400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаев 1997 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан халқының болашағы мен мемлекетіміздің қызметтерін айқындайтын жыл сайынғы Жолдауларын жолдайды. Бұл біздің мемлекетіміздің даму жолында мақсатының айқындығын дәлелдейді. Жолдаулардағы мемлекет пен халық мүддесі үшін жүзеге асырылатын жобалар кезең-кезеңімен атқарылып, сабақтастығын сақтайды. Елбасы өзінің 2014 жылдың 17 қаңтарында жариялаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сұраққа: «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы...» деп оны айқындап берген болатын. Содан кейінгі 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформа, даму» жолдауында әлемдік дағдарыстан шығудың жолын көрсетсе, 2017 жылдың 3 қаңтарында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында жаңа заманға сай Қазақстанн
Материалдың қысқаша нұсқасы

МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ


Райсов Асанали Серікұлы, ББ «Тарих» 4 курс

Жетекшісі: Биназарова Назым Нурлановна


ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаев 1997 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан халқының болашағы мен мемлекетіміздің қызметтерін айқындайтын жыл сайынғы Жолдауларын жолдайды. Бұл біздің мемлекетіміздің даму жолында мақсатының айқындығын дәлелдейді. Жолдаулардағы мемлекет пен халық мүддесі үшін жүзеге асырылатын жобалар кезең-кезеңімен атқарылып, сабақтастығын сақтайды. Елбасы өзінің 2014 жылдың 17 қаңтарында жариялаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сұраққа: «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы...» деп оны айқындап берген болатын. Содан кейінгі 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформа, даму» жолдауында әлемдік дағдарыстан шығудың жолын көрсетсе, 2017 жылдың 3 қаңтарында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында жаңа заманға сай Қазақстанның үшінші жаңғыруының басымдықтарын белгілейді. Соның төртінші басымдығы - адами капитал сапасын жақсарту. Осы бағытты бірнеше міндеттер жүктеледі. Соның бірі – үш тілді оқыту, бұл жерде қазақ тілінің басымдығының сақталатынын тайға таңба басқандай айтқан. Сонымен қатар IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін көрсетті. Осы жолдауын сабақтастыра отырып, 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді.

Отанымыздың тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың бұл бағдарламалық мақаласы «Мәдени мұра» және «Халық- тарих толқынында» сияқты іргелі бағдарламалардың заңды жалғасы іспеттес. Мәңгілік ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп, рухани жаңғыруымыздың жаңа басым бағыттарын айқындап берген бұл бағдарламалық мақаланы «тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» ретінде қабылдадық. Мәңгілік ел болудың және ұлттың ұлт екенін анықтайтын ең басты белгілерінің бірі және оның ұлттық қасиетін сақтайтын негізгі өзегі, мәңгілік құндылығы тілі мен әліпбиі екені баршаға аян. Елдің руханияты мен мәдениетіне айрықша жанашырлықпен қарайтын Н.Назарбаевтың Мәңгілік ел болу үшін ұлтымыздың осы екі тірегі де мәңгілік болуы шарт екенін айқындап, латын әліпбиіне көшудің мән-маңызын дәлелді түйіндермен айшықтап берді. Осылайша бұл мәселе 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен шешімін таппақ. Сонау көне түркі ғасырларда руна тілінде балбалтастарды «сөйлеткен» бабаларымыз, кейін араб әліпбиінде таптырмас туындылар қалдырған ғұламаларымыз, одан бері Кеңес үкіметі құрамында үш түрлі реформадан өткен қазақ тілінің Қазақстан халқымен бірге «мың өліп, мың тірілгені» ақиқат.

Туған тіліміздің тарихи даму кезеңдерін негізге ала отырып, қазақтың шынайы болмысын айқындайтын шұрайлы тіліміздің, қаймағы бұзылмаған қазақ сөзінің терең мағынасын әлемге танытатын кез келді. Осы орайда алдағы уақытта қазақ тілін дамытудың, әлемге танытудың айналасындағы жоспарлы түрде жасалатын қыруар жұмыстарды әрбір қазақстандық латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиіне көшу - заман талабы және бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы, болашақтың бағдары екендігін санасына сіңіре отырып, тіл саясатының дамуына өз үлесін қосатынына кәміл сенеміз.

«Әліпби тек мәдениеттің өлшемі, өркениеттің белгісі ғана емес, ол- ұлттың таңбасы, елдіктің айшығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символдардың бірі...» -деп Дархан Қыдырәлі әліпбидің қазіргі қоғамдағы рөлін айшықтап белгілеп берді. Таңба таңдау - өркениет жолын таңдау деген сөз. Ендеше «Бір әліпби – бір ел» болайық!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 мамыр
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі