Сабырханов Мұрат Шалхарбайұлы
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
«№44 “Жаңа дала” жалпы білім беретін мектеп» КММ
Кәсіптік бағдар беру педагогы
Е-mail: murat754@mail.ru
Мамандық таңдаудағы саналы шешім — өмірлік жетістік негізі

Аннотация. Бұл мақалада мамандық таңдаудың маңыздылығы мен оның адам өміріндегі рөлі туралы баяндалады. Мамандық таңдау — әр адамның өмірінде ең маңызды әрі жауапты шешімдердің бірі. Автор мамандықты саналы түрде таңдаудың өмірлік жетістікке жетудің негізгі факторы екенін атап өтіп, кәсіби бағдардың қажеттілігіне тоқталады. Жас ұрпақтың өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдап, өз болашағын дұрыс бағытта құруы – қоғамның дамуы мен өркендеуіне де тікелей әсер ететіні көрсетіледі. Мақалада мамандық таңдаудағы қателіктерден сақтану, заманауи еңбек нарығына бейімделу, үздіксіз білім алудың маңызы және өз кәсібін сүйіп істеудің артықшылықтары ашып көрсетілген.
Кілт сөздер. Мамандық, мамандық таңдау, болашақ, қабілет, арман, еңбек нарығы, білім, тәжірибе.
Кіріспе. Әрбір адамның өмірінде маңызды және жауапты сәттердің бірі — мамандық таңдау кезеңі. Бұл кездейсоқ емес, саналы түрде қабылданатын шешім болуы тиіс. Себебі мамандық таңдау — адамның болашағының бағытын айқындайтын ең үлкен өмірлік қадам. Дұрыс таңдалған мамандық — жарқын болашақтың кепілі, ал қате таңдау өкініш пен өкінуге әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандық таңдау — тек ертеңгі жұмысты емес, бүкіл өмір салтын таңдаумен тең.
Мамандық таңдау — үлкен жауапкершілік болып есептеледі. Кез келген мамандықты таңдағанда адамның жүрек қалауымен қатар, қабілеті мен бейімділігі, мінезі, өмірлік ұстанымы да ескерілуі керек. Көптеген жастар мектеп бітірген кезде бұл таңдау алдында ойланып қиналады. Бірі ата-ананың ықпалымен, бірі достардың кеңесімен, ал енді бірі қоғамдағы бедел мен материалдық жағдайға қарап мамандықты таңдап жатады. Бірақ мұның бәрі дұрыс шешім бола бермейді.
Мамандық таңдауда басты назар аударатын нәрсе — өзіңнің шынайы қызығушылығың, талпынысың мен ішкі дүниеңнің қалауы. Себебі адам өзіне ұнайтын ісімен айналысқанда ғана биік жетістіктерге жете алады. Өз мамандығын сүйетін адам үнемі ізденіп, дамып отырады, жаңа нәрселер үйренуге талпынады. Ал бұл, сөзсіз, табысқа жетелейді. Сонымен қатар еңбек нарығын зерттеуде аса маңызды. Қазіргі таңда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары, қай салада бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік мол екені ескеріліп, саналы түрде таңдау жасау қажет.
Негізгі бөлім
Мамандық таңдаудың маңызы
Қазіргі заман талабына сай мамандықтар да өзгеруде. Бұрынғыдай тек дәрігер, мұғалім, инженер сияқты дәстүрлі мамандықтармен шектелмейміз. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, цифрлық экономика, экология, биотехнология, логистика, робототехника сияқты жаңа бағыттар өте сұранысқа ие.
Болашақ мамандардан жоғары білім, кәсіби біліктілікпен қатар, үнемі даму, жаңа нәрселерді меңгеру, креативтілік, еңбекқорлық талап етіледі. Сондықтан жас ұрпаққа қойылатын басты талап — үздіксіз білім алу және ізденістен таймау.
Мамандық таңдау бізді өмірлік жетістікке бастайтын алғашқы баспалдақ. Сондықтан әрбір адам бұл шешімді жауапкершілікпен қабылдап, өз қабілетін дұрыс бағалауы қажет. Арманың мен қабілетің тоғысқан жерде ғана үлкен жетістікке қол жеткізуге болады.
Қазіргі таңда ел дамуына өз үлесін қосатын білімді де білікті мамандар қажет. Мемлекетіміздің «Цифрлық Қазақстан», «Индустрия 4.0» бағдарламалары дәл осы автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект секілді салаларды дамытуды көздейді. Мен де сол бағытта жұмыс істеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді.
Мамандық таңдау кезінде жіберілген қателіктер адамның өміріне кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар балаларға дұрыс бағыт-бағдар беруге тиіс. Ал әрбір жас адам өз жүрек қалауына құлақ асып, ішкі сенімін жоғалтпай, еңбекқор болып, кәсіби жолда дамуға ұмтылуы керек.
Кәсіби бағдардың маңызы зор. Мамандық таңдау барысында кәсіби бағдар жұмыстарының атқаратын рөлі зор. Мектепте оқып жүрген кезде оқушыларға түрлі салалар таныстырылып, олардың қабілеті мен бейімділігі анықталса, дұрыс бағытта таңдау жасау әлдеқайда жеңілдей түседі. Мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар беру шаралары, мамандық иелерімен кездесулер, өндірістік орындарға экскурсиялар — мұның бәрі жасөспірімдерге бағыт беріп, болашағына жол ашады.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 9-10 сынып оқушыларына арнап «Мамандығым – болашағым» тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырдым. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, олардың болашақта мамандықты саналы түрде таңдауына көмектесу болатын. Кездесуге мектебіміздің түлектері — бүгінде әртүрлі салада еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтар қатысты.
Шара барысында Жетісай ауданының Құрметті азаматы, Республикалық журналистер одағының мүшесі Ж. Тілеуұлы, мектебіміздің ардагер ұстазы Б. Төлеманов, Жетісай аудандық білім бөлімінің бас есепшісі Ж. Мырзабаев, «Жаңа дала» медициналық амбулаториясының бас дәрігері А. Қойтанова, Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкері, мектеп инспекторы Н. Сманов және спорт саласының үздігі, тәжірибелі жаттықтырушы Б. Бақтияров сынды тұлғалар келіп, өздерінің өмір жолдары, жеткен жетістіктері туралы ой бөлісті.

Сурет -1
Қонақтар өздерінің мамандық таңдаудағы себептері, балалық шақтағы армандары мен алға қойған мақсаттарының қалай орындалғаны туралы әңгімеледі. Олар жұмыс барысында кездескен қиындықтар мен қызықты сәттерді де баяндап берді. Оқушылар тарапынан қойылған ең басты сұрақтар – мамандық таңдауда дұрыс әрі сенімді шешімді қалай қабылдау керектігі жайлы болды.
Кездесу барысында түлектер өздері түлеп ұшқан алтын ұя мектептен алған білім мен тәрбиенің өмір жолындағы маңыздылығын ерекше атап өтті. Бүгінде олар еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру жүйесін дамыту, спорт саласын жетілдіру сияқты түрлі бағыттарда еңбек етіп, туған жерінің дамуына өз үлестерін қосып жүргенін мақтанышпен жеткізді.
Кездесудің соңында мектеп директоры Г. Үмбетаева сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғыс айтып, оқушыларға мамандық таңдау кезінде ең алдымен өз жүрек қалауын тыңдап, адаспай дұрыс шешім қабылдау керектігін айтты.

Сурет -2
Бұл өткізілген кездесу – жас ұрпақты Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» деген өсиетін ұстануға шақырып, оқушыларды еңбекқорлық пен білімге, өнерге құштарлыққа жетелейтін тағылымды әрі әсерлі әңгіме-сұхбат болды деп айтуға толық негіз бар.
Қорытынды
Қорытындылай келе, мамандық таңдау — бұл өмірлік жетістікке бастайтын басты қадам. Саналы шешім қабылдап, дұрыс бағыт таңдаған адам өз өмірінде биік шыңдарды бағындырады. Дұрыс таңдалған мамандық — адамның бақыты мен болашағының кепілі. Сондықтан әр жас «Мамандық таңдаудағы саналы шешім — өмірлік жетістік негізі» екенін ұмытпай, болашағын сеніммен құрып, арманына жету жолында аянбай еңбек етуі тиіс. Мен де өз кәсіби таңдауымды мақтанышпен айта отырып, алдағы уақытта өз саламда үздік маман атануды мақсат етемін. Себебі мамандығыңды сүйіп еңбек етсең, болашағың да жарқын болары сөзсіз!
Әдебиеттер
-
Абай Құнанбайұлы. Қара сөздер. — Алматы: «Жазушы», 2010.
-
Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. — Астана, 2017.
-
Кәкенов Ғ. Кәсіби бағдар және мамандық таңдаудағы бағыт-бағдар. — Алматы, 2020.
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы. — Нұр-Сұлтан, 2021.
-
Интернет ресурстары:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз