Мәңгілік ел -
болашағымыз!
Осы дала саған ортақ, маған да
Мұндай мекен таба алмайсың
ғаламда.
Сый құрмет, ізет-құрмет
барлығы,
Тең дарыған біздегі әр адамға.
Баурап алған ұлы дала аспанын,
Ынтымақ бірлік дейтін асқақ үн.
Қазақ жері - отандастар ошағы,
Биік мүдде біріктірген
бастарын.
Қазіргі таңда біздің елде басқа да өркениетті
елдердегі сияқты кейінгі ұрпақтың мәнді де, мағыналы өмір сүруіне
үлкен мүмкіндік бар. Елдігіміздің мәні халқымыздың ынтымағында,
бірлігінде, бейбіт өмірінде деп ойлаймын. «Мәңгілік ел» боламыз
десек, бізге ең алдымен , тұрақтылық, татулық, ынтымақ, достық,
бірлік керек екенін түсінуге тиіспіз. Біз мұны қалай қабылдап,
бағалап жүрміз!? Иә, болашағымызды бағалауда бақыт екен ғой, бұл
ғаламда! Зерделеп, зерлей қарасақ ол үшін Қазақстанда өмір сүріп
жатқан барлық этностардың ауызбіршілігі, елдің тұтастығы ерекше
маңызға ие екені белгілі. Бұл тұрғы да Қазақстан өзге елдерден оқ
бойы озық тұрғаны анық. Жұдырықтай жұмылып бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығарған халық қана кез келген қиындыққа мойымай төтеп
беретіндігі хақ.
Қазіргі әлемдік түрлі экстремистік ұйымдардың
қауіп- қатерінің алдын алу мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт
Жоспарын бекітіп берді емес пе?! Аталған басым - бағыттардың жүзеге
асуында Қазақстан халықтар Ассамблеясының да өзіндік үлесі орасан
зор. Өйткені, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел ғана алдына
мақсаттар қойып соған жету жолында әрекет етеді. Рухы биік халық
қиындыққа қайыспай, ауырға мойымай қыран құстай сонау көкке, биікке
самғап ұмтылады емес пе?! Елдің тұтастығы мен тыныштығы - өмірін
сарп еткен ерлер мен батырлардың өлшеусіз ерлігінің, асқақ рухының
арқасында келді емес пе?! Бұл қасиетті ерлік шежіресі -бүгінгі буын
арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңіре білсек болашағымызға
нық сеніммен қараймыз.
Мәңгілік ел – ата - бабамыздың сан мың жылдан
бергі асыл арманы болды емес пе? Иә,ол арман - әлем елдерімен
терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
Тәуелсіз Мемлекет атануымен тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан,
ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Иә,біз
армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Еліміздің мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге
арналды. Аз уақыт ішінде біздің ел қайта өрлеп, биікке шарықтады,
жұлдыздай жарқырап көптеген жетістіктерге қол жеткізе алдық.
«Мәңгілік ел» мұратына жету жас ұрпақтардың, біздің бүгінгі
бірлігіміз бен сабақтастығымыздың көрінісі арқылы жүзеге асатыны
анық. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан
сүрінбеу бірлігіміз бен берекемізге байланысты.