Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мамандық таңдау зор міндет»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





Бекітемін: ____

Әдіскер Сарсекова Г.

Келісемін: ____

Сынып жетекшісі: Баймағұлова А.Ж.




Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мамандық таңдау зор міндет»



Өткізген:Тлеукенже Н.Е.

Сыныбы: 5 «б»

Мерзімі:

Бағасы:



Семей 2018

Сабақтың тақырыбы: «Мамандық таңдау зор міндет»

Мақсаты: « Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Көрнекілігі: плакат, маркер, жекелеген карточкалар, ақ парақтар.

Сабақтың құрылымдық жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып, сабақ тақырыбын ашу

II. Негізгі бөлім

- «Мамандықты тап» ойыны.

- "Әріпті мамандық" сайысы.

- «Ең жақсы» ойыны

- «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны 

- Кеңес беру

III. Қорытынды

Рефлексия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбын тақтадағы суреттер арқылы анықтау.
ІІ. Негізгі бөлім
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Машыққер сөзі:Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т. б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.
Мектеп оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей.

«Мамандықты тап» ойыны. Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Дәрігер
Директор
Хатшы
Кітапханашы
Сатушы
Мұғалім

"Әріпті мамандық" сайысы
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
“А” әрпінен басталатын мамандық.
“С” әрпінен басталатын мамандық.

М” әрпінен басталатын мамандық.

«Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады. Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен
Әр топ өз жауап нұсқаларын береді.

«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.

Есінде жүрген жөн болар. ( психологиялық кеңес).
1. Мектептегі оқу пәндері нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді. Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару;
2. “Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды” деген қорытынды жасауға болмайды.
3. Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін. 
4. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы. Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы меңгерген мамандық болу керек.
5. Мүмкіндігінше таңдаған мамандығыңның өзіңнің денсаулық жағдайыңа сәйкес келетіндігін ескеру қажет.
ІІІ. Қорытынды бөлім 
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
Менің мамандығым – оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы. Менің мамандығым ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.
Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі тренинг-сабағымызға келген сіздерге рахметімізді айта отырып, бұл кездесу болашақта өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймыз.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Ж. Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
Осымен бүгінгі тренинг - сабағымыз өз шегіне жетті, қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға, рахмет!

Рефлексия

Сабақ соныңда оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан түйген ойларын жазып тақтада ілініп тұрған суретке апарып жапсырады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
396
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12