Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мәңгілік ел» болу – мерейлі мұрат

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Міндеті: баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәңгілік ел» болу – мерейлі мұрат



Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр", деген болатын. Енді міне "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз-түркілердің Мәңгілік ел идеясын-Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жарияланып отыр. Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін әрбір қазақ үшін, ой-арманын астастырып үлгерген әрбір қазақстандық үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтумен, боашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны-Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша, бөлекше бағалы.

Елбасының «Қазақстан- 2050» Жолдауында көтерілген «Мәңгілік ел» ұғымының пәлсапалық-саяси түп негіздері сонау сақ, ғұн, түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгі елден» іздейді. Оның «Күлтегін мәтініндегі «мәңгі ел» сөзі мемлекет атауынан гөрі қағанатты құрушы халықтың идеологиялық ұстанымына келіңкірейді. Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды. Осындай «мәңгілік ел» идеясы алпауыттардан құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» деп Президенттің Жолдауында айтылып отыр. Даңқты өткен тарихымызда «мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған. Мәселен, алып елдермен тең дәрежеде әріптестікте болу, сауда-саттық  жасау, Ұлы Жібек жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет құру, адамгершілік пен көпшілдікті, дарқандықты, ақжүректіктікті ту еткен елдік қасиеттер «мәңгілік ел» қағидаттары болып саналған. 
Бүгінгі жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы бағзы түркілік тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың тарихи мүмкіндігі туып отыр.



Біз бір атаның - қазақ халқының перзентіміз. Бәріміздің туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз еліміздің "Мәңгілік ел" етуді мұрат қылдық. "Қазақстан-2050" стратегиясы осынау жолдағы буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы. Тәуелсіз елдің өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенім білдіруіміз керек.. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз "Мәңгілік ел" боламыз.

«Елбасымыз “Қазақстан - 2050 стратегиясының” түп қазығы етіп, «Мәңгілік ел» ұғымын ұсынды.

7- басты құндылығымыз:

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен Елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050-Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.

2050- Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге белгісінің  Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.

Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай-ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің  өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.

Жолдаудағы маңызды бағыт – қазақ­стан­дық патриотизм. Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отан­сүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді

Қоғамның қай саласына болмасын, ең алдымен патриотизм керек. Қазақстан­дық ұмтылыс, толыққанды білім мен са­палы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, намыс жатыр. «Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Әрбір жас қазақстандық қыз-жігіт­тердің ой-санасында:«Мен – қазақстан­дықпын! Мен – елімнің патриотымын! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжіри­бемді осы мемлекеттің бүгіні мен бола­ша­ғына арнауым керек!» деген ой болуы керек. Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, ел­жандылық пен ерлікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз болмақ. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз — егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік!



2.«Елу жылда ел жаңа» демекші, өмір осы жылдары біраз өзгеріске ұшырады. Нарықтық заман орнады.

Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы қойылды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі - бүгінгі бүлдіршіндер. 
Балабақшада балаларды елжандылыққа тәрбиелеу, туған елі мен жерін сүюге баулу жұмыстарына аса көп көңіл бөлінеді. Атап айтсақ, Елбасына арнап өткізілген ертеңгіліктер, тақырыпты оқу-қызметі балалардың Қазақстанға деген мақтанышын арттырып, Елбасы туралы білімін кеңейтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған «Елбасы – ел тірегі»деп аталған тақырыпты оқу-қызметі балалардың Қазақстанға деген мақтанышын арттырып, деп аталған ертеңгілік барысында бүлдіршіндер Елбасының өмірбаянын, істеген қызметтерін атап өтіп, тақпақтарын айтып, «Президент» деген ұғымның қыр-сырына үңілді.

Оқу қызметінің мақсаты: Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Міндеті: баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.

Кіріспе бөлім:

Балалар мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.

1 – бөлім «Ой қозғау» .Сұрақтар қойып, жауап алу.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?

3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?

4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?

5.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар?

Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.



Оқу қызметін қорытындылау:

ӘН: «Көк тудың желбірегені» (Балалар қолдарына ту ұстап тұрып, әнді шырқайды.)

Тәрбиеші:  -Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген Елбасымыздың қорытынды сөзімен бүгінгі оқу қызметін аяқтаймын. 
Оқу қызметі барысында танытқан белсенділіктеріңе рахмет! Сау болыңыздар

Қорыта айтқанда, Президент алға қойған зияткерлік реформасы – болашақтың біртұтас ұлты – Қазақстанды одан әрі дамытудың ұлы негізі, қоғамды Мәңгілік Ел ұлттық идеясы төңірегінде топтастыру әдісі. Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік, әділдік, заңның басымдығы, отбасы және дәстүрлер – бұл құндылықтар¬дың бәрі мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің тұғырлы іргетасы екені сөзсіз.

Күтілетін нәтиже:Балалар Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. маңызын түсінді, бірлікті,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуді, Отанымыздың байлығын қорғауды үйренді.

 































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
642
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12