Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мамандығым-мақтанышым" жас мамандар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Мамандығым - мақтанышым»

жас мамандар сайысы.

Барысы:
жүргізуші: 
Қош келдіңіз құрметті көрермендер!
Әрдайым қуанышқа кенелгендер
Бастайық кешімізді рұқсат болса
Бәріңіз тамашалап көріңіздер

Ұстаздар тапжылмайтын еңбеккерлер
Жемісті жерге екпеген елге еккендер
Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп
Зердесін болашақтың зерлеткендер

дей келе барша ұстаздар қауымы, сіздерді 5 қазан-«Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз.  Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз-ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да табынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған. Ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған «Мамандығым мақтанышым» атты жас мамндар сайысына қош келдіңіздер!


Ұстаздар ұлағатты зиялылар
Сендерде ғалымдардың қиялы бар
Сайысуға келіп тұр жас ұстаздар
Қошеметпен қол соғып қарсы алыңдар дей келе бүгінгі сайысымыздың талапкерлерін ортаға шақырайық.

жүргізуші: 
Жас мамандар еңбектеніп талмаған 
Сара жолмен алға өрлеп самғаған
Алдарыңа Әуез Мөлдір келіп тұр
Талаптарын ізденіспен жалғаған

жүргізуші: 
Алғыр ой, терең білім сезім тұнған
Жас мамандар келіп тұр арман қуған
Қол соғып қарсы алайық Мырзалиева Айжанды
Бәйгеде озамын деп келіп тұрған
жүргізуші: 
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып
Көрейік ұстаздарды жарыстырып

Ақжарқын мінезімен ортаңызға

Бақ сынап жеттіміне Гүлфарида

Спортты ермек етіп таңдапты,

Сергіту мен жүгіртуден нәр татты.

Амангелді Гүлдананың мақсаты,

Спортшы қылмақ балаларды салмақты.

Талапкерлер өз орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймын.

жүргізуші: 
Кешімізді бастамас бұрын байқауымыздың негізгі арқауы болып, жас ұстаздарға баға беру үшін осында келіп отырған әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар

Балабақшамыздың меңгерушісі: Машенбаева Алия Қуатбайқызы

Балабақшамыздың Әдіскері : Ерсайын Мөлдір Болатқызы

Балабақшамыздың музыка жетекшісі: Сүлейменова Самиға

Қол соғып қошемет білдіріп қояйық!

Талапкерлеріміздің бағасы сайыс соңында бағаланып, мақтау қағазымен марапатталады .


Ал енді жарыстың барысымен таныстырып өтейін

  1. кезең таныстыру (3 мин)

  2. Панорамалық сабақ «Менің педагогикалық қызметім» деп аталады. (Ұзақтығы 10 мин)

  3. өз өнері (5мин)

  4. Ситуациялық сұрақ (Ойлануға 2 мин)

Сайысымызды бастамас бұрын әр талапкер өз реттік номерін экрандағы ұяшықтар арқылы таңдауларын сұраймыз.

Талапкерлер дайын болғанша балабақшамыздың бүлдіршіндерінің орындауындағы «менің әнім тамаша» атты балалар хорын қабыл алыңыздар

1-кезең

Бүгінде озық – дәстүр, салт-сананы
Берік ұстап, сүйетін от панасын.
Ұстаздар кетсін өзін таныстырып.
Қуантып жолдас-жора, құрдастарын.- деп сайысымыздың бірінші шарты, ата салтымыздан қалыптасып қалған «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.
- Визиттік карточка (хобби) ұзақтығы 3 минут.

2 - кезең
Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп сайысымыздың келесі кезеңі «Панорамалық сабақ» және «Менің педагогикалық қызметім» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді көрсетеді және өзінің педагогикалық қызметін қорғайды.


3- кезең

Біз білмеген, көрмеген,
        Бар екен қандай өнерің.
        Тамашалайық, қане, баста,
        Өнеріңді  таныт, отырған  мына халқыңа! 3- кезең өз өнері Талапкерлерімізді реттік номерлері бойынша өз өнерлерін көрсетуге ортаға шақырамыз.

4- кезең
Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
– дей келе сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
(Сайыскерлер интерактивті тақтадан қажетті нөмірді таңдап, таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 2 минут.)

Талапкерлер берілген тақырыптарға өз ойларын береді.


Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Халайық, қаттырақ қол соғыңдаршы
Көңілді сәтте келіп қапты.


Жарыс деген қобалжытар көңілді
Биіктерге өрлеп биік келесің.
Бұл сайыста жеңілерсің, жеңерсің
Басты міндет сабақ алу, үлгі етіп.

Дей келе жеңімпазды анықтау, мадақтау, құттықтау.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі

Сіздердің құрметтеріңізге балабақша бүлдіршіндері «көңілді гномдар» биін билейді

Қорыту. Әділқазылар сөзі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.05.2018
3639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12