«Менің мамандығым –тәрбиеші!»
Әлемде
мыңдаған мамандық түрлері бар,әрине, бәрі де керекті, әрі
маңызды.Бірақ,әр адам өз таңдауын жасап,өзі қалаған,жүрегіне
жақынын таңдайды.Мамандық таңдау -әр жанның өмірде жасайтын маңызды
қадамдарының бірі.Мамандығын сәтті таңдаған адамның - өмір жолы да
–қуанышқа толы,қызықты өтетіндей!
Менің
мамандығым-тәрбиеші.Менің мамандығым-өмірде болып жататын түрлі
мәселелерді,қиыншылықтарды ұмыттырады және өзімді қуатты, дені сау
сонымен бірге ертегідей ғажайып балалық шақта жүргендей
сезіндіреді...
Балабақшаның өзі –ғажайып бір әлем!Оны мекендеушілер- жаны
кіршіксіз таза бұлақтай- сүйкімді бүлдіршіндер! Ең адал,
мейірімді,сенгіш бала жаны- сені әрдайым олармен қарым-қатынас
жасауға тартады.Балалармен жұмыс жасағанда уақыттың қалай зымырап
өтіп кеткенін байқамай қаласың.Балабақшада істеген жылдар ішінде
ешқашан осы мамандықты таңдағаныма өкінген емеспін.Өзін әр балаға
арнау, оларды түсіну, олармен қарым-қатынас жасағанына
қуану,олардың әр бірі жеке тұлға екеніне сену –ұстаз үшін
маңызды.Әр таңда,мен өз тәрбиеленушілеріме асығамын.Олар да өз
ретінде, ата-аналарымен салған суреттерін көрсетеді,демалыс
күндерінің қалай өткендігімен бөліседі.Мен де балақайлардың күнінің
–таным көкжиектері кеңейіп,қызықты өтуіне ықпал етемін.Балалармен
күні бойына ас ішу мәдениетінен,жеке бас тазалығынан бастап,түрлі
пайдалы істерімен айналысып,ертегі сахналаумен,түрлі
сюжеттік-рөлдік,қимылды, дидактикалық ойындармен қызықты уақытын
өткізіп,үйге қайтарда топты жинастырып кетуге
,тиянақтылыққа,тазалыққа баулимын.
Менің ойымша, өзін ұстаз
санайтын әр адам- әр балаға жеке тұлға ретінде қарап,олардың
жүрегінің кілтін таба білу керек.Оларды алдау мүмкін емес.Олар
әрдайым бәрін көріп қояды.Сен оған махаббатыңмен, шын ықыласыңмен
қарайсың ба,әлде керсінше ме?Бірден ұғады.Және өзіңе де дәл солай
жауап береді.Менің мамандығым- өзіңді балалар әлеміндегідей
сезіндіреді.Өз ісіңнің ғажаптығын- балалар сенің әр сөзіңді қағып
алып,не айтарыңды көздеріңнен ұғып отырғанда сезінесің.Олардың көз
қарасынан -өзіңнің оларға керектігіңді, олар үшін «тау тұлға»
екеніңді сезініп,бар ықыласыңды, жүрегіңнің жылуын еріксіз
сыйлайсың...Сенсеңіз, бұл қарым-қатынас мен үшін рахат бір сезім
сыйлайды.
Мен -өз
мамандығымды жақсы көремін! Менің жұмысым – әрдайым ішкі түйсігіме
сүйенуді,тапқырлықты,жан-жақтылықты,шығармашылықты талап
етеді.Тәрбиеші жұмысының ең маңызды тұсы- баланы жан-тәнімен сүйе
білуде, жәй ғана сүю және әр балаға сенім білдіру.Оларға тек
тәрбиеші ғана болып қоймай ,дос бола білу.Өзімнің ойға алған
ісімді,сезімімді,ойымды балаларға жеткізуге тырысам.Әрбір тәрбиеші
–іштей өз тұлғасын қалыптастырып, сонысымен балаға рух беруі керек
деп ойлаймын!
Тәрбиешілік жұмысымды бастағанымда, көптеген тұлға ретінде
қалыптасқан, үлгілі,тәжірибелі ұстаздармен бір ұжымда жасап,олардың
іс-әрекетінен,кәсіби шеберлігінен, ұстанымдарынан,өз істеріне деген
сүйіспеншілігін көріп,ол жандардан үлгі-өнеге ала жүріп,өзім де
рухани өсіп,мамандығымның қыр-сырын ұғындым.Халқымыз : «Жақсының
жақсылығын айт,нұры тасысын!» дегендей,атап айтар болсам: «Рауан»
жеке тұлғаны дамыту орталығының білікті ұстаздары: Абжанова Набира
Турсыновна,Галина Антоновна,Надежда Николаевна,Тутаева Курманбике
Маулешовна. Жастарға берер тәлімі мол бұл жандарға алғыстан басқа
айтарым жоқ.Өмір ағымымен жұмыс орнымды ауыстырсам да,сүйікті
ұстаздарымды сағына еске аламын!
«Білгенім біреу,білмегенім –тоқсан тоғыз» дегендей,
тәрбиеші мамандығы үнемі ізденісті,өсуді талап етеді.Қазір ақпарат
заманы, түрлі бүкіл әлем қолданып жатқан мектепке дейінгі
ұйымдардағы жаңа технологияларды естіп, көріп жатамыз.Өз
тәжірибемізде де қолданамыз.Осы тұста осы әдістерге
шығармашылығымызды,кәсіби шеберлігімізді қосып,түрлендіре білсек
нұр үсітіне нұр болмақ! Меніңше, әр тәрбиеші- әрқашан
шығармашылықпен жұмыс жасауы,заман талабына сай өз іс-тәжірибесінде
жаңа технологияларды қолданып,әрдайым қуатты,жаны жас,жайсаң болып,
әр балаға жылылық сыйлап,жағдай жасап,темірдей төзім мен шыдам иесі
болу керек.Сонымен бірге,киген киімі жинақы, іс-әрекеті
жарасымды,үні жылуға, көзі мейірімге толы болуы керек.Сонда ғана
балабақша : «бақытты балалық шақ алаңына» айнала алады.
Мен тәрбиеленушілеріме өз
балаларымдай қараймын.Қандай да бір жағдай туындай қалса өз балам
көз алдыма келеді.Өз жұмысымда балаларды жалықтырып алудан қатты
қорқамын,сондықтан осы жолда барымды салып еңбек етемін!Бар
білгенімді үйретемін.
Өйткені,
олар үшін – ақылшы да, қамқоршы да тіпті екінші аналары да өзім
екенін сезінемін.
Бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі
Отанымыздың болашағы! Ал,білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған ұрпақ
– еліміздің жарқын болашағының кепілі.Сол себепті, мен өз
кезегімде, тамшыдай болса да өз үлесімді қосуға тырысамын және бұл
ісіме зор мақтанышпен қараймын!