Мамаңдықты дұрыс таңдау
қаншалықты маңызды
Әр
адамның өмір жолында маңызды шешімдер болады,мамандық таңдау сол
маңызды шешімдердің бірі болып табылады.
Себебі бұл таңдау тек жұмыс емес,адамның өмір
салтына,арманына,табысына,тіпті бақытты болашағына тікелей әсер
етеді. Мамандық ол сенімен мәнгі болады,сол себепті дұрыс таңдау
жасау керек.Дұрыс таңдалмаған мамандық адамның өмір бойы өкінуіне
себеп болуы мүмкін.Ал егер адам өз жүрек қалауымен,қабілетіне сай
жол таңдаса,ол күн сайын дамып шабыттанып,өзгелерге де пайдасын
тигізе алады.Бүгінде таңдау көп,бірақ соның ішінде өз орныңды табу
үлкен жауапкершілік.Кейбір адамдар ата анасының қалауы
бойынша,кейбіреулері тек табыс үшін мамандық таңдайды бұл дұрыс
емес. Шын мәнінде, мамандық адамға қуаныш сыйлауы керек,сол кезде
ғана ол өз ісін сүйіп,еңбек нәтижесі де жоғары
болады.
Ал мамандықты қалай дұрыс таңдай
аламыз?
Біріншіден-өзіңді тану өте маңызды.Қандай
іс-әрекеттер сенің ішкі әлеміңе сай келеді?Қандай салада өзіңді
еркін сезінесін?
Егер адам өз қызығушылығы мен қабілеттерін
түсінсе,онда өзіне лайық мамандықты табу жеңіл
болады.
Екіншіден-мамандықты таңдауда қоғамдық және
экономикалық жағдайларды ескеру маңызды. Әрбір уақыттың өз
ерекшелігі мен талаптары болады.Қазіргі уақытта кейбір мамандықтар
өте сұранысқа ие болып жатса,басқаларының маңыздылығы төмен болуы
мүмкін. Мысалы,цифрлық технологиялар мен интернет саласындағы
мамандықтар қазіргі кезде өте танымал,ал кейбір дәстүрлі
мамандықтар баяу өзгеріп келеді.Сондықтан таңдаған мамандықтың
болашақта жұмыс табу мүмкіндігі арттыру үшін экономикалық және
әлеуметтік өзгерістерді қадағалап отыру керек.
Үшіншіден-мамандықты таңдауда өзінің еңбекқорлығы
мен табандылығын ескеру маңызды.Кейбір мамандықтар
шығармашылықты,ал басқалары техникалық дағдыларды талап етеді.Бірақ
қандай мамандық болмасын,оған деген қызығушылық болуы керек.Егер
адам өз ісіне шын жүректен берілсе,қиындықтарға қарамастан,ол өз
мақсатына жетеді.Мамандық таңдау барысында тек табысты болуды ғана
емес,еңбек процесінен ләззат алу керек.
Қорытындылай келе мамандық таңдау-өмірің ең
маңызды кезеңдерінің бірі.Ол тек қазіргі жағдайымызға ғана
емес,болашағымызға да әсер ететін маңызды шешім.Сондықтан бұл
шешімді асықпай,өзіміздің ішкі
дүниемізді,қабілетімізді,қызығушылығымызды толық түсініп қабылдау
кажет. Мамандық таңдауда ата-ананың қоғамның пікірлеріне құлақ
асқанымен,соңғы шешім әрқашан өзінде болуы керек.Қорыта
айтқанда,мамандықты дұрыс таңдау-ол адамның өз болашағын,өмір сүру
сапасын және қоғамға деген үлесін ойлай отырып қабылдайтын саналы
қадамы. Сондықтан бұл шешімге үлкен жауапкершілікпен қарауымыз
қажет.Өз мамандыңын дұрыс таңдай білу-өмірдегі үлкен
жеңіс.Сондықтан мен сенімді түрде айтта аламын,сіз өз
мамандығыңызды дұрыс таңдайсыз!Бұл таңдау сізді жарқын
болашаққа,үлкен жетістіктерге жеткізетіне
сенімдімін.
Тұрсынқан Томирис
Алматы қаласы
Кенен Әзербаев атындағы орта
мектеп