400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Мәңгілік ел - Қазақстан!» сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғарғы сынып оқушыларына сонау ғасырлар бойы «Елім» деп еңіреген ер- ұлдарымыз өздерінің ержүректілігімен , батырлығымен тарихта үлкен орын алса, бүгінгі жас ұрпақ өз білімімен, зеректілігімен, зейінділігімен, таланттылығымен білім көзін игерсін деген ой түйгізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәңгілік ел - Қазақстан!»

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар 16 желтоқсан тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай өткізейік деп отырған «Мәңгілік ел – Қазақстан!» атты танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі шарамыздың мақсаты Сонау ғасырлар бойы «Елім» деп еңіреген ер- ұлдарымыз өздерінің ержүректілігімен , батырлығымен тарихта үлкен орын алса, бүгінгі жас ұрпақ өз білімімен, зеректілігімен, зейінділігімен, таланттылығымен білім көзін игерсін деген ой түйгізу. Сайысымыз сайыс бойынша жүргізіледі. Бұл ойынға үш топ қатысады. Әр команда бес-алты мүшеден тұрады. Топты команда капитаны басқарады. Командалар жеті турдан өтіп, өз елінің тарихын толыққанды білетіндіктерін дәлелдеп беруі тиіс.

Бүгінгі қатысушыларымызға сайыс ережелерін яғни жоспарын таныстырып өтейін. Қатысушы топтар: «Атамекен», «Тәуелсіздік қыраны», «Егемендік»

Жоспары:

1.Таныстыру (ұран, эмблема, плакат)

2. «Танымдық сұрақтар»

3. «Қазіргі Қазақстан» (шығарма)

4.Қара өлең оқу.

5 «Кім шапшаң?» команда капитандарына сұрақ (Жеті жарғы. Жеті киелі сан)

6. « Қоржын қалта» (мақал-мәтелдер сайысы, тақырыбы: Туған жер, отан, ел, ерлік, батырлық)

7. Сергіту сәті (жарыс жүргізу)

8. Бағалау



Жүргізуші:


Тәуелсіздік текке бізге келмеген,


Талай бабам қанын төгіп терлеген.


Бабалардың ғасыр бойғы арманын,


Білерсіздер бүгінгі ұрпақ жалғарын.


Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,


Туымызды бізге ешкім бермеді.


Ел тізгінін қолына алу жолында


Қыршын кетті талай қазақ ерлері.



–дей отырып, тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер Ал, ендеше бастаймыз. Топтар өздерін таныстырсын.



І топ «Атамекен » тобы , ұраны: «Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген

Намысын ешкімге қолынан бермеген

Тұс-тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған »



ІІ топ «Тәуелсіздік қыраны» тобы, ұраны: «Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңі»

ІІІ топ. «Егемендік» тобы, ұраны: «Егемендік еңсесін көтерді елдің,

Көркейтіп табиғатын туған жердің

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік,

Арманға – асқар биік жетеледің»



2-тур. «Танымдық сұрақтар»

1.Жәнібек пен Керей сұлтандар қай жылы қазақ хандығын құрды? (1465)

2.С.Датұлы кім? (Сардар, батыр)

3.1731 ж. қандай оқиға болды?(Кіші жүз Ресей империясына қосылды)

4.М.Өтемісұлы қай ғасырда өмір сүрді?(ХІХғ)

5.А.Құнанбаев кім?(ақын)

6.ҚР- ның конституциясы тұңғыш қашан қабылданды?(1993ж 28 қаңтар)

7.1986 ж. оқиға (желтоқсан оқиғасы)

8.Жолаушы мұраты – (жету)

9.«Жеті жарғы» кімнің заңдары?

10.Ең қадірлі адам – (ана)

11.Соғыста ерлік көрсеткен адам - (батыр)

12.Қазақстан астаналары болған қалалар? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

13.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қай жылы, қай айда дүниеге келген? (06.07.1940)

14.Қазақ хандығының іргесін қалаған кім?(Керей мен Жәнібек)

15. Төл теңгеміз айналымға қашан енді? (15.11.1993)

3-тур. «Қазіргі Қазақстан» (шығарма). Көлемі 2-3 бет. Оқып шығып, қорғайды.

4-тур. Қара өлең оқу. Әр топтан бір оқушы жатқа айтады.

5 – тур. «Кім шапшаң?» команда капитандарына сұрақ (Жеті жарғы. Жеті киелі сан)

1.Жеті жарғы қай хан тұсында шығарылды? (Тәуке хан)

2. Жеті жарғыны жасауға кімдер қатысты? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

3. «Жеті жарғы» заңдар жинағы негізінде қазақтың тайпа, ру басылары жылына бір рет жиналған. Жиналысқа қалай келу міндеттелген? (қарумен)

4. Ер адамның құны қанша қой болса, әйел адамның құны қанша қой болған? (1000,500)

5. «Жеті жарғы» заңы қай уақытқа дейін қолданылып келді? (ХІХ ғ.)

7. «Жеті жарғы» заңының тараулары нешеу, ата? (Жеті жарғы – жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар – жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.)

8. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел тексіз» мағынасын түсіндір.

9. «Жеті атаны» атаңыз (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)



6. « Қоржын қалта» (мақал-мәтелдер сайысы, тақырыбы: Туған жер, отан, ел, ерлік, батырлық)

Ел мен жер егіз.


Елге бай құт емес, би құт.

Жұрт дегенде жұмылып,

Ел дегенде егіліп.

Иесіне керек болса қоңсы өкпелемейді.

Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ.

Түгел сөздің түбі бір,

Түп атасы Майқы би.

Е, құдайым, би қыл,

Би қылмасаң, би түсетін үй қыл.

Елшіге өлім жоқ.

Елдестірмек елшіден,

Жауластырмақ жаушыдан.

Елшінің қылышы – тіл.

Ел ағасымен жарасады,

Киім жағасымен жарасады.

Аталар сөзі –

Ақылдың көзі

Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

Адам елінде көгерер,

қоға көлінде көгерер.

Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

7. Сергіту сәті (жарыс жүргізу)

ҚАЗАҚСТАН

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н














































































Әріптерді пайдалана отырып оқушылар жаңа сөздер құрайды

8. Бағалау. Қазылар алқасы балл қояып, үздік топты анықтайды.

Жүргізуші:

Он алтыншы желтоқсан -Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн

Жасай берсін, ұлы күн!

Үміті боп елінің,

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп шалдардың,желтоқсан,

Елдің ұлы мейрамы,

Жаңа шыққан көктемдей.

Жаз күніндей жайдары,

Арымыздай тап – таза,

Жанымыздай шуақты,

Көтерілді биікке ,Қазақстан байрағы!

Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған,

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан,

Естісін ел үніңді,

Дүние түгел естісін,

Тәуелсіздік туыңды,

Биік көтер, жас ұлан!


- дей отырып сайысымызды қорытындылаймыз.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі