Материалдар / Мамандығым-болашағым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандығым-болашағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп бітіруші түлектерге мамандық туралы ақпарат беру
Авторы:
11 Қараша 2024
59
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: Мамандығым-болашағым

Әр адам өз тағдырының иесі. Әр адам өзінің болашағын мектеп жасынан ойлауы қажет. Болашақты өзіміз құрайтынымызды бәрі біледі, ал мамандық таңдау – өміріміздің маңызды кезеңдерінің бірі. Біз оны таңдауға асықпауымыз қажет. Біз өзіміздің қабілеттерімізді, мінез-құлқымызды, күшті және әлсіз жақтарымызды ескеруіміз керек, ата-ананың, достардың кеңесін тыңдауымыз керек, бірақ біз өзімізге ұнайтын мамандықты таңдауымыз керек. Қалай үмітіңді алдамауға, мүмкіндікті жіберіп алмауға және болашақ мамандық таңдауда қателеспеуге болады, өйткені олардың саны өте көп?!

Қазіргі таңда жүздеген ғажайып мамандықтар бар. Жойылып бара жатқан мамандықтар, жаңадан пайда болған мамандықтар, тоқтаусыз жүріп жатқан мамандықтар деп бөліп алсақ болады. Қазіргі болжамға сүйенсек 57 мамандық жоғалып, 187 жаңа мамандық пайда болады деп болжам жасауда. Олардың кейбірі қазіргі заманға сай өзгеріске ұшырау үстінде. 2030 жылға дейін жойылатын мамандықтар тізімінде: есепші (бухгалтер), түзетуші (корректор), кітапханашы, мұрағатшы, турагенттіктер, заң кеңесшісі, банк кассирі, аудармашы секілді бірқатар мамандықтар көрсетілген. Аталған мамандықтардың жоғалу себебі оның орнын автоматталған технологиялар ауыстырады. Жаңа заманның жаңа мамандықтары да пайда болып жатыр. Ақпараттық техниканың дамыған уақытында ІТ саласының түрлі мамандықтары. веб-дизайнер, бағдарламашы, SEO-маманы, инженерлер, мобилограф тағы басқа мамандықтар. Ал, мұғалім, заңгер, дәрігер т.б мамандықтар тоқтаусыз жүріп жатыр. Бұл мамандықтардың мәртебесі елімізде көтеріліп жатқаны баршамызға аян. Және айта кететін болсам өзгеріске ұшырау үстінде тұрған мамандықтар дабар екен. Олар: журналист, кітапханашы т.б

Ендеше мектебімізге оралар болсам, биылғы 2024-2025 оқу жылында 19 түлек ұшқалы отыр. Әрбір оқушы өз таңдауын жасады. Бағыт-бағдар берілді. Оқушыларға Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматымен таныстырып, бейіндік пәндері жайлы ақпарат берілуде. Және ондағы мамандықтармен таныстырылды. Жоғары оқу орындары, ондағы мамандықтар мен шектік балдары туралы ақпарат берілуде.

Ата-аналармен байланыс жасалып, мектебімізде бейіндік пәндерден пән мұғалімдері ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүргізіп бастады. Өткен аптада байқау сынағы алынып, талдау жасалды. Ата- аналарымен таныстырылды. Мектебіміздің түлектерінен 5 -оқушы биология- география, 2- оқушы химия-биология, 1- оқушы қазақ тілі мен әдебиеті, 4-оқушы ағылшын тілі- дүние жүзі тарих, 2-оқушы дүние жүзі тарих- құқық негіздері , 2-оқушы физика-математика таңдаса, 3-оқушы шығармашылық таңдап отыр. Қорыта келе, Мамандық таңдау және жұмыс табу – әр адам өз өмір жолында басынан өтетін екі маңызды кезең. Ал болашақты жоспарлауды қазірден бастау өте маңызды, яғни мектеп оқушысы кезінен. Ал батылдық, өз ісіне деген сүйіспеншілік, еңбексүйгіштік сияқты тұлғаның маңызды қасиеттері адамға бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Мамандық дұрыс таңдай білу бұл сіздің жарқын болашағыңыздың кепілі. Сіз жәй ғана мамандық таңдаумен шектелмей, бұл саланың болашағы бар жоғына, сұранысқа ие екеніне көз жеткізгеніңіз жөн.

Алдағы уақытта мектеп түлектеріне тілейтінім сынақтардан сүрінбей өтіп, мемлекеттік грант иегері бола берсін. Мектебіміздің мәртебесін асқақтата беріңдер!!!

Педагог -кәсіби бағдар беруші: А.Утеева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!