керек. Еліміздің ертеңі балаларымыздың
болашағы үшін тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуден
жалықпайық!
Тәрбиеші: Жалмаханова
Жанар.