Мәңгілік
елім-Қазақстаным
Мәңгілік
ұғым түсінігі – барша адамзатқа ортақ
қазына. Оның негізінде саналы-санасыз
тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны
игеруге құштарлығы жатыр.
«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі,
оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем
кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай
халықтың басынан өткен тарихи шындық.
Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан
берекесіздік талай елдің тағдырын
құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне
төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде
жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің
қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ
ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні
біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз
қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі
қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған
Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің
қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы
Жолдауында айтылған осы бір сөздер
әрбір саналы азаматтың жанын тербері
сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік
сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан
мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі
- ана тілімен де тығыз байланысты. Олай
болса, мәңгілік елдің онымен қатар
жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы
да шарт.
«Мәңгілік
ел» Патриоттық Актісінің негіздері
мақсатында КМҚК «Айналайын» ясли
бақшасында өткізілетін іс-шара жоспары
жасақталған.Осы жоспар бойынша «Тілім
менің тірегім» ертеңгілігін тәрбиеші
Г. Арыштанова өткізді.Бұл ертеңгілікте
балалар ана тілімізде тақпақтар
айтты.Ортаңғы топ тәрбиеленушілері
«Тәуелсіз елім» атты ән шырқады. «Елімнің
еркіндігі –тәуелсіздік» тақырыптық
оқу іс-әрекетін Ж.Садықова ортаңғы топ
тәрбиеленушілер арасында
жүргізді.Балабақшамызда «Мәңгілік
Елім-Қазақстаным» тақырыбында стенд
шығарылды.Бұл стендке «Мәңгілік ел»
Патриоттық Актісінің негіздері
мақсатында өткізілетін іс-шара жоспары
мен фото суреттері ілулі.Қ.Сарсенованың
ұйымдастыруымен «Менің елім –Қазақстан»
атты бейне ролик көрсетілді.Балабақша
тәрбиеленушілері бұл роликті асқан
қызығушылықпен тамашалады.
Ұлттық
құндылықтарды балалардың бойына сіңіру
мақсатында балабақшамызда ханталапай
ұлттық интеллектуалдық ойыны өтті.
Ұлттық ойындар біріншіден әртүрлі
ерекшелігін даралап көрсететін ұлтқа
тән қасиеттерді ашып айтып көрсете
алатындығымен ерекшеленеді. Екіншіден,
ұлттық ойындар, ұлттық әдет-ғұрыптарды
салт-сананы, дәстүрді өз ойына жақсы
сіңірген, сол арқылы жас ұрпақ ана
сүтімен ұлтқа тән қасиеттерді ойын
барысында еркін меңгеріп бойына
жастайынан дамытуға мүмкіншілік алады.
Балабақшамызда «Мәңгілік
Ел» идеясының маңыздылығын ата-аналарға
түсіндіру барысында түрлі әңгімелер,
кеңестер,сауалнамалар жүргізіліп
тұрады.Мереке қарсаңында ертеңгіліктер
мен ашық шараларға ата-аналар қатысып
өз бағаларын береді.
«Тәуелсіздік
тұғырым», «Патриоттық тәрбие отбасынан
бастау алады», «Қызым қызғалдағым-Ұлым
ізгі арманым» атты ашық шараларға
шараларға ата-аналар жие қатысады.Тәрбиеші
Ә.Дюсова Қазақстанның кереметтері
тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу
қызметін өткізді.
Бүлдіршіндерге ұйымдастырылған оқу
қызметінде мемлекеттік рәміздер, өзінің
туған қаласы, ауылы, елінің тарихымен,
табиғи қоры және байлығымен, көрікті
жерлеріміз туралы ұғым қалыптастырады.
Ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен
«Атамұра» мұражайына эксскурсия
жасадық.Ол жердегі көне заттар,
жәдігерлермен балалар тереңірек танысып
қайтты. Ел боламын десең бесігіңді түзе
дейтін қасиетті халықтың ұрпағымыз.Бала
жүрегіне ұлттық құндылықтарымызды
балабақша табалдырығынан бастап сіңірсек
оң нәтиже берері сөзсіз.