400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы, сәбидің жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Алғашқы отансүйгіштік, патриоттық сезімдері отбасы мен балабақшадағы тәрбиеден бастау алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәңгілік ел» құндылықтары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу.



«Балапан» бөбекжайы КМҚК

Тәрбиеші Сыздыкова Анар

Абеновна



«Мәңгілік Ел» идеясының маңыздылығы «Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...», - деді Елбасы Н. Назарбаев. «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңымен бекітіліп, 2016 жылғы 26 сәуірінде қабылданған алғашқы жалпыхалықтық идея. «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі –жалпыхалықтық құндылықтарды жоғары қойып, қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіретін, Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендетіп сақтауға және дамытуға арналған бірден бір құралы болып табылады. «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісінің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңге деген сенім ұғымдары орныққан. Мектепке тәрбие – барлық тәрбиенің бастауы, сәбидің жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Алғашқы отансүйгіштік, патриоттық сезімдері отбасы мен балабақшадағы тәрбиеден бастау алады. Туғандарына, жақындарына деген махаббаты, туған өлкесіне, қаласына сүйіспеншілігі бала санасына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Елімізде тұрып жатқан әр бір қазақстандық ұлтына, жасына, шығу тегіне қарамастан Актіде белгіленген жеті негізгі құндылықтарды қастерлеп, бағалау қажет. Әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да бағалайтын, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруға тиіспіз. Бұл - Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі.

«Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деп белгілеген. Сол себептен педагог мамандар мен барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет - ұлттық идеяны қоғам өміріне енгізу болып табылады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізгі тұжырымдары мыналар болып табылады: - әлеуметтік құндылықтар жүйесін қалыптастыру; - тәрбие ұстанымдары мен ойларын біріктіру; - ата-бабамыз бен басқа халықтардың мәдениетін үйлестіру және сақтау; - қазақстандық патриотизмды қалыптастыру. Берілген негізгі тұжырымдарды тәрбие барысына енгізу үшін алдымызда тұрған міндеттер: - балаларда азаматтық, патриоттық, өзіндік сана сезімді қалыптастыру; - эстетикалық құндылық және талғаммен ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті игеру; - еңбек етуге ынталанып, өз мақсатына, табысқа жетуге және бәсекеге қабілетті өмір сүру үшін тәрбиелеу; - салауатты өмір салтын сақтап, дене тәрбиесімен айналысуға ұмтылу. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын мектепке дейінгі ұйымдарда енгізудің негізгі кезеңдері: - дайындық (мотивациялық-ұйымдастырушылық); - негізгі (енгізу); - қорытынды (жалпылама). Дайындық кезеңі (мотивациялық-ұйымдастырушылық) Мақсаты: «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін оқу-тәрбие жүйесіне енгізу бойынша педагогикалық ұжымның сұранысы мен мүмкіндігін зерделеу. Міндеттері: Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үдерісінде «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің бағыттарын тиімді қолдану үшін оның негізгі ерекшеліктеріне талдау жүргізу; оқу әдебиеттерінің мазмұнын зерделеу, озық педагогтардың тәжірибелерін талдап, тарату. Жұмыс мазмұны: түрлі жас ерекшеліктеріне сай мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын жұмыстың ерекшелігін анықтау; мәселелерді шешу жолдары; мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесін талдау (әдістемелік, техникалық, кадрлық); «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын негізге ала отырып, жылдық жоспар құрастыру, жұмыс бағдарламалары мен ұсынымдарды әзірлеу. Негізгі кезең (енгізу) Мақсаты: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі бағыттарын білім беру үдерісіне қолдануға жағдай жасау. Міндеттері: «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін енгізу үшін материалдықтехникалық базаны нығайту және жетілдіру; тәрбиелік, әдістемелік, үйретуші, тренингтік түрлі шараларды ұйымдастыру арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеру; Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыруда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; педагогтар арасында тәжірибемен бөлісуді жүйелі ұйымдастыру; педагогтың балалармен бірлескен әрекетін инновациялық педагогикалық технологияларды кіріктіру арқылы өзгерту. Жұмыс мазмұны: «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін тәрбиелеу-оқыту үрдісіне енгізуді жүзеге асыру үдерісінде, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған түрлі әдістемелік шараларды ұйымдастыру; «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін енгізу бойынша инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануды әртүрлі іс-әрекет түрлерімен кіріктіру. Қорытынды кезең (жалпылау) Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін енгізу бойынша орындалған жұмыстарды қорытындылау. Міндеттері: педагогтардың тәжірибесін ұсыну және жуйелеу; «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін іске асыруды талдау; мектепке дейінгі білім берудің жаңа сапасына жету бойынша педагогтардың тәжірибесін жалпылау және тарату. Жұмыс мазмұны: педагогтардың шеберліктерін жетілдіру бойынша олардың қызметін талдау; «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін білім беру үдерісіне енгізу бойынша БАҚ арқылы жұмыс тәжірибелерімен бөлісу. Тәрбие негізі балалық шақтан қаланатындықтан «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін жүзеге асыру барысын отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда да мақсатты түрде ерте жастан жүргізу. Оқыту рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық сана-сезімді дамытуға, зайырлы құндылықтарды 10 нығайтуға, мемлекеттің көпэтникалық жағдайын ескере отырып, барлық ұлттармен сыйластық қарым-қатынас жасай білуге бағытталады. Ұлттық идеяны жүзеге асыруда педагог маңызды рөл атқарады. Педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында келесі шараларды пайдалану ұсынылады: Мектепке дейінгі ұйымда «Мәңгілік Ел» [8]

Мектепке дейінгі ұйымда «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін енгізу бойынша рухани адамгершілік құндылықтарды, патриоттық сезімдерді қалыптастыруға байланысты әр түрлі тақырыпта педагогикалық кеңестер өткізу. - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай ашық шаралар; - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне және тағы да басқа іс-шаралар өткізу; - ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынаста, ашық сабақтар өткізу, тренингтер мен әр түрлі оқыту шараларына қатысу. Ресурстар ретінде отандық әдебиет, киноматография, публицистика, поэзиядан материалдарды және тарихи тұлғалар, батырлар мен соғыс ардагерлерінің өмірлік ұстанымы туралы жеке шығармаларды қолдану ұсынылады. Баланы ұлттық мәдениет пен дәстүрге жақын таныстыру барысында мерекелерді атап өту үлкен рөл атқарады. [8,10]







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауы 11ноябрь 2014ж «Болашаққа бастар жол»

  2. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісіне «мәңгңлік ел» патриоттық актісін енгізу.

  3. Государственный общеобязательный стандарт дошкольного воспитания и обучения Республики Казахстан (постановление Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 292)







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі