Тақырып бойынша 22 материал табылды

Мәңгілік ел- ізгі мұратымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңлік ел туралы, оның қасиеті туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жангелдин ауданы,

«Ш.Уалиханов атындағы Торғай жалпы

білім беретін мектебі»КММ- нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Зарыпбай Динара Ғалымбекқызы


Эссе


«Рухани жаңғыру – мәңгілік елге бастайтын сара жол».


Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше

үлес қосу – әрқайсымыздың міндетіміз.»

Ы.Алтынсарин


Менің елім- достығы мен ынтымағы жарасқан, бейбіт те еркін,

атамыздың қанымен, анамыздың көз жасымен жеткен тәуелсіздігіне қол жеткізген еркін де, бейбіт ел. Қазақстан Республикасы- әр ұлттың қанатын кеңге жайған мекені, жері кең, сол жерінде астығы мен қазынасы мол бір қасиетті,зайырлы, әділетті,өркениетті,азаматтық қоғам қалыптасқан мемлекет.

Біздің отанымыз әрбір азаматтың алаңсыз еңбек етуіне,өмір сүруіне жағдай жасайды.Қазақстан жерінде өмір сүрген әрбір жас ұрпақ,әрбір азамат қалаған білімін алады,еңбек етеді. Қазақ елі –ұлан- байтақ,тұғыры биік,еркіндігі

бар мемлекет. Бүгінде дені сау жас ұрпақтың үлгі тұтар ерліктер мен естен кетпес оқиғалары баршылық. Еліміз тұғыры биік,тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін өз басынан небір қиын кезеңдерді кешірді.Мың өліп,мың тірілген қазақ елі,сонау «Ақтабан шұбырындыдан» басталып,егемендігімізді алғанға шейін ата бабамыз,талай ақын- жыраулар,ақылы асқан би-шешендер,батырлар ақтық демдері қалғанша өз жандарын беріп,егемендігімізді алу барысында аянбай ерлік жасады.Еңселі бойлы Ер Есім,Тәуке,Әбілқайыр,Жанай,Абылай сияқты хандар талай нәтиежелі істерді бастап отырды.Ұлы Отан соғысында ер азаматтарымызбен қатар Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова сынды батыр апаларымыз ерлікпен майданға аттанды. Олардың ерлігі еш ұмытылмайды.

Тәуелсіздік! Осы бір сөзді айтқанда ойыма, көз алдыма ата- бабамның жүріп өткен жолы, салған сара ізі, ұрпағы үшін аянбай жанын берген кемел кезеңдері еске түседі. Осыдан бірнеше жыл бұрын өзіміздің кім екенімізді білмей, біреудің бодауында жүрген қазақ деген халық, бұлттан шыққан күндей бір- ақ күнде жарқ етті. Ел басына «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған » заман келді. Бұл қасиетті заман мен патриотпын, мен қазақпын, мен азатпын деген ата – бабамыздың, аға - апамыздың ерен ерлігімен жетті. Заман өзгерді. Егемен ел атандық. Есімізді жиып, жоғымызды түгендеуге кірістік. Осы тұрғыда ата – баба ерлігін жалғап, елім деп еңсегей бойын тік ұстап Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халықты Тәуелсіздік жолында біршама белеске жеткізді. Оған дәлел көркейген елім, кең байтақ жерім, бақытты балалық шақ, отанның әрбір мүшесі. Болашақтың рухани жаңғыруы. Рухани жаңғыру - мәңгілік елге ұласудың басты қарышты қадамы. Ол -«Мәңгілік ел» идеясы.

«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын.

«Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.

Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – « Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады. Сол ұрпақтың санасына Тәуелсіздіктің мықты тұғыр екенін, мәңгілік ел екенін сіңіру, оның бойында Отанға, елге деген патриоттық сезімін қалыптастыру, ана тіліне деген сүйіспеншілігін дамыту бүгінгі сіз бен біздің еншімізде. Бүгінгі ұрпақ- ертеңгі ел болашағы. Олай болса,білім деңгейімен шығармашылық қабілеті жоғары, жүрегі Отаным деп соғатын, өз ана тілін мақтан тұтатын ұрпақ болып тәрбиелену біздің басты міндеттеріміз екендігін ұмытпауымыз қажет. Біз бұл жолға оңай жеткен жоқпыз. Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін, өз ана тілін шұбарламас үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп , «қазақ жері», «қазақ тілі» деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды.

Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіздіктің бабаларымыздың сан ғасырғы арманымен келгенін Елбасымыз әрдайым қазіргі ұрпақтың есіне салып отырады:  себебі «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын ойшыл Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған болатын. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сонау көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді.

«Мәңгілік Ел» - біздің ізгі мұратымыз, ұлттық идеямыз, жасампаз еліміздің жарқын болашағы, ел мүддесі, тіліміздің, дініміздің беріктігі.

Қазақтан тағдыры үшін өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік!

Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік, тілі кемел ел ғана рухани жаңғыра алады. Рухани жаңғыру- мәңгілік елге бастайтын сара жол. Сондықтан да, ол ғасырлар бойы жасап келеді және жасай береді. Олай болса , Елбасы салған сара жолдан таймай, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін деп күш- қуатымызды аямай, ерік- жігерімізбен ұлт болашағы, мәңгілік елдің жасампаз болашағы ретінде өз үлесімізді қосып, аянбай тер төгейік, құрметті болашақ иелері. «Мәңгілік Ел» идеясы қарыштап дамып, қанатын кеңге жая берсін! Жүрегі «мен - қазақпын» деп соғатын ұрпағымыздың кемел келешегі жарқын болып, «Мәңгілік Ел» идеясын тұғырдан түсірмей, көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтатып, елтаңбамызды жарқыратар келешек ұрпақ жасай берсін!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.02.2025
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11