жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандығым – мақтанышым!
«Бейнелеу өнері – шығармашылықтың бастауы»
Эссе
«Мамандығым – мақтанышым!» - жалпы тақырып болған соң ұстаз ретінде өз пікірімді білдіргім келеді.
Ұстаз деген - ұлы ғұлама, ұстаздан білім алмаған адам жер бетінде жоқ деп есептеймін, өйткені ұстаздың өрісі биік, рухы таза, өзінің бойындағы барлық асыл қасиеттері мен білімі арқылы ұрпағы мен отанының болашағын өркендетуші, жаңа бастаушысы, жүрегі жылуға толы, өз-өзіне сенімді, көңілі таза, кеңпейіл адам. Ұстаз мамандығын таңдаған адамның негізгі ұстанымы- әр баланы жеке тұлға ретінде тану, оның пікірін тыңдау, қуанышын, ойын бағалай білу.Ұстаз бір нәрсні тікелей үйрететін адам емес, оның тұла бойы өнегеге, өнерге толы, сөз байлығы мол, ана тәрізді адамдардың барлығынан жақсылық іздейтін ізгі ниеттің иесі.
Қазақ халқымыз ата- баба заманымыздан келе жатқан өнерлі де өнегелі, дана мәдениеті жоғары ұлт. Оны дәлелдейтін ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз бар.Осы ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпау үшін, бүгінгі жастарымызға балабақшадан- ақ ұлттық тәрбие беру қажет, патриоттық сезімге тәрбиелеу керек. Оған бар үлесін қосатын әрине – ұстаз. Болашақ ұрпағымыздың шығармашылық деңгейі арта берсін десек, бейнелеу өнерінің маманы ретінде баланың алдымен эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың ең тиімді жолы – бейнелеу өнері деп есептеймін.Көркемдік тәрбие бере отырып балалардың эстетикалық талғамыны қалыптасады, көңілі бөлінеді.
Бейнелеу өнері баланың басы жан - жақты дамып, қалыптасуына тікелей әсерін тигізеді, оның ақыл – ойы жетіледі, жақсы мінез – құлық, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, айналадағы әсемдік пен сұлулықты қабылдау қасиеті дамиды. Айналадағы қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі артады, жақсылықты үйренуге барын салады. Бейнелеу өнері дамытуға, тілін, байлығын кеңейтуге мүмкіндік туғызады, бала өз ойын білдіре алады, түстерді танып үйренеді, шығармашылық талғамы дамиды, өз бетінше еңбек ету дағдылары қалыптасады, эстетикалық, эмоционалдық сезімдерін дамытады. Бейнелеу өнері – баланың жан - жақты дамуының маңызды элементі болып табылады.
Бейнелеу өнерінің маманы ретінде Отанымыздың мәдениетін көтеруді балабақшадан бастау алу керектігін құптаймын. Себебі, баланың осы жас ерекшеліктерінде қабылдау деңгейі жоғары болады, бір нәрсені тез ұғып алады. Осыдан бастап баланың талпынысы, талабы арта түседі, қызығушылығы пайда болады.
Мен балалық шағымды табиғат аясында өткізгенмін. Тұрған үйімнің алдында ұзын өзен, арғы беті ормандарға толы болатын. Балалық шағымды табиғатпен ұштастырғым келді ме, үйдің алдында отырып, қолыма фломастерлерді алып талдардың суреттерін тұрған күйінде айнытпай салатынмын. Кітаптардың ішінен қарап жануарлардың суретін салатынмын. Суретші болуды армандағанымның бір себебі сол болатын. Ұлы суретшілердің ұлы Европа суретшілерінің өмірбаяндарын оқығанды қызық көретінмін. Қызығушылығым одан әрі арта түсті. Атақты суретші болғым келді. Мектеп оқуын бітірген соң сурет факультетіне түстім. Ол мұғалімдікпен ұштасқан, сабақ педагогикалық салада жүрген болатын. Практикаларға, пленерлерге баратынбыз. Практика кезінде өз – өзімді мұғалім ретінде сезіндім. Біреуді үйреткенді ұната бастадым. Балаларға білім беруді ұната бастадым.
Мен Атырау қаласындағы №1 МДАГ балабақшасында бейнелеу өнерінің маманы ретінде жұмыс жасаймын. Бейнелеу өнерінің 3 саласынан «Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен ортаңғы, ересектер орыс топтарына сабақ беремін. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің барысында құрылған жоспардың тақырыбына сай мотивациялық жұмыстар жүргіземін, тақырыпты қысқаша, балалардың назарын аудартатындай, қызығатындай етіп ашып, түсіндіріп аламын. Ол үшін мен бейнелеу студиясында орнатылған проектор арқылы слайдтар жасап, флипчарт бағдарламасы арқылы жұмбақтар жасыру арқылы баланың қызығушылығын арттырамын. Содан соң практикалық негізде үйретемін. Балалармен оқу жылына арналып жасақталған жұмыс жоспарыма сәйкес жұмыстарымен айналысамын. Онда дәстүрден тыс техниканы қолданамын. Көбінесе, саусақпен, алақанмен сурет салу, жапсырудан жырту тәсілін қолданамын, табиғи материалдарды (тастар, жапырақтар,т.б.) пайдаланамын.Топ тәрбиешілерімен тығыз байланыс жасаймын, кеңестер беремін, ата- аналарға кеңес беремін. Балалардың қызығушылығын одан әрі арттыру үшін ата- аналардың балалармен бірігуі арқылы жасалған көрмелер ұйымдастырамын. Көрмеге қатысқан балаларды арнайы әділ – қазылар алқасы құрылып балалардың еңбегін бағалап, оларды дипломдармен, алғыс хаттармен марапаттаймын. Мысалы, өткізілген көрмелердің тақырыптары: «Күзгі көңіл-күй», «Дамытушы ойыншықтар», «Қалпақтар мерекесі», «Ұлы жеңіске тағзым», «Отбасым - отаным», т.б. Балаларды сурет конкурстарына қатыстырамын. Мысалы, жазғы Республикалық «Менің отбасым – Қазақстан!» атты асфальтқа сурет салу байқауынан ересек топтың баласын дайындап қатыстырып 3 дәрежелі дипломға ие болды. Топтар арасында орыс және қазақ тілінде ашық сабақтар, сайыстар ұйымдастырамын. Өз білімімді жетілдіру үшін курстарға қатысамын. «Флипчарт сабақтарын үйрену» курсына қатысып сертификатқа ие болдым.
Гимназияның дәліздері мен топтарын, ауладағы ойын алаңдарын эстетикалық талғамға сай етіп безендіруге белсене ат салысамын.
Суретші мамандығы бүгінгі күні ең қажет ететін мамандықтардың бірі. Себебі балалармен жеке жұмыс кезінде, оларға еркін тақырып беріледі. Сол кезде балалардың салған суреттеріне қарап баланың ойын, көңіл – күйін, қуанышын еш қиынсыз білуге болады. Сондықтан да бейнелеу өнерінің мұғалімі – психолог. Бейнелеу өнері мен психологияны біріктірсек «Арт- терапия» пайда болады. Арт – терапия дегеніміз – баланы бейнелеу өнері арқылы емдеу. Оның көптеген түрлері бар. Мысалы, ойын терапиясы, бейнелеу терапиясы, ертегі терапиясы, құм терапиясы, т.б. Осылардың ішіндегі ең тиімдісі «Құм терапиясы».Өйткені оған белгілі бір жоспар құрмай-ақ, ойын алаңындағы құммен ойнап жүріп балаға таяқшамен топырақ бетіне немесе саусақпен сызып сурет сала алады. Мүсіндеуден ылғал құмды ыдыстарға салып түрлі пішіндерді жасай алады, тастар мен жапырақтардан құрастыру тәсілдерін өздері ойлап тауып жасай алады.Бұл терапия баланың ойының ашылуына, өзін еркін сезінуіне, балалармен тіл табысуына, табиғатты зерттеуіне көптеген көмек береді. Бала жаңа мәліметтерді тез ұғып алуға тырысады, талпынады. Баланың моторикасы жақсарады.
Мақсатым – бейнелеу өнері арқылы балалардың эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Бала кішкентайынан жарқын тартымды нәрсеге ұмтылады, мысалы, жылтырақ заттарды, әдемі гүлдерді қолымен ұстағысы келеді, қуанады. Ал педагог баланың бұл сезімдеріне эстетикалық баға беру қасиеттерін қалыптастырып, жетелеп отырады. Ол үшін жұмыс жоспарына сай бейімдеу бағыттары бар;
-бейнелеу өнерінің құралдарымен таныстыру;
-көркемөнер туындыларымен таныстыру, айналаны бақылау;
-іскерлік дағдыларын меңгерту;
Күтілетін нәтижеде педагог ретінде осы қойылған мақсаттар мен бағыттар толық меңгерілді, орындалды дей аламын, балалардың білімін зерттеу мониторингі арқылы бақылап отырамын.
Мен мамандығымды, жұмысымды жақсы көремін. №1 МДАГ мұғалімдерінен көптеген тәжірибе алдым. Алдыма қойған мақсатым орындалды деп ойлаймын.
№1 МДАГ балабақшасының бейнелеу өнерінің мұғалімі: Сахбалиева Айнұр
«Ветка сирени»
Образовательная область: Творчество
Организованная учебная деятельность: Рисование
Цель: научить детей рисовать по технике тычкование. Развивать творческое мышление, изобразительные способности, развивать наблюдательность, эстетический вкус.
Материалы: акварельная краска, ватная палочка, кисточка №3, емкость с водой, белый лист А-4, подствка для палочки, салфетка
Материалы для педагога: интерактивная доска, муляж сирени, образцы рисунков, слайды, видео
Билингвальный компонент: ветка – бұтақ, сирень – мамыргүл
Мотивационно – побудительный:
«Круг радости»
Здравствуй, солнце золотое!
Здравствуй, небо голубое!
Зравствуй, вольный ветерок!
Здравствуй, маленький дубок!
Мы живем в одном краю –
Всех я вас приветсвую.
«Сюрпризный момент». – К нам пришла девочка Мадина, просит нас помочь ей собрать сирень, но она незнает какой это цветок и откуда наидти. Педагог просит помочь детей девочке. Дети соглашаются.
Педагог предлагает детям смотреть на экран и обьясняет:
-
Сирень цветет весной в мае месяце. Его запах очень ароматный. Его лепестки состоит из многих мелких цветочков, составляет форму овала, листочки похожи на овал заостренным кончиком, напоминает форму сердечко. Сирень бывает белого, сиреневого, фиолетового цвета.
Вводит билингвальный компонент: ветка – бұтақ, сирень – мамыргүл
Дидактическая игра
Задача: в корзине лежат сирени белого, фиолетового, сиреневого цвета. На столе 3 пустые корзины. Выйти на каждую корзину по одному детей и собрать отдельно по цветам. 1 корзину сирень белого цвета, на 2 корзину сирень фиолетового цвета, на 3 корзину сирень сиреневого цвета.
2 игра
Задача: на экране природа, с помощью лупы дети должны найти сирени которые спрятались под кустарниками. Считают найденные сирени.
Организованно – поисковый:
Педагог показывает детям видео на экране, правила рисования методом тычки с помощью ватной палочкой и устно объясняет:
- макаем воду ватную палочку, набираем фиолетовый цвет акварельной краски, способом тычки придаем форму овала, внутреннюю часть рисуем тычкой. Смываем краску с палочки, положем на подставку, берем кисть, макаем воду, набираем на кончик кисти зеленый цвет, вниз рисуем тонкий стебель, с правой и слевой стороны рисуем листики овальные заостренным кончиком, внутреннюю часть раскрашиваем, смываем краску с кисточки и положем на подставку.
Закрепление темы:
Физминутка:
Видишь, бабочка летает (машут руками – крылышками)
На лугу цветы считает ( считаем пальцами)
-раз, два, три, четыре, пять (хлопки в ладоши )
Ох, считать не сосчитать! ( прыжки на месте )
За день, за два и за месяц ...( шагаем на месте )
Шесть , семь, восемь, девять, десять ( хлопки в ладоши )
Даже мудрая пчела ( машем руками – крылышками )
Сосчитать бы не смогла! (считаем пальчиком )
Самостоятельная работа детей
Рефлексивно – корригирующий:
Педагог спрашивает у детей что они рисовали, кто к ним пришла за помощъю, познакомились каким способом рисования, чем рисовали.
Дети дарят корзины с цветами Мадине и прощаются с ней.
Ожидаемый результат:
Знают: сведение о сирене
Имеют: навык рисовать методом тычки
Умеют: придавать форму цветка, придавать форму листочка, выбирать правильный цвет, соблюдать чистоту и аккуратность.
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген