"Мәңгі өлмес із қалдырған жырыменен"тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мәңгі өлмес із қалдырған жырыменен"тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

«Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған»

Күні


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір шығармашылығымен таныстыру,өмірін көрініс арқылы көз алдарына елестету, қазақ өлеңдерін мәнерлеп оқуға,мағынасын аша білуге, көрерменге жеткізе білу тәрбиелеу.


Құндылықтарды дарыту

қазақ өлеңдерін мәнерлеп оқуға,мағынасын аша білу

Апта дәйексөзі

«шығармашыл бала – ойлы бала».

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі


Тәрбиеші сөзі:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

   Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден. Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу

үшін,

Мен-дағы жазбаймын өлеңді ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан , айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақшымыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.












Компью

тер



Баяу музыка қосылады












Сабақ басы












Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаеавтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен, бақыттты халық. Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған. Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын. Ендеше дүлдүл ақиық ақынымызға арналған  «Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз














Ортасы


1-Жүргізуші

Мәңгілікке өзіммен ала кетер,

Менің нәзік жанымды кім түсінер?!... деп қынжыла жазып, өмірдің базарынан жылап қайтқан қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толуына арналған «Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған » атты еске алу, әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмайтын ерен жүйрік,талантты тұлға-Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан, оны біріміз білсек,біріміз білмейміз. Енді бір сәт ақынның өмірінен көз жүгіртсек.

1-Жүргізуші М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.

Әкесі Сүлеймен осы өңірде тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы болған. Сұрапыл соғысқа өз тілегімен аттанып, Калинград майданында ерлікпен қаза тапты.

2-Жүргізуші Балалық шағыннан-ақ ақын ерте есейді. Үш ұлмен қалған анасы Нагимаға ұлдарын өсіру оңайға түскен жоқ.10 сыныпты бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласты. Алдымен ауыл советтің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, 7 жылдық мектептің мұғалімі болып қызмет істеді.

1-Жүргізуші: Мұқағалидың 10 жасында әкесі соғысқа аттанады. Бала кезінен еңбекке ерте араласып, тез есейді. Жесірлердің көз жасын, әкесінен қара қағаз келген жетімдердің мұңын, бейнетті өмірді көрді. Мұқағали сол кезден бастап өлең шығара бастаған екен. Ең алғаш әкесіне арнап «Әке аманаты» өлеңін жазды Тұрдахмет Алдияр «Әке аманаты»

2-Жүргізуші: Бұл өлең асқар таудай әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

Ақын «Өткенде ғажап түс көрдім. Шешем Нағиман Батанқызы басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасында күлімсірей қарап маған қарай келе жатыр екен. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деген ұзақ толғаныстан «Шеше сен бақыттысың өлең жолдары анаға деген сағыныштан дүниеге келіп еді»» Макежан Анель «Шеше сен бақыттысың» 1-Жүргізуші: Ақын Мұқағали өз өмірінде талай қиындыққа душар болса да,қаламын жанынан тастамады.Қарымды қаламгердің қаламының ұшы мұқалмады.

Ән «Бақыт деген »орындайтындар Мадияр мен Жасұлан

2-Жүргізуші: «Поэзия-үміт сенімі,жүрек дірілі,жан тынысы,шексіз сезімге толы махаббат», осы құдіретті белгілердің бәрі Мұқағали поэзиясынан табылады. «Поэзия! Менімен егіз бе едің? Ураш Айгерім

1-Жүргізуші:

Талай да талай шыңды астым,

Тастағы гүлмен мұңдастым.

Қарағайлармен құрдаспын,

Қайыңдармен сырласпын.

Тайсалмай өзім тауда өстім,

Таласар, қане, бар ма ешкім?! –      

дей келе ақынның туған еліне деп шығар өлеңінің бірі «Қарасаз» оқитын Қымбат

2-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев 1000 –нан астам өлең жазып, Ильич, Райымбек, аққулар ұйықтағанда тәрізді тағы да бірқатар поэма –толғаулар, көркем аудармалар қалдырды. «Ақын қай тақырыпта жазса да,жан жүрегімен тебіреніп, ақындық шабытпен, суреткерлік шеберлікпен жеріне жеткізе жазады. Енді ақынның өлең жырларына кезек берейік Айбек, Інжу, Айару, Айдана, Балауса, Қанат, Мирас

-Жүргізуші: «Аққу-киелі құс»,аққуды халқымыз ежелден қастерлеп бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады. Оған дәлел-ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы үзінді

Мұсахан Шыңғыс «Аққулар ұйықтағанда»

1-Жүргізуші: Ақынның ғұмырлық поэзиясы әнге айналып көкте қалықтайды.Ақынның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуаныш пен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.

Би «Қамажай» бишілер тобы

2-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.







Соңы





























Тәрбиеші:

Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «
Мәңгі өлмес жырымен із қалдырған»атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі