Астана қаласы №8 мектеп
тарих және география пәнінің мұғалімі
Муханова Айзада Тонболатовна
«Мәңгілік ел болашаққа бастайтын абыройлы жол!»
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр", деген болатын. Енді міне "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз-түркілердің Мәңгілік ел идеясын-Қазақ елінің ұлттық илеясы ретінде жарияланып отыр. Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін әрбір қазақ үшін, ой-арманын астастырып үлгерген әрбір қазақстандық үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтумен, болшағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны-Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша, еркше бағалы.
Елбасының «Қазақстан- 2050» Жолдауында көтерілген «Мәңгілік ел» ұғымының пәлсапалық-саяси түп негіздері сонау сақ, ғұн, түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгі елден» іздейді. Оның «Күлтегін мәтініндегі «мәңгі ел» сөзі мемлекет атауынан гөрі қағанатты құрушы халықтың идеологиялық ұстанымына келіңкірейді. Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды. Осындай «мәңгілік ел» идеясы алпауыттардан құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» деп Президенттің Жолдауында айтылып отыр.
Даңқты өткен тарихымызда
«мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен
тікелей жалғайтын алтын көпір болған. Мәселен, алып елдермен тең
дәрежеде әріптестікте болу, сауда-саттық жасау, Ұлы Жібек
жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет құру,
адамгершілік пен көпшілдікті, дархандықты, ақжүректіктікті ту
еткен елдік қасиеттер «мәңгілік ел» қағидаттары
болыпсаналған.
Бүгінгі жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел»
идеясы бағзы түркілік тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың
заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің
кепілі.
Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың тарихи мүмкіндігі туды. Демек, халықаралық қауымдастықта мәмілегерлік, бейбітсүйгіш қырымен танылған тәуелсіз Қазақстанның әлі де ешкім мән бере қоймаған, толық іске қосылмаған әлеуеті бар. Осыдан ІІІ ғасыр бұрын аңырақайда болған шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеді. Сын сағатта туған елге перзенттік парызды бәрінен биік қоя білді. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірмізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтуіміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз қазақ елінің халқының перзентіміз. Бәріміздің туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз еліміздің "Мәңгілік ел" етуді мұрат қылдық. "Қазақстан-2050" стратегиясы осынау жолдағы буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы.
Тәуелсіз елдің өз қолымен құрған буыннaн басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастырaтынына кәміл сенім білдіруіміз керек. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз "Мәңгілік ел" боламыз. Қaзақстан жастары, яғни мектеп оқушылары-болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Сендердің озат ойларың мен кемел білімдерің-елімізді биік шыңдарда көрінетін тың мaқсаттарға апаратын құдіретті күш.
Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсу,реформалар,даму"атты Қазақстан халқына жолдауы аясында "Тәуелсіз елге -25 жыл"ауыл мектептері оқушыларының ІІ ғылыми-теориялық конференциясынa күш жігерімізбен келдік. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда.Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!Бір сөзбен айтқанда, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде қабылдау бүгінгі Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің тұтастығын сақтау идеясынан туындап отырғаны сөзсіз. Бұл идея тәуелсіз мемлекет алдында тұрған басты сұраққа жауап беріп, ұлттың болашақтағы дамуына жағымды әсер етуі тиіс.
Сонымен бірге, ұлттық идея алдыңғы қатарлы және адамзаттың даму бағыты мен үрдісіне сай келетін болуы керек. Міне, осы тұрғыдан келгенде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея десек, артық айтқандық емес.
Әдебиеттер тізімі
1. "Тарих толқынында" Н.Ә назарбаев
2. "Егемен Қазақстан " газеті 2016 жыл
3. Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ"халыққа жолдауы 2014 жыл 17 қаңтар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз