400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдау-тек оқу оқып,диплом алсам деген ой емес,өз өмір жолыңды дұрыс таңдау болып табылады.Сондықтан болашаққа нық қадам басар кезде талапкердің де,ата ананың да жақсылап ойланғаны жөн.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Куанышкалиева Фариза Абатовна

Жұмыс орны,лауазымы : Шаған ЖОББМ.КММ Кәсіптік бағдар беруші педагог

Тақырыбы: «Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды қадам»

Мамандық таңдау-тек оқу оқып,диплом алсам деген ой емес,өз өмір жолыңды дұрыс таңдау болып табылады.Сондықтан болашаққа нық қадам басар кезде талапкердің де,ата ананың да жақсылап ойланғаны жөн.

Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы жүзеге асырылып келеді.Қазіргі уақытта 1-сыныптан бастап кәсіптік бағдар беріледі.Бастауыш сыныпта мамандық атауы,қызметі,ойын тренинг өткізілсе,орта буында бейнеролик ,сурет байқаулар,анкета жүргізу,ал жоғарғы буында мамандық салалары, дөңгелек үстел,тест арқылы қай мамандыққа бейімі бар екендігі анықталып, шаралар өткізіледі.Осыдан кейін талапкер нақты шешімін тауып,дұрыс мамандық таңдайды.Сол маман бойынша кеңестер алып,қызметімен,ол қайда,кімдермен жұмыс істейтіні,сұхбат алу,сөйлесу әдістерін пайдаланып, нақты ақпарат алу керек.Сонда ғана өзіне сенімді болып,ЖОО-ларын таңдап, ары қарай оқуға түсу шарттарын түсінеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы»деп жариялады.Яғни,қоғамда еңбекқорлық,кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс деген. Өйткені,жұмысшылардың мәртебесін көтеру,еліміздің өнеркәсібіне,ауыл шаруашылығымызға үлкен әсер беретініне сенімдіміз.Жұмысшы мамандарға маңдай терін салып жұмыс істеген адамдар жатады.Ол диқаншы, дәнекерлеуші,малшы,құрылыс-монтаж,геолог,энергетика,кадр,сылақшы,тау кен маманы,тігінші т.с.с Осы салада әр түрлі шаралар өткізіліп келеді. Өзімнің тәжірибемнен алатын болсам,бастауыш сыныпқа «Анам Әкем жұмыста» бейнежазба байқауы болса,яғни ата аналардың мамандықтары, құрылыста,электрик,тігінші,сылақшы т.б айтылып өтті.Орта буынға «Мамандықтың бәрі жақсы...» бейнеролик көрсетіліп,жоғарғы сыныптарға Теректі колледжінен мамандар келіп,кәсіптік бағдар бере отырып,жұмысшы мамандықтар бойынша ақпарат берді.

Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ,дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері,әрі білгірі болып,мамандық сұранысқа ие болып жатады.Сондықтан өз таңдаған бағытын жақсы көріп,сол саланың мақтанышына айнала алады деген сенімдемін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.01.2025
161
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі