400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған эссе іздеген желі қолдаушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Семей қаласы

М.О.Әуезов атындағы

педагогикалық колледжі

ІV курс студенті

Зейнолинна Ұлжан


Мамандығым – мақтанышым!

(эссе)

Мен бастауыш сынып кезінде қиялшыл – ғажайып дүниелерді көп ойлайтынмын. Бір күні әдебиеттік оқу пәнінде Ыбырай Алтынсариннің Иван Крыловтан аударған «Қарға мен түлкі» мысалымен таныстық. Ыбырай атамызды педагог, ағартушы, жазушы ретінде ғана емес аудармашы ретінде де тағы бір таныдық. Уйге барып, атамыздың тағы да басқа аударған мысалдарын оқи бастадым. Кешкісін сол мысалдарды оқып отырып, тәтті әрі терең ұйқыға батып кетіппін.

Түс көрдім. Түсімде Ыбырай ата 1887 жылы ашқан Ырғыздағы қыздар мектебінде оқып жүр екенмін. Ұстазымыз - Ыбырай Алтынсарин. Бізге бар білгенін үйретіп, бізді өзінің бар білімімен таныстыру үстінде. Арасында өзінің шығармаларын бізге оқытып, терең білім алуымызға жағдай жасауда. Бір күні ұстазымыз бізге өз армандарыңды жазыңдар деген тапсырма берді. Мен Ыбырай Алтынсарин ұстазым сияқты көрнекті ұстаз, ағартушы болғым келетін жазып, армандай бастадым. Бір сәт ол кісінің аудармашы болғаны да ойыма түсті. Менде болашақ өміріме қойылған тағы бір мақсат пайда болды. Ол: «Мен өз халқыма жанашыр азаматша боламын. Өзге халықтың қолы жеткен табыстарын көбірек біліп, білген үстіне біле түссем деген құмарлықпен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем, өзге халық шығармаларын өз тіліме аударсам»,- деген арман, мақсат болатын. Ұстазым менің жазған шығармамды оқыған кезде өте риза болды. Сол сәтте ол кісі маған: «Ұстаздан шәкірт озады. Сенен талабы биік ұстаз шығады. Сенің арманың міндетті түрде орындалады, тек арманыңа жету жолында ешқашан жасыма»,- деген болатын. Сол сәт кенеттен оянып кетсем қолымда Ыбырай атамның кітабы. Тәтті ұйқы үстінде көрген түсіме риза болып, Ыбырай атамның айтқан сөздерін маған айтылған өсиет, аян ретінде қабылдап, өз – өзіме сол арманыма жетемін деген серт бердім. Сол бір әдемі түстен кейін өз өзіме үлкен міндет қойдым. Ол: «Мен қайтсемде ұлағатты ұстаз боламын». Сол бастауыш кезінде көрген түсім және алдыма қойған мақсатым қазіргі уақытта орындалу үстінде.

Қазіргі күнде мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде 4 курс студентімін. Мамандығым «Негізгі мектептің шет тілі мұғалімі». Бұл мамандық – өте қызықты. Және де бұл мамандықта өз ісінің білгір мамандары тапшылық тудыруда. Осы тапшылықты жою мақсатында, осы мамандықты таңдап, өзімнің кішкене де үлесімді қосқым келеді. Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандығымды дұрыс таңдағаныма сенемін.

Мен 18 жастамын. Арманымның оңайлықпен орындалмайтынын да сезіп, білем. Алайда мен еліміздің, біздей ел жалғасы өскелең ұрпақ үшін құрбан болған Қайрат Рысқұлбековтың мына сөзін жадымнан еш шығармаспын: «…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да, қойып кет, белді шеш те, кешіп өт…».

Аз қалды, бұйырса Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаева аталарымдай көрнекті ұстаз, аудармашы боламын. Армандар орындалады, мақсатың айқын болса!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
329
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі