"Мамандықтар әлемі"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандықтар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдауда өз өмір жолыңды таңдау туралы ұғым қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы : «Мамандықтар әлемі»
Мақсаты: Балалардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

Міндеті:

Мамандықтарды талдай білуге үйрету.

Баланың қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету.


Ұйымдастыру кезеңі.

Ойын-баттл: " Мамандық иелері " (музыка әуенімен шығады)

Қонақтармен амандасу. Топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


QR код арқылы топқа бөлу.

1.Тәрбиеші :

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан, (Абай Құнанбаев)

Балалар бұл кімнің өлеңі?

Бұл өлеңді қалай түсінесіңдер?

Тәрбиеші: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. (Ж.Аймауытов)

Сұрақ-жауап

-Мамандық деген не?

-Сен болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

-Осы мамандықты таңдауда саған не әсер етті?

Тәрбиеші :«Ең-ең » ойыны

Тәрбиеші: Психологиялық сәт : «Психогеометрия» -өзін-өзі тану:

Шарты: Өзіңізге ұнаған қандай да бір геометриялық фигураны таңдайсыз.Әр таңдаған фигура қандайда бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді.Әрқайсымыз өзімізді танып көрейік.

Тәрбиеші:«Мамандықтар сөйлейді» ойыны

Викториналық сұрақтар: «Сұрақ менен,жауап сенен»

Мамандықтың бірнеше классификациясы бар.

Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар

5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.


Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.


Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.


Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.


Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.


Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.


1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

4. Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

5. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

6. Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек

Тәрбиеші:Көрініс: «Мамандықтар дауы»

Темірлан:

Мен дәрігер боламын,

Бәрін емдеп жазамын.

Адамдарды құрметтеп,

Бәріне ие боламын.

Алижан:

Елдан алғыс алатын

Болашақта ер болам.

Сәнді үйлер салатын

Құрылысшы мына мен болам.

Гүлім:

Қап-қара болып кезінде

Шаш шықпайтын бастар аз.

Тазалықтың өзіндей

Керек бізге шаштараз.

Толқын:

Түрлі-түрлі матаны,

Көйлек етіп жатады.

Барлық адам біледі,

Киім тіккіш маманды.

Бекзат:

Ақ қалпағы басында,

Ыстық оттың қасында.

Бір тамақты пісіріп,

Бір тамақты түсіріп,

Аспазшы ылғи жүреді.

Феодор:

Полицейский защищает

Нашу честь и наш покой,

И на службу заступает

В час дневной и в час ночной.

Мағжан:

Cәулетімен көкке қолы жетпес пе еді!

Бұл бір жолда таланттылар от кешпек,

Күн мен тасын сәулетшілер сөйлетсе

Тау биіктеп, Дала кеңіп кетпеспе еді?!

Ғасыржан:

Білімді болсын әр бала,

Оқу оқып сабағын.

Жақсылыққа бастасын,

Сәтті қып әрбір қадамын.


Ислана:

Ұстаз деген –жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген-анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Тәрбиеші:

Мюнстенберг әдісі: Бұл әдісте шатасқан әріптердің арасынан жасырылған

мамандық туралы нақыл сөзді тауып айту.

Постер қорғау «Мамандық деген не?»

Тәрбиеші:Спираль әдісі бойынша мәтін оқу

Рефлексия:

1.Сен өзің үшін жаңалық алдың ба?

2. Сен үшін бүгін не нәрсе күрделі болды?

3.Саған бүгін не нәрсе ұнады?

4.Бүгін қандай жаңа мамандықтар туралы мәлімет алдың?

5.Бүгін қандай мамандықтар туралы айтылды?

Қорытынды:

Жүсіпбек Аймауытов: «Өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білуіміз керек» деген тұжырым жасаған. Себебі жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауларыңа тілектеспіз.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі