Тақырыбы: «Мен өмірді жырлау үшін
келгенмін»
Мақсаты: Ақынның шығармашылығын, өмірін жас бүлдіршіндерге
түсіндіру. Оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Ақиық
ақын
Мұқағали Мақатаевтың өмірімен өзектес жырларының
құдыретін
сезіну, өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл
шұрайын
таныту, үлгі алу.
Көрнекілігі: ақынның суреті,
кітаптар,буклет,слайд.
Жүру
барысы
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар
және
бүгінгі сайысқа қатысушы сөзі мәнерлі, қаламы әсерлі
кішкентай
бүлдіршіндер!
«Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден» деп жырлап өткен Мұқағали
Мақатаевтың 88 жылдық мерейтойын атап өтіп, мәнерлеп оқу
сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгін менің туған күнім.
Ой,бәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, дей келе бүгінгі Ақиық ақынның
туған күніне арналған «Мен өмірді жырлау үшін
келгенмін!» атты мәнерлеп оқу сайысын
бастаймыз.
Қазақтың әйгілі ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақыны Мұқағали
Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз
кеңшарында дүниеге келген. Ақынның азан шақырылып қойылған
аты-Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын алып жүру жас балаға ауырлық
етеді» деп ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп
атап кеткен. Мұқағалидың әкесінің аты Сүлеймен, ал анасының аты
Нағиман. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті аудан
орталығы Нарынқолда интернатта оқып бітіреді.Балалық шағы соғыспен
тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды.
Ең алғашқы өлеңдері 1948 жылы «Советтік шекара» газетінде жариялана
бастады. Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың
хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болып, 1949
жылы көктемде Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге
Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Жұлдыз, Айбар атты ұлдары келді. Ал,
Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали
ағамыздың қабырғасын қайыстырды.Кейін 1962 жылы маусым айында
Алматыға көшіп келіп, осы жерде өзінің көптеген шығармаларын
дүниеге әкелген. Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен
де, ақындық ғарышқа самғатқан да-осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы
қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды.Дантенің,
Шекспирдың шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз-
Мұқағали Мақатаев 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.Халық ақыны,
қазақ жырының шоқ жұлдызы, сұлулық сарайының шебер тасқалаушысы
тірі болғанда биыл ақпанның 9-ында 88 жасқа толар
еді.
Мұқағали Мақатаев қаламынан «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға
жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан» т.б.
жыр жинақтары туған. Бүгінгі сайысымызда Мұқағали Мақатаевтың
өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы сайыскерлеріміздің шығармашылық
қабілеттерін сынайтын боламыз. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға
шақырып, сәттілік тілейік!
Р/с Аты-жөні Сыныбы Шығармасының
аты
1. Мүбарак Бурхан 1-сынып оқушысы «Сүйемін өскен
Отаным!»
2. Сансызбаева Жания 1-сынып
оқушысы «Үш бақытым»
3. Болатбеков сырым 2-сынып
оқушысы «Пай, пай өмір!»
4. Сәдуақасова Інжу 2-сынып
оқушысы «Жоқ, дәрігер!»
5. Сариев Жанарыс 3-сынып
оқушысы «Қайырлы түн»
6. Сағынтаева Жанар 3-сынып
оқушысы «Аққулар ұйықтағанда»
7. Болатбеков Дәулет 4 сынып
оқушысы «Әке»
8. Шамшаұлы Ұлан 4-сынып
оқушысы «Ақ гүл»
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындыққа арқа тұтқан,
Құрметті әділқазыларды қарсы
алайық!
Сайысымызды бастамас бұрын байқауымызға төрелік ететін қазылар
алқасымен таныс болыңыздар:
1 Мектеп директорының бейінді жөніндегі орынбасары
М.Избанов
2 Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі К.Жолмырзаева
3 Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Ж.Төлегенов
Сырым да
осы,
Жырым да
осы,
Алдыңда.
Байқашы
бір,
Бықсыдым ба,
жандым ба?
Махаңдар
жоқ,
Махаңдардың
сарқыты –
Мұқағали
Мақатаев бар мұнда , - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ
жырының шоқ жұлдызы ол-Мұқағали
Мақатаев!
Ендеше әділ қазы алқасымен таныс болдық, олай болса сайысымызды
бастаймыз.
Тағы да, тағы, тағы да
Тағы да сына, білгішім
Кіріп ап менің жаныма,
Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Бір жырым-менің бір балам,
Мезгілсіз шала тумаған,
Мерзімі жеткен шағында,
Шығам деп сыртқа тулаған,-деп келесі кезекті мәнерлеп оқу сайысына
береміз.
Енді, қазылар алқасы сайыскерлеріміздің жалпы ұпайын шығарғанша,
ақиық ақынымыздың өз даусымен айтылған өлеңдерін тыңдалық және
сұрақтарға жауап берейік.
1.Ақиық ақынымыз қай жылы және
қай айда өмірден өтті?
(1976 жылы, 27 наурыз)
2 Мұқағали Мақатаевтың әкесі мен анасының есімдері кім?
(Әкесінің аты-Сүлеймен, анасының аты-Нағиман)
3 Ақынның азан шақырылып қойылған аты кім?
(Мұқаметқали)
4 Мұқағали Мақатаев кім?
(ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист
ақын)
5. Мұқағали Мақатаевтың қандай өлеңдері бар?
(«Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар
ұйықтағанда»,
«Шуағым менің», «Өмір-дастан» т.б.)
6 Ақиық ақынның әйелінің аты кім?
(Лашын)
7 Мұқағали Мақатаевтың неше ұл, неше қызы бар?
(2 ұлы, 3 қызы бар)
8 Ақиық ақынымыз қай жылы және қай айда өмірге келді?
(1931 жылы, 9 ақпанда)
9 Ақынның қайтыс болған қызының атын ата?
(Майгүл)
10 Ақын неше жасында өлең жаза бастады?
(10-11 жасында)
Сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізіліп отырған
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!» атты мәнерлеп оқу сайысы өз
мәресіне жетті.Келгендеріңізге көп-көп рахмет, келесі кездескенше,
қош сау болыңыздар!