Мамандық таңдау

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандық таңдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларымыздың өмірден өз орнын табуына, өзінің қызығушылығы мен қабілеттерін ескере отырып, қоғамға пайдалы мамандықты таңдауына ықпал ету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: « Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан»

Сыныбы: 5 «Ә» Күні: 22.01.2022 ж

Сынып жетекшісі: Исаева Гулбану Ержановна

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларымыздың өмірден өз орнын табуына, өзінің қызығушылығы мен қабілеттерін ескере отырып, қоғамға пайдалы мамандықты таңдауына ықпал ету;

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:

-Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

-Армысыздар, жиналған қауым!

-Бүгінгі сабағымыз мамандық таңдау жайында болады.

-Еліміздің әрбір баласы халқымыздың патриоты болуы керек.

-Я, сондықтан әуелі әнұранымызды әуелетіп бір шырқап алып,сабағымызды бастайық.

-Әнұран орындалсын!

-Әрбір адамның өмірге келіп, дұрыс адам болып, қоғамға да, өзіне де, өзгеге де пайдалы тұлға болып қалыптасуы, өмірден өз орнын табуы – тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі. «Жақсы адамға кез-келген жерде бір кісілік орын бар» деп дана халқымыз айтқандай, қандай маман иесі болсаңда, сол ортада сіңіп жұмыс жасау үшін,әуелі адамға көркем мінез қажет. Адам өзін үнемі дамытып, өзінің жаман жақтарын түзетуге тырысуы керек.

- Я, қанша мықты маман болса да, егер адамның жауапкершілігі төмен болса, мінезі дөрекі болса, өзге адамдарды өзінен төмен санайтын, тым өзімшіл болса, өзге адамдарды сыйламайтын болса, ондай адамдардардың бір жерде жұмыс жасауы қиынға соғады. Сөз көтере алмай, «басшылар ұрысты» деп жұмыстан шығып кете берсе де, ешқандай жұмысқа тұрақтай алмайды.

- Қандай жұмыс жасасаңда, адал болу керек.Тіпті аула сыпырушы болып жұмыс жасайтын кісілер де жұмысына адал болмаса, айналамыз қоқысқа толып қалушы еді.

-Электр қызметкерлері жұмысына адал болмаса, дәл осылай айналамыз жарқырап тұрмаушы еді. Қазір электр жарығынсыз өмірімізді елестете алмаймыз. Өмірімізде пайдаланып жүрген түрлі тұрмыстық техникаларымыз: телевизор, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, телефон бәрі дерлік электр қуатын пайдаланып жұмыс жасайды.

- Яғни, қандай маман иесі болсаңда, өз ісіңнің шебері болуға тырысу керек. Және ол халыққа өте қажет мамандық болуы керек. Дәрігер болсаң, түрлі аурулардың емдеу жолдарын зерттеуден жалықпай, уақытың мен күш-жігеріңді аямай еңбектену керек. Мұғалім болсаң оқушыларыңның білімді әрі тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы үшін барыңды салуың керек. Басқарушы болсаң, қоластыңдағыларды жағдайын жасайтын және олардың ынталанып жұмыс жасауына ықпал ету керек.

- Әрбір мамандықтың өз қиындықтары мен қызықтары болады. Егер ол мамандық өзіңнің жаныңа жақын болса, оның түрлі қиындықтарына төзесің, не қиындық болса да жеңесің. Ал егер ұнамаса қиындық болса болды, қашып кеткісі келіп тұрады. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруге тырыспау керек. Себебі, өмір тек қиындықтардан тұрмайды. «Түн артынан, күн шығады» дегендей, қиындықдарды жеңе білсек, жақсы шуақты күндер алдымыздан тосып тұрмағанына кім кепіл!

-Ал, балалар өздеріңнің мамандықтарың жөнінде айтып беріңдер.

Хусайн Айару:

- Футболшы гол соқты,

Стадион қол соқты.

Қуанды ол, секірді

Жас бала секілді.

Қол алып достары,

Сүйді оны, қоштады...

Созылып сіңірі,

Ол еңбек сіңірді.

Ол еңбек сіңірді.

Жөн делік оныкі.



Құрбанбай Нұртас:

Сіздер барда ел тыныш,

Оу полицей ағалар.

Көптеп болсын мереке,

Қызметіңді бағалар.



Мен инженер боламын,

Жерден алтын табамын.

Жолын қуам әйгілі

Академик ағаның



Мен ғарышкер боламын,

Жұлдызға ұшып барамын.

Жолын қуам атақты

Тоқтар сынды ағаның



Ал мен ақын боламын

Сусылдаған қаламым.

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын.



Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де, баланың

Қиналғанда қасына

Бірінші боп барамын.



Бір тамақты пісіріп,

Бір тамақты түсіріп,

Анам ылғи жүреді

«Дәмді емес» кім деді?

Он жетіге толамын,

Мен аспазшы боламын!



Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.



Жамир Асылжан:

Дұрыс жүрсең бостандық,

Қадамыңды бассаң нық.

Ата заңым айбыным,

Айтып жүрер дастан қып!



Заңмен жүру дұрысы,

Заңның берік жұмысы.

Ата заңым айбыным,

Жан тербейді тұрысы.

Қорытынды: Мамандықты таңдау – өз өміріңнің бір бірпішіп дұрыс қалау



Тексерілді:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2024
223
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі