жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандықты дұрыс таңдау. Сынып сағаты
«№40 орта мектебі»
Тақырыбы: «Мамандық дегеніміз не?»
Көшедегі қауіпті заттардан қалай аулақ болуға болады?
5 «В» сынып
Сынып жетекші: Баймуханова А.Б.
2024-2025 оқу жылы
Сынып сағатының жоспары
|
Тақырып: |
Мамандық дегеніміз не? Көшедегі қауіпті заттардан қалай аулақ болуға болады? |
|
|
Сынып жетекшінің аты-жөні: |
Баймуханова Айым Берикановна |
|
|
Күні: |
13.01.2025ж |
|
|
Сынып: 5 «В» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Мақсаты |
«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау үшін неге бейімделу керектігі жайлы ой бөлісу. Балаларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге тәрбиелеу |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагог әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар |
|
|
І.Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіздер ме, балалар! Алдымен мынадай тренинг ұйымдастырып жіберейік. Әр бала өз тілектерін айтады, яғни осы балалардың айтылған жақсы тілектері адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз. Бүгінгі біздің өтейін деп отырған сынып сағатымыздың тақырыбы «Мамандық дегеніміз не?». Осы тәрбие сағатына орай сендерді «Кездейсоқ таңдау» әдісі арқылы үш топқа бөлінеміз. Топтық жұмысымызды бастамас бұрын тақырыпқа сай шағын кіріспе сөзге назар аударайық. Мұғалім:
— Атақты ғұлама Әл –
Фараби айтқандай 1.«Миға шабуыл»— ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді: «Мамандық» сөзіне анықтама беру. |
Амандасу, құрал жабдықтарын, дәптер дайындайды Бір-біріне бүгінгі күнге жақсы тілек тілейді (Жүректен-жүрекке) 1. Әдепті бол! 2. Мейірімді бол! 3. Кішіпейіл бол! 4. Қамқоршы бол! 5. Тәртіпті бол! 6. Инабатты бол! 7. Қайырымды бол! Мұғалімді тыңдайды. «Мамандық» сөзіне анықтама береді. |
.be/0z0QJzK3K2A |
|
Ортасы |
Мұғалім: Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
Әсемпаз болма әрнеге
Мұғалім:
Профессия- мамандық дегенді білдіреді. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық және болашақта сұранысқа ие мамандықтар туралы бейнежазбаларды көрсету. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. 2. «Білеміз бе?» мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар, топтар бірлесіп сұрақтың жауабын дайындап, жазу І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды
3.Балалар келесі сұрақтар қойылады: -Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме? -Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар? -Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе? -Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек? -Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек? -Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек? -Сіз қандай маман болуды армандадыңыз? -Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек? -Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар? -Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда
4.«Ең жақсы мамандық» ойыны.
Әрбір командадағылар қатысушыларға
мынадай сұрақ береді, Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері
ұсынылады:
6. Қазіргі заманның табысты мамандары.
7.Осы жөнінде балалар пікірін тыңдайық. —
Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма? Осы сынып сағаттан не алдыңыз? Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін? Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің. Топтарды бағалау, мадақтау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.
«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп
таңдау» демекші, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі
қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі
толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды
талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден
бастап, өз-
өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен
икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды
таңдаңдар.
Бәріміз де алдымен мынадай «Тізбекті үзбе»
ойының ойнайық. Көшедегі қауіпті заттардан қалай аулақ болуға болады?
|
Балалар сұрақтарға жауап береді
-мамандық дегеніміз – адамның
еңбек қызметінің түрі.
Қалаған мамандықтары туралы өз
ойларын айтады. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Білім алушылар өз ойларымен бөліседі:
— Біздің болашағымыз –
біздің мамандығымызда;
— адамның алдағы
уақытқа қойған мақсатының бірі; Бейнежазбаларды көреді Топтар бірлесіп сұрақтың жауабын дайындап, жазады. І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды Білетін, естіген, көрген мамандықтарын теріп жазады және дәлелдейді Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді: Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады Қартайғанда да мамандық таңдауға болады Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек Ақша болса, мамандық қажет емес Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды Мамандық таңдау – күн көріс қамы 3.Балалар сұрақтарға жауап береді. Жауаптар: -Компьютерді білу; -Басқа тілді, ағылшын тілін білу. -Адамдармен қарым-қатынас жасай білу. -Өз тауарын, қызметін өткізе білу. -Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау. -Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік Сергіту сәті. Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып бір бұрышқа қарай ұшырады. Әр топтан бір баладан шығып, кімнің жазғанын табады. 4.«Ең жақсы мамандық» ойыны. 5. Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу ушін өз үлестерімізді қосуымыз қажет 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуымыз қажет. 6. табысты мамандар:
Аниматор – суретке жан
бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер
салушы. 3D-аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер.
Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен
телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар
мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр. 6 бала:Грим жасаушы суретші.
Қауіпті заттармен жанасудың салдары:
|
https://www.youtube.com/watch?v=xs8wO33yxj0 https://www.youtube.com/watch?v=IqW4w46S6nA |
|
Соңы |
Рефлексия: «+,-, қызықты» әдісі бойынша оқушылар сынып сағаты барысында алған білімдері бойынша пікір білдіреді; Үйге тапсырма: өз таңдаған мамандығы туралы эссе жазу. |
|
|
Сұрақтар
|
Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме? |
|
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар? |
|
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
|
|
Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек? |
|
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек? |
|
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек? |
|
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз? |
|
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек? |
|
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар? |
|
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады? |
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген