Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мамандық. Дәрігер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер мен жас мамандарға көмек болар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным».

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Мамандық. Дәрігер»

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру.

Дамытушылығы: Ойын барысында қарапайым сөйлем құрап, оны түсініп, қайталай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелілігі: Дәрігердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: баланы қарап жатқан дәрігердің суреті, дәрігерге қажетті құралдар, дәрігер киімін киген қуыршақ, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: мамандық

Билингвальді компонент: дәрігер- доктор


Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс- әрекеті

Балалардың

іс- әрекеттері


Мотивациялық

қозғаушы


Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер жасап тұрып, бір- біріне тілектер айтады.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар әлемді құрметтеп,

Бас иеміз біз.



Балалар өлеңді қимыл- қозғалыспен қайталайды.


Іздену

ұйымдастырушы


-Балалар, ауырғанда дәрі беретін, емдейтін апайлар мен ағайларды дәрігер деп атайды. Дәрігер мамандыққа жатады.

Сөздік жұмыс: мамандық

Билингвальді компонент: дәрігер- доктор

Мамандықтар әртүрлі болып келеді. Жүргізуші көлік жүргізеді. Мұғалім бала оқытады. Мамандық иесі болу үшін көп оқып, білімді болу керек.


Ғажайып сәт:

-Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты. Кәне, кім екенін көрейік.

Балабақшаның медбике апайы Әлия кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Бүгін мен сендерге дәрігер мамандығының жұмысын көрсетіп, дәрігерге қажетті құралдармен таныстырамын. Бұл қораптың ішінде дәрігерге қажетті құралдар бар. Бұл құралмен ауырған адамның өкпесін тыңдаймыз. (әр құралға жеке- жеке тоқталып көрсетеді, балаларды тыңдап қарайды) Ал бұл құралмен қызу өлшейміз. Тамағын қараймыз. Егер ауырған болса мынадай дәрілер беріп, екпе жасаймыз.

-Ал, балалар, мен қайтайын, келесі топтардың балаларын да қарап келейін.

-Балалар, кейде сендер үйде ауырып қалсаңдар аналарың дәрігерді үйге шақырады. Сонда олар үйге қандай машинамен келеді?

-Дұрыс, «Жедел жәрдем» машинасымен келеді екен.

-Балалар, тыңдаңдаршы, қандай машинаның даусы?

-Дұрыс, «Жедел жәрдем» машинасының даусы екен.


Сергіту сәті:

Кәне, «Ү- п» деп айтайық,

Демді ішке тартайық,

Енді «У- х» деп айтайық

Демді шығара қайтарып


Үлестірмелі материалмен жұмыс:

«Дәрігерге баратын жолды сызып көрсет»



Балаларға ой тастау.


Тәрбиешінің көмегімен айтып береді.












Қызығушылықпен қарайды.




-Сәлеметсіз бе!






Қораптың ішіндегі құралдарды балалар қайталап айтады, ұстап көреді.














-Жедел жәрдем




-Жедел жәрдем машинасының даусы.




Бірге тыныс алу жаттығуларын жасайды.





Тәрбиешімен бірге тапсырманы орындайды.


Рефлексті

коррекциялаушы


Сұрақ- жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау

-Ауырып қалған жағдайда кімге бару қажет?

-Суретте дәрігер не істеп отыр?

-Емдеу үшін не істейді?


Оқу қызметіне жақсы қатысып отырған балаларды мадақтау.



Балалар жауап беруге тырысады, бір- бірінің жауаптарын толықтырады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Дәрігердің адамды емдейтінін

Нені игереді: Дәрігерге қажетті құралдармен танысып, қарапайым сөйлем құрай білу дағдыларын

Нені біледі: Дәрігер мамандығы туралы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2018
6841
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12