Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәндес теңдеулер

Материал туралы қысқаша түсінік
(Т) «Аялдама» әдісі арқылы есептер шығару. Дәптермен жұмыс Мақсат: Шарт бойынша өрнек құрастыру дағдысын қалыптастырамын. І қатардағы оқушылар : № Тапсырма: Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2, 5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болды? 2, 5x – 12 = x + 12 2. 5x – x = 12 + 12 1. 5x = 24 x = 16 2,5х=2,5*16=40 2,5х+х=40+16=56
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Математика Сынып: 6 Күні: 15.01 Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Мәндес теңдеулер

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу;

6.2.2.3 бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу

Сабақ мақсаттары

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге берілген есептерді шығара біледі.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге берілген күрделі деңгейдегі есептерді шығара алады. Мәтіндік есептерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру арқылы шығара алады.

Бағалау критерийлері

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді анықтайды;

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге арналған есептерді шығарады.

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді табуға арналған есептерді құрастырады.

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін пайдалана отырып теңдеулерді түрлі тәсілдермен шешеді.

Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады: Математика тілінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Теңдеу, айнымалы, теңдік,

Сыныптағы диалог (жазылым үшін сай келетін тіл стилі): Деңгейлік тапсырмалар орындау. Суреттермен жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

- Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады ?

- Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

Пән аралық байланыстар

Информатика, бейнелеу өнері

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы білетін болады және есептерді шығара алады.

Сабақтыңжоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



(Т.Ж.) Психологиялық ахуал: Шаттық шеңберін құру арқылы өлең шумақтарын қайталай отырып жағымды психологиялық және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын

Ш аттық шеңбері


Сабақ ортасы



(Т) «Аялдама» әдісі арқылы есептер шығару. Дәптермен жұмыс

Мақсат: Шарт бойынша өрнек құрастыру дағдысын қалыптастырамын.

І қатардағы оқушылар : №

Тапсырма: Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2, 5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болды?
2, 5x – 12 = x + 12
2. 5x – x = 12 + 12
1. 5x = 24
x = 16
2,5х=2,5*16=40

2,5х+х=40+16=56

Ж: Алғашқыда ІІ жүйекте 16 түп бүлдірген болған.

ІІ қатардағы оқушылар : №
Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?
х - кітап саны
(x - 18)*3=x+18
3x - 54=x+18
2x=72
x=36; Ж: Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында 36 кітап болды.

ІІІ қатардағы оқушылар

Екі санның қосындысы 348-ге тең,Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем бірінші санды табындар.

x+y=348 
0.8x+6=y

x+0.8x+6=348
1.8x=342
x=190 Бірінші сан: 190

ІV топ: №884

Дүкенге әрқайсысы 1,5-кг нан және 1,8-кг нан барлығы 11 орам өрік әкелінді.1,5-кг нан оралғанбарлық өріктің 1,8 -кг нан оралңан барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әрқайсысы 1,5-кг нан неше орам өрік әкелінді

х-әкелінген 1,5 кг-дық орам саны
(11-x)-1.8кг-дық орам
1,5x =1.8*(11-x)

1,5х=19,8-1,8х

1,5х+1,8х=19,8
3.3x =19.8
x =19.8:3.3
x =6; Ж: Дүкенге әрқайсысы 1,5кг-нан 6 орам өрік әкелінді.

(Ж) «Іріктеу» әдісімен теңдеудің натурал сан түбірін табуды орындау. № есеп.

Мақсаты: Теңдеудің натурал сан түбірін табу дағдысын қалыптастырамын.

Тапсырма:

1) х(х+3)=10 х=2 2(2+3)=10

2) х(х-1)=42 х=7 7(7-1)=42

3) (х+7)х=18 х=2 (2+7)2=18

4) (х-9)х=36 х=12 (12-9)12=36

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей. №862. Теңдеудің түбірін табыңдар:

7х-(3+2х)=х+9

7х-3-2х=х+9

5х-х=9+3

4х=12 х=3

ІІ деңгей. №877. Теңдеуді шешіңдер:

9(3х-7)+3(8х-11)=3(9х+8)

27х-63+24х-33=27х+24

27х+24х-27х=24+63+33

24х=120 х=5

ІІІ деңгей. №895. Теңдеуді шешіңдер:

)

10-у+6у+16=3у+18

-у+6у-3у=18-10-16

2у=-8 у=-4




































































Сабақтыңсоңы




Рефлексия

Оқушылар «Кеме» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты желкенді жасыл, сары, қызыл түске бояу арқылы орындайды.. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді деп ойлаймын.





Дифференциация

Қабілеті жоғары оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге байланысты түрлі тәжірибелер жасау.

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Берілген тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалаймын.

Оқушылардың деңгейлік тапсырмаларды орындауда проблемаларды шешу жолдарын дұрыс қарастырылуын бақылап отырамын.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқудағы қиындықтарды анықтап түрлі проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

  • Қолмен белгі беру әдісі

арқылы бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пән: Математика, Сынып : 5 . Сабақ реті:№84, Мерзімі_15.01

Тақырыбы:

Бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.24

санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;

5.5.1.4

санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Бөлігі бойынша санды табу есептерін шығаруға үйрету. 

Оқушылардың басым бөлігі:

Оқушылар тақырыпты біледі, түснеді және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы сөздік қорларын дамытуға пайдаланады

Кейбір оқушылар:

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімді ұштай біледі.

Топта жұмыс жасауға қалыптасады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

.Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.


Сабақтың ортасы (6-35 минут)

(МК,Ұ)

1 - есеп. Оқушының кітапханасында 70 оқулық бар. Бұл ондағы барлық кітаптардың
2/5 - сіндей. Оқушының кітапханасында неше кітап бар?
Шешуі: Есептің берілуі бойынша 70 оқулық оқушының кітапханасындағы кітаптардың 2/5 - сіне тең.
2/5 - сі – 70 (кітап) болса,
1=5/5 -? (кітап).
Егер кітапханадағы барлық кітаптардың 2/5 - сі 70 кітапқа тең болса, онда 1/5 – і: 70: 2=35 (кітап).
Кітапханадағы барлық кітаптар 5/5 немесе 1/5∙5. Демек, кітапханадағы барлық кітап: 35∙5=175 (кітап)
Сонда 2/5 бөлікке сәйкес 70 санын 2 - ге бөліп, 5 - ке көбейттік, яғни 70 - ті 2/5 - ге бөлуді орындадық.
70: 2/5 =( ∙5)/2_1 =175. Жауабы: 175 кітап.
175 санын оның бөлігі бойынша таптық.
Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.
2 - есеп. Машина 145 км жол жүрді. Бұл оның барлық жүруге тиісті жолының 5/9 - індей. Машинаның барлық жүруге тиісті жолы неше километр?
Шешуі: (үлгі): 145: 5/9 = (145∙9)/5=261 (км).
Жауабы: 261 км.
Бөлігі бойынша санды теңдеу құру арқылы да табуға болады.
3 - есеп. Кесіндінің 5/7 - і 15 см - ге тең. Кесіндінің ұзындығын табыңдар.
Шешуі: (үлгі). хсм – кесіндінің ұзындығы. Есептің шарты бойынша кесінді ұзындығының 5/7 - і 15 см - ге тең. Демек, 5/7 х=15. Онда х=15: 5/7 =15∙7/5=21. Кесіндінің ұзындығы 21 см.
Қоян бізге досын ертіп келмекші. Егер оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындасақ досының кім екенін анықтаймыз. 
№1 тапсырма. Түсіндірме жұмыс. 
Ойлаған санның 7/1 бөлігі 3-ке тең. Қандай сан ойлады? 
Ойлаған санды теңдеу құру арқылы табамыз. 
Х : 7 = 3 
Х=21 
№2 тапсырма.Ауызша. 
а) х : 5=5 ә)x : 2=3 б)x : 8=3 
x=25 x=6 x=24 
№4 тапсырма. Салыстыру.3 қатардан бір-бірден шығып, жарыса орындайды. 
1м*623см 2ц.30кг*300кг 860м*8м.5дм 
1кг*100г 2тәул.5сағ*30 сағ 840кг.*9ц 


Оқулық



1жұмыс дәптері


Қосымша тапсырма:1.7

1жұмыс дәптер

Сабақтың соңы( 36-40мин)



Әдісі: «Ауа райы» керібайланысы. (2 мин)

Есептер шығару арқылы сабақты бекіту
№831. Санды табыңдар:
15: 3/4=15∙4/3=20,
45: 5/9 =45∙9/5=81,
13: 1/2 =13∙2=26,
6: 2/3 =6∙ 3/2 =9.
№832. 1) Тиін шамамен 6 жыл жасайды. Бұл қоянның жасауға тиісті жасының 3/5 - іне тең. Қоян неше жыл жасайды?
Қоян -? Тиін - 6 жыл. 3/5 б. Шешуі: 6: 3/5=6 ∙ 5/3=10 (жыл)
Жауабы: Қоян 10 жыл жасайды.
№833. Тік төртбұрыштың ені 4 1/5 см, бұл оның ұзындығының 1/2 – індей. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар. а -? в - 4 1/5 см 1/2 б.
Шешуі: 4 1/5 1/2=(21∙2)/5=42/5=82/5 (см ұзындығы)
P=2(a+в), Р=2(8 2/5+4 1/5 ), P=2∙123/5, Р=2∙63/5, Р=(2∙63)/5, Р=126/5, Р=251/5(см)
Жауабы: Тік төртбұрыштың периметрі 251/5 сантиметрге тең.
№834. Бірінші жәшікте 8 кг алма бар. Бұл екінші жәшіктегінің 4/5 – індей. Екі жәшікте неше килограмм алма бар?
І жәшік – 8 кг 4/5 б.
ІІ жәшік -?
Шешуі: 8: 4/5 =8∙ 5/4=(8∙5)/4=10 (кг ІІ жәшік)
10+8=18 (кг)
Жауабы: Екі жәшікте 18 килограмм алма бар.
№835. Марат барлық ақшасының 5/7 - іне кітап сатып алғанда, оның 50 тг ақшасы қалды. Алғашқыда Маратта қанша ақша болды?
Алғашқыда -? тг
Қалғаны – 50 тг.
Шешуі: 50 теңге Мараттың ақшасының қандай бөлігі?
5/7=2/7.
50: 2/7 =50∙7/2 =25∙7=175.
Жауабы: Алғашқыда Маратта 175 теңге ақша болды. (В)
№836. Бөлігі бойынша шамаларды табыңдар:
16: 4/7=16∙7/4=28( м)
30: 5/8 =30∙ 8/5 =48 (дм)

Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
2514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12