Мамандық-сенің айнадағы бейнеңнің көлеңкесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандық-сенің айнадағы бейнеңнің көлеңкесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандықты қалай таңдау керек?Адам өміріндегі маңызы қандай?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандық-сенің айнадағы бейнеңнің көлеңкесі

Адамзат өзін құрбан етуге даяр мына өмір-қамшының сабындай тым қысқа.Аз ғана ғұмырыңды мағыналы әрі бақытты кешу үшін жаныңның қажеттіліктерін қанағаттандыру керексің.Ел аузындағы «болашақ жар және мамандық таңдаудан қателеспе» деген сөздің жаны бар.Мамандық-сенің өмірде адам ретінде қалыптасуыңа себепкер.

Сен жинаған ақыл-білім кірпіш іспеттес.Кірпіштерді нық қаласаң берік үйге ие боласың. «Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» ,- деп Хосе Марти айтқандай мамандықтың адам өмірінде маңызы зор.Сені 8 сағаттық жұмыс уақыты,кеңседегі жұмыс қызықтырмауы мүмкін.Сенің жаның не нәрседен рахат тапса,мамандығыңды сонымен байланыстыр.Өміріңді бос оқу,лекциялармен құртып өзіңе қиянат жасама.Сенің мамандығың сені жалықтырмауы тиіс.Бос арманмен өмір сүруге лайықты емессің.Армандарыңа қол жеткізу үшін тынбай еңбектенуің қажет.Сен қыруар ақшаға ие болу үшін еңбек етсең,ешкімнен қалмау үшін әрекет қылсаң да бұл жаман емес.Бастысы мықты маманға айналасың,ақыл қосып,өз қателіктеріңді түсінерсің.Қателікті мойындаған жақсы,ал қателеспеу-одан да жақсы.Болашаққа қадам жасарда қателеспе.

Бір сәт ойға шомып көр,сен қазір бақыттысың ба? Әр таң атқан сайын жұмысыңа асығып күн бойына энергияң сарқылмас болса немесе қатты шаршасаң да бойыңды қуаныш билесе сен жарадың.Таңдаған жолың дұрыс,осы бағыттан қателеспе.Расында мамандықтың жанмен не байланысы бар?Адам ерекше нәрсеге құмартып тұрады.Сен неге өзгелерді қайталауың қажет,неге өзге болмасқа?Мемлекетте заңға бағынуға міндетті болсаң да,өмір сүру және мамандықты таңдау өз қолыңда.Коллекционер,кондитер,аудармашы,ұстаз,визажист қайсысын қалайсың?Бәрі ме?Бұл қиын емес,сенің қолыңнан бәрі де келеді,үлгере де,табысқа жете де,демала да аласың.Өмір сүру адамды шаршатпайды,өмірді қиындатар да,мәнсіз етер де өзіміз.

Мамандық таңдау шындығыңда оңай емес. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің біріне бұйырмаған.Ең алдымен мамандығыңа деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екі бөлек Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Қоғам сені қалай қабылдайды,оларға пайдаң тиюде ме?Жалпы не нәрседе болмасын ақылдаса қабылданған шешімнің пайдасы зор.Өміріңе бейжай қарамауың керек.Адам өз жұмысын ешкімнің көмек күтпестей жасауы тиіс. Алуан-алуан кәсіп бар,

таңдай біл де,талап қыл!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
510
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі