Материалдар / Мамандық таңдау - болашақты таңдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандық таңдау - болашақты таңдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мамандық туралы бағыт-бағдар бере отырып,мамандық таңдауда шатаспауға бағыттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2023
314
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандық таңдау – болашақты таңдау»
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру; Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілік: слайд, видеоролик, үлестірмелі қағаздар,шарлар тб.


Кештің басталуы:

Күй. «Ерке сылқым» күйі,орындайтындар 9а және 9б сынып оқушылары.(Арай, Арсен, Диана, Мерей, Жұлдыз, Жанболат)

Ерасыл: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ажар: - Атақты ғұлама Әл-Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.

Ерасыл: Осы сұраққа жауап алу үшін,біз бүгін еңбегі ерен мамандық иелерін шақырып отырмыз. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсатымыз: Оқушыларымыз биыл орталауды бітірейін деп отыр,балаларға әр мамандықтың өз қиындығы мен қызығы болатынын түсіндіру. Енді осы қадірлі қонақтарымызды таныстырып өтейік:

  1. Қоңырбаев Мәулен Жақанұлы - Республикалық жедел құтқару жасағының бөлімше басшысы.

  2. Битаева Дана Тәжібайқызы – суретші.

3. Түрсәлім Мирас Мұхтарұлы – геодезист маманы

4. Дюсембек Диас Әскербекұлы - IT маманы

5. Сабырдан Бақшагүл- өз кәсібін домалатып жүрген, сән салондарының меңгерушісі

6.Туркебаева Дильсариям Султанмұратқызы- 25 жылдық еңбек өтілі бар, Алматы қалалық Статистика Департаментінің бас есепшісі

7. Джауаров Олжас Дүйсебайұлы- екінші бала кұтқару жасағының бас маманы

8. Исадин Дамир Қайнарұлы- азаматтық авиация Академия студенті, болашақ ұшқыш.

Ән. Халық әні: «Сәулем-ай» орындайтын Сағынтай Мерей.

Ажар: Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 50 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның

12 %- ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.

(Слайд жүріп тұрады мамандыққа байланысты)

(Мұғалім жалпы оқушыларға сұрақ қояды)

Ерасыл: Балалар мамандық дегеніміз не? (Оқушылардың пікірлері сұралады) Әр сыныптан балалар сөйлейді.(Али,Бақзада,Бекасыл,Ақзере)
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

• -кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық, еңбек көзі


Ажар: Мамандық таңдау - жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Ерасыл: Өз мамандықтарының қыр-сырын айту үшін қонақтарымызға сөз кезегін берейік.

(Мамандық иелеріне сөз беру)

1. Жедел құтқару жасағының мамандарына

2. Маркшейдер

3. Суретші (Шеберлік сағаты)

Балалар сұрақтар қояды

4.Бас есепші

5.Сән кәсібінің маманы

6. Ұшқыш

7. IT маман иесіне

(Балалардың сұрақтары)

Нақыл сөздер айту.(Іңкәр,Елдос,Абылай,Арай)

Ажар: Қазіргі заманда жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

 Жауаптар:

-         Компьютерді білу;

-          Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу.

-          Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.

-          Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.

- Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады. 

Олай болса жұмысын сүйіп істейтін мамандық иелеріне арналған мектеп түлегі, айтыскер-ақын Серік Қалиевтің өлең шумақтарын ұсынамыз! (Ерасыл, Ажар)

Қорытынды: Ерасыл: «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау». Мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, жақсы мамандық иесі болайық.


Ажар: Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.

Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өмірлеріңнің кірпішін дұрыс қалауларыңа тілектеспіз!


Арнау: Сейтжанұлы Ерасыл.

Хор: «Жақсы адамдарым»

Келесі кездескенше,сау-саламатта болыңыздар!



Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты











Ашық тәрбие сағаты






Мамандық таңдау – болашақты таңдау
























Ұйымдастырушы: 9 «А», 9 «Б»

Сынып тәрбиешілері: Елеусізова Ш.Ә

Ашімжанова А.С

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!