400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандықпен мақтанамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен жазған бұл эссе әрбір адамның өз ісін сүюіне, өзіндегі бар білімді өзгеге үйретуге көмектеседі. Және де мотивация сыйлайды
Материалдың қысқаша нұсқасы











«Мамандықпен мақтанамын!»









Қатысушы: Шырынбек Шынар Файзханқызы

Жетекшісі: Нуранова Жанылай Уткелбаевна













2021ж

«Мамандықпен мақтанамын!»

«Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты шым-шытырығы мол,рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады»

В.А.Сухомлинский

Мына таңғажайып,шытырманға толы әлемде мамандықтың түрі сан алуан.Әрбір мамандықтың өз жауапкершілі,ерекшелігі,қуанышы мен қиындығы да жетерлік.Мысалы,ғарышкер аспан әлеміне сапар шексе,дәрігер-адамдарды емдесе,археолог-қазба жұмыстарымен айналысады.Ал мүғалім-жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып,өмірден өз жолдарын табуға көмектесетін,бағдар беретін жарық шам іспеттес.Барлық жасөспірімдер мамандық таңдау арқылы өз болашақтарын кемелдендіре түседі.Әр адам мамандығын жүрек қалауымен,қызығушылығымен таңдауы тиіс.Себебі, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты.Өз ісін жақсы көріп,сүйіп істеп,бар жауапкершілікті сезініп,ынта-шынтасымен кірісіп жасағанда ғана өз мамандығынан ләззат алып,өзін бақытты сезінеді.

Менің мамандығым-мұғалім.Мұғалім мамандығы қызығы мен қиындығы бірге жүретін мамандық.Мен бұл саланы таңдағаныма өкінбеймін.Себебі,мен өзімді басқа қызметте,басқа істе,басқа орында елестете алмаймын.Мен болашақ ұстазбын.ҰСТАЗ мамандығы-ең көне және ең киелі,қадір-қасиеті мол мамандық.Жеті жасар баладан жетпіс жастағы қарияға дейін мұғалімнен білім алады.Ғалымдар да,атақты адамдарда,өнерлі жандарда,тіпті,әлемнің ұстаздары атанған Аристотель мен Әл-Фараби де ұстаздан білім алған.Халық арасындағы «Ұстаздан шәкірт озар»деген нақыл сөз осының дәлелі.

Ұстаз-ол жәй мамандық иесі емес.Ол-адал,әділетті,өзіне артылған жауапкершілікті сезіне білетін,бар жақсы адами қасиеттерді өз бойына жиған асыл жан. Шәкірт-білім нәрін алған ұстазының алдында үлкен немесе кіші жаста болсада шәкірт болып қала бермек.







Мен Шырынбек Шынар педагог мамандығын не үшін таңдадым?

Ұстаз болу-менің балалық арманым.Мен өзіме алғаш әліппе оқытып,қалам ұстатып,оқу-жазуды үйреткен алғашқы ұстазыма қатты ұқсағым келетін. Алғашқы ұстазым секілді балаларды оқытсам,оларға білім нәрін ексем деп армандадым.Тіпті,сол арман жетегіне еріп мұғалімдерше киініп,бауырлама мұғалім болатынмын.Оларға сабақ беріп,сабақтарын оқуға көмектесетінмін. Уақыт өте сол бір арман мені жылдар бойы жетелеп,мектеп бітіргеннен кейін, педагог мамандығын таңдауыма себепші болды.Жоғарғы оқу орнының табалдырығын аттаған сәттен бастап,мен үшін әлемнің жаңа парағы ашылды. Әлі есімде, мектеп есігін ашқан сәттен бастап мұғалімдердің маған деген мейірімді,нұр шашып тұрған жүздері маған үлкен жауапкерщілікті сезіндірді. Педагог мамандығының сан қилы тарауларын,қиындығы мен қуанышын,үлкен жауапкершілікті студент болғаннан бастап үйрене бастадым.Жаңа орта,жаңа мекен,өзгеше адамдар өміріме оң өзгерістер алып келді. Солай-солай мен ең керемет университетте өз білімімді жетілдіріп келемін.Мен білім алғанды,білім бергенді, өз білімімді өзгелермен бөліскенді ұнатамын.Мен алдыма үлкен мақсат қойып отырмын.Мен болашақта жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын,бала жүрегінен ереше орын алатын,баланың болашағын қалыптастыруға ,тануға өз үлесін қосатын себепші жан болатыныма сенемін. Мен өз мамандығымды сүйемін.Көп ізденемін және де өзімді,өз білімімді дамытып отырамын.Келешекте шәкірттерім адал еңбегімді ақтаса,педагог мамандығын таңдаса мен үшін осыдан артық бақыт табылмас. Менің мамандығым-әлемдегі ең қажетті мамандықтың бірі.Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.

Мамандығымның қадір-қасиетін Ғафу Қайырбековтың осы бір өлең шумағымен дәлелдеп,өз сөзімді қорытындылаймын.

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу-жүректің батылдығы.

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі