Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр »

 Мақсаты: « Қазақстан-2050 »стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық, бір ел - бір тағдыр, - деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру. Елбасы саясатын насихаттау.

 Көрнекілігі : ұлағатты сөздер, шарлар, елтаңба, ту, т.б.

 Барысы:

-         Қымбатты оқушылар бүгінгі Білім күні  сабағымызды  :  «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық - бір ел – бір тағдыр»  тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар, себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында осы тақырыппен сөз сөйлеген болатын. Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел» - бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «Бір тағдыр»- бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп - өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.

 

–         Олай болса келесі кезекте сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдайық.

(Оқушылардың пікірлерін тыңдау)

–         Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, елдің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес. Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» дейді. Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.

Келесі кезекте дана халқымыздың жауһар мұраларының бірі мақал – мәтелдердің мәнін ашып көрелік. (слайдпен көрсету)

«Алтау ала болса – ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса – төбедегі келеді»

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі мықты ел озады

Бір ананың баласындай   т.б   

(Бұдан шығатын қорытынды татулық пен бірлік бар жерде алынбайтын асу жоқ екендігін түсіндіру)  

-         Жаңа кезеңдегі ұлттық бірлесу үдерісінде қазақ халқының ролін нығайту өте маңызды. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірісудеміз. 2050 жылы Қазақстан жұдырықтай жұмылған бір тұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болуы тиіс. Бұл үшін Елбасымыз төмендегідей жеті міндетті атап көрсетті.

(Оқушылар негізгі міндеттер туралы айтып өтеді)

1. Қуатты да табысты мемлекет

2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі

3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен  татулығы

4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз

5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат

6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел

7. Ядролық қаруды таратпау режимін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз

-         Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың үштағаны сияқты «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Қазақстандағы достық пен татулықтың көрінісі Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайынан да көрінеді 

(Слайдпен пирамида туралы көрсетіп таныстыру)

 Қорытынды:

  • Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі білім күні Қазақстан –бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер екендігін түсінді деп сенемін.

Тұғырымыз - тыныштық, тірегіміз - тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын!































Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі












Тәрбие сағаты


«Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр»



















Өткізген: Абугалиев М.Г.









2017-2018 оқу жылы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
673
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12