"Мамандығым мақтанышым"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандығым мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру орнындағы тәрбиеші мамандары үшін арналған мамандық туралы мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым мақтанышым (ЭССЕ)


Мамандық – бұл  әрбір  адамның  сүйіп,  әрі  қуана  атқаратын   ісі,  оның ертеңгі   болашағы.  Әр  адам  мамандығын  өзі  таңдауы   және  оған  құрметпен  қарауы  керек. Себебі  мамандық  таңдау  үлкен  жауапкершілікті  қажет  етеді.  Болашақта  үлкен   мамандық  иесі  болатынын  армандамайтын адам  болмайды. Осы бір  сұрақ  өмірге келіп,  сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір  кездері мен де осы бір сұрақтың  жетегінде көп ойланып, қиялдап,  өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім.  

Білекке  сенер заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда – қапы қалып  жүрмелік» 

- дегендей,  XXI ғасыр мықты мамандар  ғасыры.  Жақсы маман болу үшін  не  қажет? Ең  алдымен  терең білім,  еңбек, дәлдік,  ұқыптылық,  қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік қажет. Қазіргі таңда мен тәрбиеші қызметін атқарып жүрмін.

Ұлы Абай Құнанбаев «Адамның ерекше қасиеттері — ақыл-ой, сана-сезім, ішкі жан дүниесі жоғары, кәсіби-дәрежелі, шығармашыл ұстаздан қалыптасады» деп тегін айтпаған. Сондықтан, баланың бойындағы ерекше қасиетті, шығармашылық қабілетті ашу — тәрбиешіге жүктелер жауапты міндет.

Менің түсінігімше, тәрбиеші тәрбие жұмысына үнемі атсалысып, балаларға қамқор болып жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жан. Тәрбиеші балалардың ортасында жүріп, олардың мінез-құлқын біліп, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізеді. Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс.

Балалармен жұмыс жасау үшін тәрбиешіден көп күш пен қуатты талап етеді. Сондықтан, ұжымда қайырымдылық, сыпайылық, бір- біріне құрметпен қарау маңызды. Балабақшада бала тілінің дұрыс дамуына аса назар аударған жөн. Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ т.б. арқылы тәрбиелеп отырған. Тәрбие басы, біріншіден әдептілікке үйретуден бастаған. Екіншіден баланы қайырымды, мейірімді болуға баулыған. Үшіншіден тілалғыш, шыншыл, ата-ананы, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге, сонымен қатар ел қорғаған батыр болып, халық алдында қызмет етуге тәрбиелеген. Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады.
Елімнің  биік  болашағы. Сауатты  ұрпақ. Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта  елім  үшін,  мен үшін еңбек ететін болады.   Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс таңдағаныма  сенімдімін!  Менің өмірдегі бақытым – жүрек  қалауымен 
тәрбиеші  болу.   Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. 

Педагог болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам өскелен ұрпақтың бағыт-бағдарын жасаушы, жол көрсетушісі. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірдегі үлкен мақсаттарға жету жолдарын іздеп, талапшылдықпен,  алға қарай ұмтылатын болса – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні.  Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны  мақтаныш  сезіммен  айта аламын. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық — менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2024
232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі