400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәңгілік Ел Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік Ел ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, қазіргі жастар қадір - қасиетін түсініп сақтауы үшін оқып ,білсін деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы


Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

«Құлан агротехникалық жоғары колледжі» КМҚК











Мәңгілік Ел

(эссе)








Оқытушы: Акишева Улбосын Максатовна

















Құлан ауылы

Мәңгілік Ел

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде. Еліміздің мұратына

айналған «Мәңгілік Ел» идеясы-халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.

Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені,тәуелсіздік бізге ата - баба қанымен, найзаның ұшымен, білектің күшімен келген.

Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, қазіргі жастар қадір - қасиетін түсініп , сақтауымыз керек.

Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс.Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын,бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін, білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп қастерлеуге міндетті. Жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мәдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тәрбиелеу басты міндеттердің бірі.Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік Ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни төл дәстүрімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп,ұштастыра білген,өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпыну керек.Мемлекеттің осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы- «Мәңгілік Ел» идеясы.

Қазақстан тағдыры үшін,өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз-егемендігімізді сақтап,мұратымызға айналған «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік.

Біздер елімізбен мақтанамыз.Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл-әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Байлығымыз да, бақытымыз да, болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз қажет.















































Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,

Жасай берсін,елдігіміз мәңгілік!

Ойымды Н.Ә.Назарбаевтың «Еліңнің ұлы болсаң еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан-теріңмен еңбек ет, жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген сөзімен аяқтағым келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
7125
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі