400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Мамандығым мақтанышым”

Материал туралы қысқаша түсінік
“Мамандығым мақтанышым”
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақпан айында 6-сынып оқушыларын Ақжайық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады. Музей экскурсоводы Юлия Нұрланқызы оқушыларға түрлі экспонаттарды көрсетіп, олардың тарихымен таныстырды. Сонымен қатар оқушылар өздерінің ойларында жүрген сұрақтарды қойып, өлкеміздің тарихы туралы маңызды мәліметтермен білімдерін толықтырды.

https://www.facebook.com/share/p/18hQcDF5wM/?mibextid=wwXIfr

Ақпан айының 3-ші күні 5- сынып оқушыларын Ақжайық ауданындағы “Тұмарша” тігін ательесіне экскурсия жасады. Ателье маманы Ақтоты Мұратқызы оқушыларымызды әртүрлі ұлттық бұйымдармен, олардың жасалу жолдарымен таныстырды. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, тұшымды жауаптармен қанағаттанды.

https://www.facebook.com/share/p/1Y2Uw7ZfvR/?mibextid=wwXIfr

Ақпан айында “Мамандығым мақтанышым” тақырыбында 9 сынып оқушыларының қатысуымен мамандармен кездесу өткізілді. Шараға Ақжайық аудандық мәслихат депутаты, медиатор Бисеғалиев Құрман Жанұзақұлы, Ақжайық Аграрлық Техникалық Колледжінің арнайы пәндер оқытушысы (“Аспазшы” мамандығы бойынша) Жумагалиева Гүлзипа Казиханқызы, Ақжайық Аграрлық Техникалық Колледжінің арнайы пәндер оқытушысы (“Есептеуіш техника және ақпараттық желілер” мамандығы бойынша) Елешов Сәтжан Нұржанұлы, Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, қарауыл бастығы, лейтенант Жигербаев Ернар Азаматович және Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, құтқару жасағының бастығы Журасов Алдан Жомартович келді. Кездесу кезінде мамандық туралы бейнероликтер көрсетілді. Мамандар өз салалары бойынша таныстырып, колледжіге оқуға түсуге шақырды. Оқушылар келген қонақтарға сұрақтарды қойып, қажетті мәліметтер алды. Құрман Жанұзақұлы оқушыларымызға оқуларын жақсы аяқтап, қалаған мамандықтары бойынша оқуларын жалғастыруларына шын жүректен тілектестігін білдірді.

https://www.facebook.com/share/p/15yzeJBpfx/?mibextid=wwXIfr


Ақпан айында Бастауыш сыныптар апталығының аясында “Мамандықтар мейрамы” тақырыбы ұйымдастырылды. Шараға 3, 4 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы бастауыш сыныптан басталады. Себебі, бастауыш сынып оқушыларын да “Өскенде мен кім боламын”, “Қандай мамандық иесі атанамын” деген сұрақтар мазалайды. Оқушылар әртүрлі мамандық иелері болып арнайы киімдер киіп, рольдерді сомдады. Шараның соңында оқушылар мектептің Алғыс хатымен марапатталды.

https://www.facebook.com/share/15psffCFbx/?mibextid=wwXIfr

6 ақпан күні Ақжайық ауданының Білім бөлімінің ұйымдастыруымен, Ақжайық аудандық Туризм орталығының қолдауымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Орал қаласындағы Маншүк Мәметова атындағы және “Өлкетану” мұражайларына М.Әуезов атындағы ОЖББ мектебінің 9 сынып оқушылары экскурсияға барды. Бұл экскурсия оқушыларымызға көптеген маңызды мәліметтермен танысуларына мүмкіндік берді. Оқушыларымыз мұражай жетекшілеріне сұрақтар қойып, мағыналы жауаптарға қанықты. Оларға бұл экскурсия ұнады.

https://www.facebook.com/share/v/1633XwTr29/?mibextid=wwXIfr

А қпан айында мектебіміздің 10 сынып оқушылары Ақжайық ауданы ТЖБ N10 Өрт сөндіру бөліміне ашық есік күніне орай экскурсия жасады. Ақжайық ауданы ТЖБ N10 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Бекказиев Аслан Рахметуллиевич пен Қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Муканов Рафхат Амангелдиевич оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын техникалармен, құралдармен таныстырды. Оқушыларға жадынамалар таратып, оқуға түсуге шақырды. Осы қызметке қызығушылығы жоғары оқушылардың өз қатарларына қосылатындарына сенім білдірді.




https://www.facebook.com/share/p/12CmeAz5Juv/?mibextid=wwXIfr


Ақпан айында 2025 жылы - Жұмысшылар мамандықтар жылына орай Ақжайық Аграрлық техникалық колледжінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өткізілді. Мектебіміздің 9 сынып оқушылары “Аспаз” мамандығы бойынша шараны тамашалады. Мектебіміздің оқушылары да практикалық сабаққа қатысып, өз білімдерін көрсетті. Соңынан оқушылар колледж мамандарына өздерінің ойларында жүрген сұрақтарды қойып, тұшымды жауаптар алды.

https://www.facebook.com/share/161qURDk9s/?mibextid=wwXIfr




Shape1 Shape2





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2025
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі