«Мамандығым-мақтанышым»
Мен-Шртанғалиева
Күмісай Менің мамандығым-мектепке
дейінгі мекеме тәрбиешісі.Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандаған
едім.Осы арман мақсатпен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау мемілекеттік
колледжінің«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие»бөлімін бітірдім.Бұл
тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім ол өте қызықты мамандық.Сені
балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандайда бір жаңа нәрселер
күтеді ал мен болсам олардың өмірімен бірге өмір
сүремін.Тәрбиеші - ұстаз ол - саяаси
сауатты,заман ағымына сай жан-жақты білімді,бала жанын тани
білетін,онымен үндесе алатын психолог.Сонымен бірге оның бойында өз
ісіне деген құштарлық,балаға деген сүйіспеншілік болуы
керек.«Білгенім-бір тоғыз,білмегенім-тоқсан тоғыз» деп бекер
айтпаған.Сондықтан әр маман өз кәсібі негізінде үздіксіз
іздену,үнемі үирену жолында болу керек.
Тәрбиеші ол-ұстаз,ол-бапкер. Қазіргі
заман иесін тәрбиелеу,әлемдік білім деңгейінде көтерілу,өркениет
өріне шығу оңай іс емес.Тәрбиеші еңбегінің күрделілігі -әрбір
бүлдіршіннің жүрегіне жол таба білуінде.Бүгінгі тәрбиеші -жан
-жақты сауатты,ұлттық мәдениетімізбен салт-дәстүрімізді бойына
сіңірген,тарихын терең зерделей білетін рухани дүниесі бай,өзін де
өзгені де сыйлай білетін,қиялы ұшқыр жандар. Мен«Толғанайым»
тобындағы-4-5 жасар бүлдіршіндермен жұмыс жасаймын.Оқыту мен
тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі-патриоттық сезімді дамыту;
яғни ұлттық нышандарды тани білу,оларды қастерлей де құрметтей
білуге баулу.Сюжеттік-ертегілік ойындар арқылы балалардың сөздік
қорын байытып,өз ойларын тиянақты жеткізе білу,үйренген жаңа
сөздерін дұрыс қолдана білу,өзара қарым-қатынасқа түсе білу
дағдыларын қалыптастыру.Балаға білім беру,білім бере
отырып-тәрбиелеу әрбір тәрбиеші-ұстаздың басты міндеті де
борышы.Аяаулы да сүйікті ұстаз дәрежесіне жету,әр бүлдіршіннің
мәңгі есінде қалу ол оңай іс емес.Ол жылдар бойы төгілген тердің
нәтижесі. Ұлы Абай «Адам өмірге келгенде екі түрлі мінезбен келеді;
бірі-ішссем,жесем,екіншісі-білсем,көрсе. Біріншісі-тән
азығы,екіншісі-жан азығы.»Олай болса Ұлы данышпанның нені
меңзегенін дұрыс түсіне отырып ,бүгінгі бүлдіршін ертеңгі ел
болашағы екенін естен шығармайық.Қазіргі заман талабы-жаңартылған
білім негіздеріне негізделіп отыр.Ол-дамыта оқыту,даралап-деңгейлеп
оқыту,болжап оқыту.Олай болса аталған жүйе ұстаз атты жандардан
терең білімді,үлкен жауапкершілікті,шығармашылық пен зор еңбекті
талап етері сөзсіз.