Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мамандығым мақтанышым" тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 04. 02. 2019 ж.
Сыныбы: 6 «А»
Тәбие сағат тақырыбы: Мамандығым мақтанышым
Тәбие сағат мақсаты: оқушы бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілік қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.
Көрнекіліктері: шарлар, суреттер
Барысы:
-
Кіріспе сөз.
1-жүргізуші
Кеш жарық, құрметті ұстаздар, оқушалар, студент жастар! Баршаңызда бүгінгі «Мамандығым мақтанышым» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақтар «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі-жар таңдағанда, екіншісі-мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.
2-жүргізуші
«Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
1-жүргізуші
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше түрлі мамандықтар келді.
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын біз қонақтарымызды таныстыра кетсек:
-
Директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары:
-
Мектеп психологі:
-
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы:
-
«Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны
Мұғалім бір мамандықты айтады, оқушылар өздерінің ішінен сол мамандыққа кім көбірек үйлесетінін, және не себепті сол оқушыны таңдағандарын айтуы керек.
Дәрігер, мұғалім, ветеринар дәрігер
-
« Менен сұрақ, сенен жауап»
Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
Сен ол мамандық туралы не білесің?
Бұл мамандық таңдауыңның себебі неде?
1-жүргізуші
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі.
2-жүргізуші
Мамандық таңдаудың екі әдіс-тәсілдері бар:
Бірінші әдісі – сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын сыйлайды. Бұған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін.
1-жүргізуші
Екінші әдісі – қандай мамандық таңдаса да, әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану өзінің қызығушылығын, қабілетін ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу.
Тағы бір үшінші жол бар: ол өзінің ата-анаңның немесе бабаларының мамандығын таңдау. Мұндай жағдайда егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады. Бірақ ең бастысы – адамның өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ.
2-жүргізуші
Ендігі кезекті оқушыларымыздың еңбектену, талаптану жөніндегі өлең шумақтарына берсек.
Ортада:
-
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң әр қалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан.
-
Адамдық – борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан таймай,
Ар сақта оны біл.
-
Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес,
Неше мың жыл өтсе де, тарих білмек.
-
Жағдаяттық сұрақтар
Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен не істер едің?
Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
-
«Тізбекті үзбе» ойыны
Қатысушының бірі мамандықты айтады, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты айтады.
Мысалы: мұғалім-механик-кондитер
1-жүргізуші
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Осы тұста құрметті қонағымыз Әбдазиева Гүлзат апайымызға сұрақ:
Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
2-жүргізуші
Келесі сұрағымыз мектеп психологі апайға сұрақ:
Жақсы маман иесі болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу қажет?
Және де соңғы сұрақ қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы апайымызға:
Осы мамандығыңызды таңдағаннан кейін «әттеген-ай» деген шақтарыңыз болды ма?
-
Қорытынды.
1-жүргізуші
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
2-жүргізуші
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтінадамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауға тілектеспіз. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың қадірлі қонағы, көрермені болғандарыңыз үшін көп-көп рақмет! Қош, сау болыңыздар!
Күні: 04. 02. 2019 ж.
Сыныбы: 6 «А»
Тәбие сағат тақырыбы: Мамандығым мақтанышым
Тәбие сағат мақсаты: оқушы бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілік қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.
Көрнекіліктері: шарлар, суреттер, карточкалар
Барысы:
Жүргізуші:
«Сәлем сөздің анасы, сәлем берер әр қазақтың баласы» - демекші, балалар қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Балалар: Білгір қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Қонаққа келіп отырған,
Апайларды қарашы.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Кеш жарық, құрметті ұстаздар, оқушалар, студент жастар! Баршаңызда бүгінгі «Мамандығым мақтанышым» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақтар «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі-жар таңдағанда, екіншісі-мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын біз қонақтарымызды таныстыра кетсек:
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Мамандығым мақтанышым» атты сайыс сабақ түрінде өткіземіз. Ал енді біз қонақтарды топтармен таныстырайық. I – топ «Алғырлар» тобы II – топ «Талапкер» тобы III – топ «Жеңіс» тобы Топтар бір-бірімен сәлемдеседі.
I – топ «Алғырлар» тобы - Алғырлардан Талапкерлерге жалынды сәлем! II – топ «Талапкер» тобы - Талапкерлерден Жеңіске ыстық сәлем! III – топ «Жеңіс» тобы - Жеңістерден Алғырларға жалынды сәлем!
-
Жүргізуші: Рақмет оқушылар! Ал, енді біздің бігінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. I. Кезең: «Таныстыру» II. Кезең: «Тізбекті үзбе» ойыны III. Кезең: «Кім жылдам» ойыны IV. Кезең: «Жорға» ойыны
-
Кезең: «Таныстыру»
Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген, жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы,
Барлығының қатты іститін миы бар! – дей келе сайыскерлеріміз өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер. - Әр топ өздерін таныстырапды.
I – топ «Алғырлар» тобы
Ұранымыз:
Озамыз алға,
Қапы қалма!
II – топ «Талапкер» тобы
Ұранымыз:
Талаптанып алға,
Жетеміз биік шыңға!
III – топ «Жеңіс» тобы
Ұранымыз:
Ойымыз биікте,
Жетеміз жеңіске!
-
Кезең: «Тізбекті үзбе» ойыны
Ең алдымен әр топ кезек-кезек ортаға шығып, тізбектеліп тұрады. Қатысушының бірі мамандықты айтады, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты айтады. Мысалы: мұғалім-механик-кондитер. Қай топ тізбекті үзбей соңына дейін жетсе, сол топтың ұпай саны көбейеді.
-
Кезең: «Кім жылдам» ойыны
Әр топқа белгілі бір мамандық түрлері жазылған парақ беріледі. Оқушылар сол мамандықтардың орысша және ағылшынша аудармаларын тауып, жазады.
-
Кезең: «Жорға» ойыны
Үш топтан бір-бір оқушы шығып, ортадағы тапсырманы орындайды. Тапсырмада мамандық иелері және оларға қатысты заттар шатастырып берілген, оқушылар соларды жылдамдатып сәйкестендіру қажет.
Жүргізуші:
Ал оқушылар, құрметті қонақтар! Біздің сайыс сабағымыз бүгін өз мәресіне жетіп қалды. Енді біз қонақтарымыздың ақылдасуымен қай топ жеңіске жеткендігін білейік. Қонақтарымыз ақылдасып болғанша, келесі кезекті оқушыларымыздың еңбектену, талаптану жөніндегі өлең шумақтарына берсек.
-
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң әр қалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан.
-
Адамдық – борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан таймай,
Ар сақта оны біл.
-
Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес,
Неше мың жыл өтсе де, тарих білмек.
Рақмет оқушылар! Ал, енді сөз кезегін қонақтарымызға берсек. I – орын
II – орын
III – топ
Құттықтаймыз оқушылар! Бүгінгі сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті!
Көңіл бөлген көрермендер, сау болыңыздар қадірлі,
Анықталды жеңімпаз боп нағыз білгір кәдімгі.