400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Манас" жыры 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға арналады. Ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары жарияланған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиет Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Манастың балалық шағы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат – жырдың мазмұнына тоқталып, жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен ұқсастығын түсіндіре кету.
2. Дамытушылық мақсат - ой – өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік мақсат – елін, жерін сүюге, адамгершілікке баулу. Адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстыру, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Көркем әдебиеттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі

2. Топқа бөлу. "Ер қаруы-бес қару" қарулармен топқа бөлу

"Шоқпар" тобы

"Айбалта" тобы

"Қылыш" тобы

-Жақсы, топқа бөлінсек, Бүгін біз "Манастың балалық шағы" сабағымызды қорытындылаймыз. Ол үшін /bilimland.kz назарымызды аударайық.

Манас эпосы Гиннес рекордтар кітабына енген. Толық тексін жарияласа 40 томға жетеді екен.1958 жылы кітап күйінде шыққан көлемі 500 000 жол.

-Үй тапсырмасы қандай? Жақсы,сабағымызды үзінді айтудан бастайық?

-Жақсы, ендеше топтарға бірнеше тапсырмалар беремін:

1-тапсырма: Постермен жұмыс

Батырлық деген не? деген тақырып бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады. Батырлар іс-әрекетін жинақтап, дәлелдейді, салыстырады, шешеді. Себебін түсіндіреді. Сыни тұрғыдан өз пікірін ауызша да, жазбаша да қорғайды, тұжырымдайды.

Батырлық деген не?

2-тапсырма. "Мәтінмен жұмыс"

"Шоқпар" тобы- мәтіннен әкесі Жақыптың сөзін табу

"Айбалта" тобы- мәтіннен қария Ақбалтаның Жақыпқа қайырған жауабы

"Қылыш" тобы- сөз маржаны, сөздікпен жұмыс.

3-тапсырма. "Адасқан сөздер" "Манас" жыры жайлы ұлылар пікірінен.

"Шоқпар" тобы

Өз басым өзге елге сапарға шығып

Әрқашан қажет тұтып    Өзге жұрттың табалдырығын аттасам

Өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін

Бірі Манас          Бірі М.Әуезов

Екі түрлі ұлттық асылым бар.

Бұл тірек-схемадан Қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың сөзін оқисыздар: « Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттасам, әрқашан қажет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін, екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі Манас, бірі М.Әуезов»

"Айбалта" тобы

«ескі мифтерінен, Манас-Қырғыздың аңыздарынан, ертегілерінен жиналып төңірегіне топтастырылған энциклопедия. , бір адам-Манас Бұл жағынан ол даланың Иллиядасы тәрізді»

Ш.Уалиханов


Манас-Қырғыздың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам-Манас төңірегіне топтастырылған энциклопедия. Бұл жағынан ол даланың " Иллиядасы" тәрізді. Ш.Уалиханов

"Қылыш" тобы

өзі жасаған ,Әр халықтың рухани ескерткіші бар, өлмейтін-өшпейтін солардың

бірегейі-"Манас". қырғыз елі үшін М.Әуезов

Әр халықтың өзі жасаған, өлмейтін-өшпейтін рухани ескерткіші бар, қырғыз елі үшін солардың бірегейі-"Манас". М.Әуезов

4-тапсырма. "Зымыран сұрақтар" Иә, жоқ деп жауап береміз
1. "Манас" жыры қазақ халықтың шығармасы.(Жоқ, қырғыз)
2. Манас жырын зерттеген Ш.Уалиханов.(Иа)
3. Манасшылар Жырды айтатын кісілер.(Иа)
4. Жыр төрт бөлімнен тұрады.(Жоқ 3)

5.1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Манас" дастанының 1000 жылдығын атап өтті.(Жоқ 1995 жылы)

6. 1996 жылы 3 томдық "Манас" энциклопедиясы жарық көрді (Жоқ.1995 2 томдық)

7.Шері-арыстан (Жолбарыс)

8. Манас эпосы Гиннес рекордтар кітабына енген (Иа)

9. Манас сегіз жаста.(Иа)

10."Дәу жынды"- Манастың аты (Иа)

11.Жақып-қарияның есімі. (Жоқ, әкесінің)
12. Белгілі ақын М.Шаханов пен әдебиетші Р.Отарбаев жырды қырғыз тілінен аударып, қарасөзбен жазып шықты.(Иа)

13. Бұрт-қырғыздарды кемсіткен атау. (иа)
Сергіту сәті
Батырлар туралы мақал – мәтелдерді еске түсірейік:
1. Елін сүйген ер болар
2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
3. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар
4. Ерлік білекте емес, жүректе.
Қорытынды: bilimland.kz тест белгілеу
Сабағымызды қорытындылай келе
, М. Әуезовтың сөзімен айтатын болсақ: « Манас пен Алпамыстың бір кездері бір жыр, түпкі нұсқасы бір жыр болуы да мүмкін»
Үйге тапсырма: «Туады ерлер ел үшін» шағын мәтін жазу.

Оқушыларды бағалау . Критериалды бағалау арқылы топ басшысы бағалайды


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
899
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі