Мамандығым-мақтанышым
“Дәрігерден де тәрбиешінің көп
болғаны артық.Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса,тәрбиеші
адамның ақылын,мінезін,жанын сауықтырады”
–Жүсіпбек
Аймауытов.
Адамды тәрбиелеу-демек оның
ертеңгі қуанышқа толы болатын келешек жолын тәрбиелеу.Біз
тәрбиешілер-баланың болашағына,тәрбиесіне жауапты жандармыз.Баланың
алғаш ірге тасын қалайтын,қанатын болашаққа дайындайтын
жандар-бізбіз.
Мен-Арипова Лазиза
Қаршибековна 1974 жылы 15 мамырда дүниеге келдім.Қазіргі таңда
тәрбиеші болып жүргеніме 12 жыл.12 жыл ішінде білмегенімді
біліп,білгеніммен бөлістім.Қызығы мен шыжығы қатар жүрген 12 жыл
ішінде тәрбиеші болғаныма еш өкінген емеспін.Бала-таңғажайып бір
әлем,сол әлемді тереңірек зерттеп,өзгелерге ұқсамайтын ерекше
қырларын аша білу-менің міндетім.Тәрбишінің жолын таңдау
себебеім-балалармен жұмыс жасап,олардың қуанышына себепкер болған
жаныма майдай жағады.Олардың өмірімен бірге өмір сүремін.Әрбір
орындалған тапсырмадан кейінгі балалардың жүздеріндегі күлкіні көру
арқылы өзімнің жұмыс істеп шаршағанымды ұмытып кетемін.Балалардың
қуанышы күш-жігерімді толықтырады,ары қарай да солардың қүлкісі
үшін жұмыс істей бергім келеді.Менің жұмысымның басты
мақсаты-балаларға дұрыс тәрбие беру,алғашқы фундаменттерінің дұрыс
қалануына үлес қосу,қадағалау.Баланың болашақта қандай болатыны
тікелей тәрбиешіге байланысты деп ойлаймын.Себебі,бала алғашқы өмір
танымын,білім қоржынын біз арқылы кеңейтеді.Фундамент дұрыс
қаланса,қабырғалары да тік болады.Бала тәрбиесімен айналысқан әрбір
педагогтың өзіндік өмірлік ұстанымы болуы керек.Менің өмірлік
ұстанымым-“тәрбиелі ұрпақ
тәрбиелегің келсе,өзің тәрбиелі
бол.”Мен өзім тәрбиелеп отырған
балалардың сәулетшісімін.Балаларымның болашақта қандай азамат болуы
маған байланысты.Мен балаларды құрметтеймін,балалар мені
құрметтейді.Ата-аналарда маған үлкен үміт артуда,балаларын маған
сеніп тасыруда.Тәрбиеші-педагог ретінде ең алдымен өзімнің үмітім
ақталуы тиіс.Өзімнің үмітімді ақтай алсам басқалардың да үмітін
ақтап,құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленемін деп ойлаймын.11 жыл
ішінде жеткен жетістіктерім де аз емес.Жұмысыма деген
сүйіспеншілігімнің жемісін көріп жүрмін.Әр мамандықтың өз қиындығы
бар.Тәрбиеші жұмысы күрделі де,қызықты,жауапты жұмыс.Балабақшаға
кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері,сыңғырлаған күлкілері
“Сәлеметсіздер ме,балалар?”д еген сөзіме берген балалардың
“Сәлеметсіз бе, апай” деген жауабы бір сергітіп,серпілдіріп
тастайды.Күнде таң ертең жұмысқа келгенде,балалармен бірге бболған
әрбір уақытым мен үшін қадірлі.Алдымда отырған жас
бүлдіршіндерімнің сүйкімді жүздерін көрсем,жаңа дүниені игеруге
дайын тұрған,шабытты да сұраулы жанарларын байқаймын.Балалардың әр
күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр.Әр баланың жаңа қырларын ашу
үшін шыдамдылық пен қажымас қайрат қажет.Әр үйдің еркелерін бір
арнаға тоғыстырып,олармен жұмыс жасау оңацға соқпайды.Бұған
қарамастан мен өз міндетімді қажетті деңгейде атқарып
жүрмін.
Балабақшадағы балалармен
жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам,ол-тәрбиеші.Педагогикалық
үрдістің тиімділігі-тәрбиешілердің өз ісін сапалы орындауымен
анықталады.Сондықтанда тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларды
оқыту,тәрбиелеу және дамыту әдістемелері жағынан білікті маман
болуы қажет.Тәрюиеші өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда
сауатты жүргізе білсе,онда практикада жүйелілік,бірізділік
қалыптасып,нәтижесі табысты болмақ.Тәрбиешінің өмірден алған
тәжірибесі,қабілеті,адамгершілігі,қарапайымдылығы мінез-құлқы
әрдайым жоғарғы деңгейде болуы тиіс.Тәрбиеші қандай қиын жағдай
болмасын,кедергілерге қарамастан балалармен тікелей тынымсыз қарым
қатынас жасайды.Тәрбиеші-жан жақты дамыған тұлға.Ол жаңа үрдісте
заманауи технологияларды енгізу арқылы ұйымдасқан оқу
қызметі,семинарлар,сайыс-байқауларды ұйымдастырып өкізуші,басқару
арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып
табылады.
Бала туғанда ақ қағаздай
туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң,қағаз бетіне солай
түседі.Бала тәрбиесі сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең,ол солай
тәрбиеленеді.Бала тәрбиесі адам өміріндегі ең маңызды фактор,бір
жерінен қате кетсең тұсаудан босатылған ат секілді өз бетімен шаба
жөнеледі.Халықта “Ағаш түзу өсуі үшін оған көшет кезінде көмекесуге
болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың” деп бекер
айтпаған болса керек.Отбасының да,балабақшаның да,мектептің де
мақсат-мүддесі бір-замант талабына сац ұрпақ тәрбиелеу.Тәрбиешінің
ең алғашқы міндеті-бала бойына ұлттық құндылықтар мен еліне,жеріне
деген сүйіспеншілікті сіңіру.
Тәрбиеші-жүрегі жақсылық пен
жаңалыққа болы тұлға.Сол бойындағы барлық білім мен
білікті,тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет.Тәрбиеші
тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға
айналады.Тәрбиеші-бұл әрдайым үлкен әріппен жазылуға тиіс мазмұнды
сөз деп ойлаймын.Өйткені,біз елдің ертеңгі азаматтарын
тәрбиелеудеміз.Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып,балабақшамдағы
тәрбиеленеушілердің заман талабына сай білімдерін
жетілдіріп,шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолымнан келгенше
тырысамын.Елімнің арқасы асқақ,мереці үстем болуына азда болсын
үлесімді қосып жатсам,ол мен үшін үлкен
абырой!!!