Материалдар / Мамандығым мақтанышым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым туралы шағын ойтолғау. Өз мамандығымның жетістігін баспа беттерінде жариялау үшін жазылды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2022
460
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен мамандығыммен – мақтанамын

Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашы.

Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашының еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шындаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, парасатты кітапханашылардың орны да өзінше бір бөлек. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Біздің барлығымызға да ортақ міндет- әрбір оқушының өзінің керек кітабын тауып қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, өзіндік тұлғасын қалыптастыруына жағдай жасау. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшелінеді. Себебі, кітапханамызда күн сайын жаңалыққа толы сәттер, жаңа келген газеттер, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқушылар бізден керек кітаптарын алып қана қоймай, сонымен қатар өздеріне керекті кең мағлұматты кітапханашыдан алып жатады. Осылай кітапханамызда жұмыс күні жалғасып жатады.

Терең білім мен қатар сапалы тәрбие беру- әрбір парасатты кітапханашының абыройлы борышы. Осы борышты мен Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі болып 2017 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келемін. Мектебіміздің кітапханасы шағын болғанмен, атқаратын қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Кітапханада көптеген жұмыстар атқарылып жатады. Көптеген іс-шараларға көрмелер, стендтер және альбомдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды қабылдау, кітап қорымен жұмыс жасау, оларды оқырмандарға насихаттап таныстыру.

Мектеп кітапханашысы – ол педагогикалық іс-әрекетке тікелей қатысушы, ол – тәрбиеші, ол – ұстаз. Сондықтан да олжаңашылдық қызметке қабілетті, азаматтық жауапкершілігі мол, зиялы, рухани қасиеттерге бай тұлға болуы заңды. «Мектеп ктіпаханашысы – кітапхана қызметіне және оның қызметін жоспарлауға жауапты тұлға, ол – өз қызметін мектеп ұжымы мүшелерімен ынтымақтастықта жүзеге асырушы және көпшілік кітапханалармен және басқа мекемелермен қарым-қатынас орнатушы кәсіби тұрғыда дайындалған мектеп ұжымының мүшесі»,-деп түйінделген.

Иә, кітапхана – кітаптар мекені. Кітап – білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.

Мен кітапханашы болғаныма мақтанамын. Өйткені кітапханашы – мақтан тұтар мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – кітапханашы мамандығы.Олай дейтінім, осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңыдым. Менің түсінігімдегі кітапханашы – рухы таза, ой-өрісібиік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші.

Жаңа заман талабына ілесу – әр кітапханашының міндеті деп білемін. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені кітапхана болса, кітапханашы – тілімізді, дінімізді, рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық дер едім.

Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, өнер-білім бұлағы, оқу-тәрбие құралы.

Кітап – сегіз қырлы, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйретуші. Сендердің кітаптан үйренерлерің өте көп. Сондықтан кітапты көп оқу керек.

Кітап – алты қазына. Кітаптың өзі ескіргенмен, сөзі ескірмейді. Сондықтан кітапты қастерлеп, қадір тұтыңдар, оны биікке қойыңдар деймін!

Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп

Кітапхана меңгерушісі Ақбай Ұлдана Қалиқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!