400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлең ҚР конституциясы күніне арналған Өз қаламымнан туған туынды
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мәңгілік ел мекенім


Еңселі елім менің,

Кең, байтақ жерім менің.

Мәңгілік мұратың боп,

Өркендеп кемелдендің.



Мәңгілік ел дегенің,

Әлемге ерлегенің.

Алпауыт мемлекетпен,

Терезем тең дегенің




Мақтаныш маған елім,

Мақтаныш туған жерім.

Мәңгілік арта берсін,

Абыройың, бедел, шенің.




Мәңгілік ел данасы,

Ақылды елбасымыз.

Астана бас қаласы,

Сарайлар, кең қосымыз



Елімнің ертеңімін,

Ақтаймын ел сенімін.

Үмітін үкілеген,

Ақ ниет желкенімін.


Бірлігің жоғалмасын,

Қазынаң тоналмасын,

Ұрпағың иманды боп,

Ұмытпас бір Алласын.















Ата Заңым - айбыным


Ата Заңым – айбыным,

Баспас елді қайғы-мұң.

Әділдіктен тұратын,

Қазынам мен байлығым



Ата Заңым – тірегім,

Бөлімдерін білемін

Жаттап келем баптарын,

Ақтарамын қатпарын


Ата Заңым - елдігім,

Азаттығым, теңдігім

Конституция күні деп,

Той тойлауда ел бүгін


Ата Заңым – айбарым,

Жырламайды қай дарын.

Елдігіме жырымды,

Арнаудан мен таймадым



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі