Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мамандық таңдау" жаднама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Мамандық таңдаудағы негізгі мотивтер
Ең бірінші қандай да бір мамандықты таңдауға итермелейтін себептерді ішкі және сыртқы деп бөліп қарастырайық.
Сыртқы себептері қоршаған орта әсерлерімен: ата-аналардың, достардың, қатарласардың пікірі, сәттілікке қол жеткізуге деген құштарлықпен, сынаудан қорқумен байланысты.
Ішкі себептерге сен өзің жауап бересің-оларды сенің қабілеттерің, икемің, әдеттерің мен мінезің, тек солар анықтайды.
-
Мотивтер тізімінің көшбасшасы-мамандықтың беделі. Бұл ойлап қарағанға жаман мотив емес, алайда онда тығулы қақпан жатыр. Біздің уақытымызда экономикалық және заңгер мамандықтары мәртебеге ие. Алайда, нарықты қазір бухгалтерлердің, әсіресе, жоғары білімі жоқ бухгалтерлердің тым көп болып кеткені сезілуде. Болашақта заңгерлер мен экономистерге сұраныс қалай болатынын тек болжауға болады. Бұдан шығаратын қорытынды-мамандық таңдау кезінде оның беделі басты фактор болмауы тиіс, оны ескеру керек, бірақ тек қана сол факторға тірелген дұрыс емес.
-
Мамандық таңдау кезінде мәртебелі екінші орынды жоғары жалақы алады: кім болып жұмыс істесең де, жақсы ақша алу. Мұнда үлкен қақпан жатыр, тек бұл мотивті басшылыққа алған кезде адамдар риясыз, кейде заңсыз қызметтер атқарады.
-
Қалыпты жағдайда жалақының өсуі біліктіліктің жоғарылауына тікелей тәуелді. Жалақысы әуел бастан жоғары мамандықтар, әдетте, біліктіліктің жоғарылауын қарастырмайды. Бес жылдан кейін даяшы мен бастапқы банк қызметкерінің табысы теңеседі, ал бірнеше жыл өткен соң-банк қызметкерінің табысы да даяшының табысын әлдеқайда артқа тастайды.
-
Мамандықтың өзіне деген қызығушылық, яғни оны таңдаудың ішкі себебі өкінішке орай төртінші орынды қанағат тұтты. Кімнің жұмысы өзіне қуаныш сыйласа, ол іс оның сүйіктісіне айналады және жұмыс істеу де нәтижелі, әрқашан жетілу үстінде болады. Сәтті жұмыстың ажырамас бөлігі ретінде оның қызмет бабы бойынша жылжуы және әріптестерінің сыйласымды қатынастары жүреді. Осылайша, бағдарламалаудың фанатына айналған жігіт түптің тібінде жаңа бағдарламалау тілін құрастырушыға және бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырушы кәсіпорыннның иесіне айналады. Оның басқарушы міндеттің сүйікті іске толығымен берілуге уақыт қалдырмайтынына ғана өкініші болады.
-
Еңбек шарттары да қандайда-бір мамандық таңдауда өзінің рөлін атқарады. Кейде жұмыс орнын ауыстырып, еңбек шартттарын да айтарлықтай өзгертуге болады,кейбір маманықтар бұған мүмкіндік береді. Мысалы, далалық геолог (палаткалар, тайга, тұрақты іссапарлар) және мұнай өндіруші кәсіпорындағы инжинер-геолог лауазымындағы геолог (қала, кеңсе, ешқандай іссапар жоқ) екеуі де бір геологиялық факультеттің түлектері.
-
Тағы бір себеп-оқудың қол жетімдігі. Өзің тұратын қалада жоғары білім алу-бір іс, ал жердің түбіне барып оқу-екінші мәселе. Ал егер барлық оқу орындары жоқ кішірек қалада тұрсаң ше? Онда сен оқудың қолжетімділігін басшылыққа алып, мамандықтар тізімін қысқартасың. Өкінішке орай, ЖОО-на грантқа түспей қалғандағы оқудың қолжетімділігі жайлы айтар болсақ, онда оқудың төлемақысы үлкен рөл атқарады. Әрине бұл мәселенің де шешімін табуға болады: банктен несие алу, кешке жұмыс істеп, сырттай оқу бөліміне тапсыру, бірақ қайткен күнде де қалаған мамандықтың иесі болу.
Қандай да бір мамандықты таңдаудың көптеген мотивтері түптің түбінде қателіктерге апаратынын байқау қиынға соқпайды.
Мамандық таңдаудағы ең кең таралған қателіктер
-
Мамандық таңдауға өзгермейтіндей қарау.
Кез келген қызмет саласында адамның квалификациясының өсу шамасы бойынша жұмыстың, қызметтің ауысуы болып тұрады. Сонымен қатар, ең үлкен жетістіктерге байланысты баспалдақтардан жақсы өткендер жетеді.
-
Мамандықтың беделі туралы пікірлер.
Мамандыққа қатысты қателіктердің бірі‐кейбір қоғамға пайдалы мамандықтар ұятты, төмен саналады (мысылы, қоқыс тазалаушы). Экономист немесе психологтың қоғамға пайдасы химик пен темір ұстасының пайдасынана артық емес. Мамандықтың беделі сіздің қызығушылықтарыңыз бен қабілеттеріңізден кейін барып қана ескерілуі тиіс. Әйтпесе «сәнді», бірақ сізге ләззат сыйламайтын маман иесі боласыз немесе негізгі жұмыс функцияларыңызды атқаруға жарамсыз боласыз...
-
Достарыңыздың әсер етуімен мамандық таңдау (солармен бірге болу үшін, қалып қалмас үшін).
Біз мамандықтың киім немесе аяқ киім сияқты «ұнағанын», «мөлшері сәйкес келетінін» таңдаймыз. Топ, қатарластарға бейімделу‐сенің жасыңдағы балалардың өте жағымды ерекшеліктері. Олар қоғамда өзін ұстау нормаларын меңгеруге, «Мен» образының және өзіндік бағаның қалыптасуына үйренуі қажет. Сондықтан басқаларға өзіңді олармен салыстыра отырып қара, көз жұмып олардың істегенін қайталай берме. Өзіңнің олардан айырмашылықтарың мен ортақ ұқсасатықтарыңды көруге тырыс. Бұл, мысалы Болат өрт сөндіруші (ол тәуекелге баратын адам) мамандығына барса, ол мамандықтың саған жарамайтынын (сен өте сақ және парасатты адамсың) көрсетеді.
-
Қандайда бір маман иесі -адамға қатынастың мамандыққа қатынасқа ауытқуында.
Мамандықты таңдау кезінде сол қызметпен айналысатын адамның саған ұнамайтынына емес, берілген қызметтің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Әсіресе мұғалімді ұнату қауіпті (егер саған физика ұнаса, ол саған «компектсіз» тек физика пәні ұнайды деген сөз емес.) Сондай-ақ балалар өздерінің кумирлерінің мамандығын аламыз деп шатасып қалады-спортшы, саясаткер, журналист, әртіс. Спортшылар-бәрі ондай емес.
-
Мамандықтың сыртқы немесе басқа бір бөлігін ғана ұнату.
Актердің сахнадағы опсахнадағы оп‐оңай образының артында ауыр, күнделікті еңбек жатыр. Ал журналисттер әрдайым телехабарларға шықпайды, олар көбінесе басқалар хабарлайтын (телевидениедегі диктор) он минуттық хабарды дайындар алдында көптеген ақпараттарды, мұрағаттарды ақтарады, ондаған адамдармен сөйлеседі.
-
Оқу пәнін мамандықпен теңестіру немесе бұл ұғымдарды нашар ажырату.
Ағылшын тілі деген пән бар және тілге деген қабілет керек мамандықтар көп-аудармашы, экскурсия жетекшісі, халықаралық байланыс телефонисі және т.б. Сондықтан мамандық таңдау кезінде бұл пәннің әрі жағында қандай істермен мамандықтар жатқанын ескеру қажет. Ол үшін ең жақсысы мамандықтар сөздігі мен профессиограммаларды ғана жаттап алмау керек. Еңбек биржасындағы вакансиялар бар газеттерді талдау қажет (әдетте, оларда нақты бір вакансия үшін қандай білім талап етілетіні көрсетіледі). Мысалы, лингвистикалық білімі (мектептегі «орыс тілі мен әдебиеті», «шет тілі» пәндері) бар адам мұғалім болып, аудармашы болып, редактор болып және хатшы болып жұмыс істей алады. Мамандықтың мектеп пәндеріне қарағанда көп екенін ұмытпа. Заңгер, маркетолог, аппаратшы болуға болады. Мамандықтар көбіне есе бірнеше мектеп пәндерімен байланысты болады (әдетте, осы мамандық бойынша ЖОО-ға түсер кездегі емтихан пәндеріне сәйкес келеді). Мысалға, болашақ экономистке мектепте математика да, география да ұнауы мүмкін.
-
Материалдық өндіріс аласындағы еңбек сипаты туралы ескірген ойлар.
Барлық мамандықтарға, соның ішінде бірінші кезекте жұмысшы мамандықтарға күрделі және қызықты техника енгізіледі, еңбек мәдениеті көтеріледі (ал, компьютер барлық салаларға,тіпті мал шаруашылығына да енгізіледі)
-
Өзінің жеке қасиеттерін ажырата алмау (оған ықылассыз болу)
Өз-өзіңді тануға профкеңескерлер, ата-аналар, мұғалімдер, әріптестер көмектеседі. Психологиялық тестілер, сондай-ақ, мақалалар және танымал психология тақырыбындағы публикациялар да пайдалы болуы мүмкін.
-
Мамандық таңдауда өзінің физикалық ерекшеліктерін, кемшіліктерін білмеу (дұрыс бағаламау)
Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандайда бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандарының көздеріне ауыртпалық түседі, ал ұшқыштардың жүректеріне ауыртпалық түседі.
-
Мамандық таңдау кезіндегі мәселені шешу, ойластыру кезінде негізгі әрекеттерді, операцияларды білмеу.
Сен математикадан есеп шығарған кезде сен белгілі бір кезектілікпен амалдарды орындайсың. Мамандықты таңдау кезінде де дәл солай ету керек.
Таңдалған шешімге жеті қадам.
-
Cәйкес мамандықтар тізімін жасау.
Өзіңізге ұнайтын, жұмыс істегіңіз келетін, сәйкес келетін мамандықтар тізімін жасаңыз.
-
Өзіңіздің талаптарыңыздың тізімін жасаңыз:
-
Таңдалатын мамандық және өмірлік құндылықтар;
-
Таңдалатын мамандық және өмірлік мақсаттар;
-
Таңдалатын мамандық және бүгінгі өзекті мәселелер;
-
Таңдалатын мамандық және мамандық бойынша жұмысқа тұру;
-
Кәсіптік даярлықтың қажетті деңгейі;
-
Таңдалатын мамандық және менің қабілеттерім мен икемдерім;
-
Ойымдағы жұмыс сипаты мен шарттары;
-
Барлық талаптардың қаншалықты маңызды екенін анықтаңыз. Мүмкін,
ескермеуге болатын, маңызы аздау талаптар да бар шығар.
-
Әрбір сәйкес келетін мамандықтың талаптарына өзіңіздің сәйкестігіңізді бағалау.
Сіздегі мамандыққа қойылған талаптардан басқа, мамандықтың өзінің де талаптары бар. Сіздің кәсіби сапаларыңыз дамыған ба, сіздің зияткерлік қабілеттеріңіз, психолгиялық ерекшеліктеріңіз, денсаулық жағдайларыңыз мамандықтың талаптарына сәйкес келе ме, соны талдаңыз.
-
Нәтижелерді есептеу және талдау.
Барлық пункттер бойынша саған тізімдегі қай мамандық сай келетінін анықтау.
-
Нәтижелерді тексеру.
Сенің ойларыңның дұрыстығына көз жеткізу үшін өз шешіміңді достарыңмен, ата-анаңмен, мұғалімдермен, психологпен, профкеңесшімен талқыла.
-
Сәттілікке бастайтын негізгі тәжірибелік қадамдарды анықтау.
Сонымен, сіз шешім қабылдадыңыз, енді саған қай оқу орнында кәсіптік білім ала алатыныңды, кәсіби маңызды қасиеттерді қалай дамытуға болатынын, еңбек нарығында өзіңнің бәсекеге қабілеттілігіңді қалай арттыруға болатынын анықтау маңызды.