Материалдар / Мамандықтар әлемі тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандықтар әлемі тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2024
302
8 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі»

Күні: 29.04.2024

Тәрбие құндылығы:Талап

Индикатор:Ізденімпаз, жасампаз тұлға

Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Отырыңыздар! Біздің бүгінгі ашық сабақтан тыс іс-шарамыздың тақырыбы – «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» атты пікір алмасу сабағымызға қош келдіңіздер!

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.

Тренинг

Әр оқушы орнынан тұрып өз тілектерін айтады, яғни осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері сыныбымызға, сыныбымызға қатысып отырған адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз.

Мамандықты таңдау туралы не білеміз?

Мамандық таңдау дегеніміз не? Осы сұраққа жауап беру үшін біз бүгінгі пікір алмасу сабағымызды ұйымдастырып отырмыз.
1. «Менен сұрақ, сенен жауап».

Әңгімелесу

1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадыңыздар ма?
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде?
4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласын ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?

«Қалаймын», «Қолымнан келеді» және «Қажет» - осы үшеуін бір - бірімен үйлестіре алсаң, сенің кәсіби таңдауың өте сәтті болмақ.
Сенің міндетің – келесі талаптарды орындайтын мамандықты таңдау:
• Сен үшін мамандығың қызықты және тартымды болуы қажет;
• Сенің қабілеттеріңе сәйкес келуі қажет;
• Еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет.

2. «Ең жақсы ойыны».


Ең ақшасы көп ...................(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ............................(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ...............................(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ...........................(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты ........................(сот, бухгалтер).
Ең салмақты .......................(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті ...............(биснесмен).

Ең қиын мамандықтар …....... ( өрт сөндірушілер, ұшқыштар, теле- және радиожүргізушілер, мұғалімдер, медицина және әлеуметтік қызмет саласының мамандары, шахтерлар, жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері, мереке ұйымдастырушылар мен әуе диспетчерлері)

Ең қажет етілетін мамандар (инженерлер, IT саласының мамандары, нанотехнология саласының мамандары, маркетологтар, қызмет көрсету бойынша мамандар, логистер, экологтар, дәрігерлер, химиктер)

Ең қызықты мамандар …... ( гольф алаңыда доптарды жинап, ойынға қайта қосушы, жиһаз сынаушы шебер, пингвин бұрушы мамандығы, ми алушы, қолтық иіскеуші)

Мамандық таңдаудың 7 қадамы

1 қадам Байыппен бағдарлай біліңіз

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандық  қызықтыруы мүмкін. Біреулер«туғаннан маңдайына жазылған» ата-анасының жолын қуады. Біреулер жоғары оқуорнына ең жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, аленді біреулер үйіне жақын оқу ғимаратына құжат тапсыруға асығады.

Мамандықтаң дауадам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен былайша атүсті қараужеңілтектіктің белгісі. Сондықтан бұл мәселенің шешімін мүмкіндігіңіз шеаса мәнберіп, байыппен қабылдаңыз.

2 қадам Дұрысшешімөзқолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шығаалмай қалмаңыз, олар не айтсада, бұл– сіздің тағдырыңыз.

3 қадам Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қалауыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Мектеп бағдарламасынан қай пән ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Сіздің бейміділігіңізге көп нәрсе байланысты.

4 қадам Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді өз ой елегіңізден өткізіңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан  мен нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп нәрсе білуге тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерін іс барысында көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын мекемелерге экскурсияға шығыңыз. Программист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана қанағат тұтпай, ең болмаса бір қарапайым бағдарлама жазып көріңіз. Дайындық курстарына жазылсаңыз тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл жазғы каникул кезінде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс-бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.

5 қадам Сұранысты да  назарда ұстаңыз

Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білуде пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған конкурстарда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандықтарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы бар. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызды қай жоғары оқу орнында қалай даярлайтынын анықтаңыз. Дегенімен, нарық қажеттілігі құбылмалы. 3-5 жылдан кейін мүлдем басқаша болуы мүмкін. Демек, жүрегіңіздің таңдауына жүгінгеніңіз абзал.

6 қадам Мамандар не дейді?

Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде мектеп психологы немесе психолог-кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы  психологиялық тесттер де бар.

7 қадам Қорытынды шешім

Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңіз ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екі бөлікке бөліп, плюс және минус жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз. Тізімде 3 пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп – ең соңғы шешім қабылдаңыз.



 

Қорытындылау

 

- Бүгін сіздер әртүрлі мамандықтар туралы білдіңіздер. мамандықтар, өмірде өз кәсібіңді қалай таңдауға болатындығы туралы мамандық қуантты, ләззат әкелді, қажет өзіңізді қазір дайындаңызкөбірек қызықтыру онымен, сонда ғана қателесіп, дұрыс таңдау жасай алмайсың.

 

Әлемде көптеген мамандықтар бар,

Оларды санауға болмайды.

Бүгінде көбі керек,

Өзекті де, маңызды да.

Ал сен тезірек есейесің,

Мамандықты меңгерт.

Істе бірінші болуға тырыс

Және адамдарға пайда әкелу.

 

- Жарайсыңдар, барлықтарың белсенді болдыңдар, демек тақырып сендерге қызықты болды. Сабақ аяқталды. Баршаңызға рахмет.















жалпы орта білім беретін мектеп

«Бекітемін»

Тәрбие - ісі жөніндегі орынбасар:



«Мамандықтар әлемі»





Сынып :

Күні:

Класс жетекшісі :





2023-2024 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!