Тақырыбы: «Тәуелсіздігім
деп соғады жүрегім»
Мақсаты: Еліміздің 25 жыл ішінде қол жеткізген
толымды табыстарын балалардың өнері арқылы паш ету, шығармашылық
қасиеттерін дамыту, мерекелік көңіл - күй сыйлау. Өз Отанына, туған
жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін,
әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар,
оқушылар! Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздгінің
25
жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ
ЖҮРЕГІМІЗ» атты көркем сөз оқу байқауына қош
келдіңіздер. Байқау 2 бөлімнен тұрады.1-ші бөлім
Тәуелсіздік деп соғады
жүрегіміз» мәнерлеп көркем сөз оқу. 2-ші бөлім
«Біз Тәуелсіз елдің
болашағымыз» атты шығарма жазып келу.
2-жүргізуші:
16-желтоқсан Тәуелсіздік алған
күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,
Үміті боп елінің.
1-жүргізуші:
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
2-жүргізуші: Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны «Менің
Қазақстаным!»
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.
1-жүргізуші:
Мен-қазақпын мың өліп, мың
тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң
тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн
түрілген.
2-жүргізуші: Бүгінгі байқаудың әділ-қазылар
алқасымен таныс болыңыздар:
Байқаудың әр кезеңі 3, 4, 5 ұпайлық жүйемен
бағаланады.
1-жүргізуші: Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта
алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға
толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары
дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер:
мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны, ғасырлар бойы
ата-бабамыздың қаны тамған топырақ
киесі.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік – жүректерде тұншығып
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
1-жүргізуші: Байқаудың бірінші бөлімін
бастаймыз.Алдарыңызда Қалқаман
Сариннің «Тәуелсіздік»
өлеңімен 10 класс оқушысы
Кеңесбаева Нұрсезімді қарсы
алыңыздар.
2-жүргізуші: Қазылар алқасынан әділ бағасын беруін
сұраймыз.
1-жүргізуші:
Тәуелсіз елдің ұлы өжет,
Қызы – қайратты,
Халқы – қаһарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!
Тәуелсіздік үшін тәніңді де,
Қаныңды да,
Жаныңды да аяма!
2-жүргізуші:Алдарыңызда өлеңімен «Қақақстан»7«А»
класының оқушысы Инятова Кариманы қарсы
алыңыздар.
Қазылар алқасынан әділ бағасын беруін
сұраймыз.
1-жүргізуші:
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Отан деген от басынан басталар,
Отбасыма от салмасын басқалар.
Отан деген қасиетті, киелі,
Отан десем оянады асқақ ар!
2-жүргізуші: Әлия Дәулетбаеваның «Тәуелсіздік,
тәтті үмітім едің сен..» өлеңімен алдарыңызда 9 «А» класының
оқушысы Шүкірбаева Асылайды қарсы
алыңыздар
Қазылар алқасынан әділ бағасын беруін
сұраймыз.
1-жүргізуші:
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
2-жүргізуші:Алдарыңызда 8 «А» класс оқушысы
Зайдулла Гүлмира Тұманбай Молдағалиевтің «Тәуелсіздік» өлеңімен
қарсы алайық.
Қазылар алқасынан әділ бағасын беруін
сұраймыз.
1-жүргізуші:
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ
елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта
келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі
өлмеске,
Айта бергім келеді, айта
бергім!
2-жүргізуші: Алдарыңызда 4 «Ә» класының оқушысы
Өтениязов Нұрболды Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңімен қарсы
алайық.
Қазылар алқасынан әділ бағасын беруін
сұраймыз.
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші:Күләш Ахметованың
«Тәуелсізбін» өлеңімен 5
«А» класының оқушысы Николаева Гүлдәуренді қарсы
алыңыздар.
Қазылар алқасынан әділ бағасын беруін
сұраймыз.
2-жүргізуші:
Кең
байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
1-жүргізуші: :«Қазақстан-Тәуелсіздік» өлеңімен 4 «Ә»
класының оқушысы Баймұратқызы Маржанды қарсы
алыңыздар.
Қазылар алқасынан әділ бағасын беруін
сұраймыз.
2-жүргізуші:
Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
1-жүргізуші:Алдарыңызда 5 «Ә» класс оқушысы
Жақыпова Аружанды Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік»өлеңімен қарсы
алайық.
Қазылар алқасынан әділ бағасын беруін
сұраймыз.
2-жүргізуші:
Азат
өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
1-жүргізуші:
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.
2-жүргізуші: 6 класс оқушысы Кеңесбаева Ақниеттің
орындауында күй «Балбырауын»
1-жүргізуші: Байқаудың 2-ші бөлімі «Біз Тәуелсіз елдің
болашағымыз»атты шығарма жазып келу.Байқауға
қатысушылар рет-ретімен шығып шығармаларынды оқып
беріңіздер.
2-жүргізуші: Бүгінгі байқаудың қорытындысын айту
үшін әділ-қазылар алқасына сөз
береміз.
1-жүргізуші:
Қазақ
елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, халайық,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,
егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Келесі
кездескенше сау болыңыздар!