Материалдар / «Мәңгілік ел идеясы-Қазақстандық патриотизмнің түпқазығы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мәңгілік ел идеясы-Қазақстандық патриотизмнің түпқазығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2020
273
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
















«Мәңгілік ел идеясы-Қазақстандық патриотизмнің түпқазығы»




























Тақырыбы: «Мәңгілік ел идеясы-Қазақстандық патриотизмнің түпқазығы»

Мақсаты: Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу.



Патриотизмге тәрбиелеу – ұлттық қауіпсіздік жүйесімен шектесетін ең өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев біздің еліміздің ұзақ мерзімді даму әлеуеті шеңберінде абзал міндеттерінің бірі ретінде қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың міндеттерін айқындап берді. Елбасы жыл сайынғы өзінің жолдауында жастардың патриоттық тәрбиесіне баса назар аударады. Елбасының тапсырмасымен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленді. Бұл құжаттың мемлекеттік маңыздылығы Қазақстан білім ұйымдарының басшыларын, мұғалімдерді патриоттық тәрбиенің жеті қағидаты формасындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын түсіндіру, жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуге белсенді кірісуге міндеттейді. Тәрбие іс-әрекетінде, сыныптан тыс оқытуда, оқу пәндерін кіріктіру бойынша жұмысты күшейтудің қажеттігі оны жандандырады.

Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында: «Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», − деп атап көрсеткен болатын [1]. «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың іргетасы білім беру ұйымдарында қалануы тиіс. Бұл үшін мектепте сапалы білім берумен қатар мақсатты түрде саналы тәрбие жұмысын жүргізу қажет.

Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.

Елдегі орын алған оң өзгерістер білім беру ұйымдары қызметінің тәрбие жүйесінде өз көрінісін тауып отыр. Тәрбие ісінде жалпықазақстандық менталитетті, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерді ескере отырып, ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға, Қазақстанның патриоты-азаматын тәрбиелеуде ата-аналармен қатар мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің ықпалы зор.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.

Білім беруді жаңарту Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды.

Тәрбие процесінің табыстылығы педагогтер, оқушылар мен ата-аналар арасында орнаған қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ болғандықтан, олардың арасындағы одақ неғұрлым берік болған сайын тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты бола түспек.

Мектеп – балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін басты орталық. Мектепте тәрбиенің алуан түрі жүзеге асырылады. Жастарға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асырудың мынадай формалары ұсынылады: экскурсия, саяхат, тақырыптық кештер, брейн-рингтер, дөңгелек үстел, қызықты, іскерлік, рөлдік ойындар, қабырға газеті, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер, фестивалдар, викториналар, тренингтер, көрмелер, конкурстар.

Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біз үшін ең қымбат ақиқаттар орныққан.

Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайту,сақтау үшін мектепте көп жұмыс атқарылу керек. Жеті тұғырды іске асыру үшін, әр қайсысына жеке-жеке тоқталу қажет. Әрбір айға іс-шаралар жоспарлану керек.

«Мәңгілік Ел» идеясының бастамасы отбасы. Отбасы –тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарын игеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Тұлға өз отбасында өмірдің әр қилы мәнін, мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірлік қағидалары мен ұстанымдарын қалыптастырады, өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.

Ата-аналар қоғамының «Мәңгілік Ел» Патриоттық акт» құжаты туралы білуімен ғана сипатталмайды, сонымен қатар, оның түсінуі бойынша диагностикалық жұмыстарын жаңа құндылықтарға негізделген жалпы мектепішілік-отбасылық кеңістік жұмысын ұйымдастыру. «Мәңгілік Ел» құндылық жүйесі негізінде жұмысты жоспарлауға ата-аналарды қатыстыру, әр түрлі шаралар өткізуге тарту.

Нәтиже – міндеттерді шешу үшін ата-аналар қоғамын және мектеп ресурстарын біріктіру.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі бойынша ата-аналар көзқарасының кәсіптік-қоғамдық пікір мониторингісі бойынша сауалнама жүргізу.

Құрметті ата-аналар!

Сіздерден «Мәңгілік Ел» тәрбиелеудің жаңа құндылықтары туралы кәсіби-қоғамдық пікірге қатысты мониторингке қатысып, келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз:

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін енгізу мен жүзеге асыруда сіз үшін ақпараттың негізгі көздері болып табылады (үштен кем емес жауап нұсқаларын таңдаңыз):

а) сынып жетекшісі және (немесе) мектеп әкімшілігі;

б) сіздің балаларыңыз;

в) баспа бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал және т.б.);

г) электронды бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио және т.б.);

д) мектептің интернет-сайты;

е) басқа (көрсетіңіз)

2. Сіз жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы мен патриоттық тәрбиенің дәстүрлі құндылықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдай аласыз ба? Ол сіздің балаңыздың дамуы мен білім алу қабілеттінің нәтижесіне қалай әсер етеді?

а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын.

3. Сіздің балаңыздың «Мәңгілік Ел» құндылықтарын игеру кезінде сіз өзіңіздің рөліңізді сезінесіз бе?

а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын.

4. Сіз балаңыздың жеке басы дамуында қай саланы патриоттық деп есептейсіз: (бірнеше жауап таңдауыңызға болады)

а) спорттық-сауықтыру;

б) рухани-адамгершілік;

в) әлеуметтік;

г) жалпызияткерлік;

д) жалпымәдениеттілік;

е) жауап беруге қиналамын.

Ынтымақтастығыңызға рахмет!

«Мәнгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында оқушыларды

тәрбиелеудің азаматтық-патриоттық жүйесін одан әрі қарай нығайту керек.
Мұғалім сол жүйеге қатысты нормативті құжаттарды қарап, танысып, қолданудың тиімді жолдарын іздестіру керек. Ұстаздардың біліктілігі, жан-жақтылығы, шығармашылығы талапқа сай болуы тиіс. Мектеп директорлары, тәрбие ісінің меңгерушілері, ұжым, ата-аналар комитеті бұл іске белсенді араласуы керек.




Ең бастысы - оқушының бойында Отанына, Елбасына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін нығайту. Күнделікті сабақ арқылы оқушылардың туған еліне мақтаныш сезімін қалыптастыру қажет.

Мектептегі өзін-өзі  басқару  ұйымын жыл ішінде жүргізілетін жұмыс түрлеріне тарту. Өзін-өзі  басқару  ұйымынының белсенділері «Мәнгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бойынша жоспар құрастырып, сол бойынша оқушылармен жұмыс жүргізсе, нәтижеге жетеріміз сөзсіз.

Азаматтық-патриоттық бағытында оқушылардың көмегімен осындай сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс-шараларды жиі өткізу керек деп санаймын.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудағы басты рөл мұғалімде.

Мектептерде «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің жаңа нормативтік құжаттарын зерделеу бойынша әдістемелік семинарды дайындау және өткізу;

жаңа оқу жылында тәрбиелік жоспарларды сынып деңгейінде жаңа талаптарға сәйкес әзірлеу және түсіндіру, сынып жетекшілеріне көмек беру үшін шығармашылық топ құру; тәрбие жұмысының мектепішілік жоспарына өзгерістер енгізу.

Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру, баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеге жеткізу ұстаздық шеберлікті қажет етеді. Оқушылардың елін, Отанын сүю сезімін қалыптастыру, ерлік рухын ояту- тарих мұғалімінің басты парызы. Тарих пәні мұғалімдердің алдында үлкен міндет тұр, өйткені «Мәңгілік Ел» идеясы үш негізден немесе үш тұғырдан тұрады екен. Біріншісі – Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) саяси акт – «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі – әл-Фарабидің философиялық шығармасында идеяның теориялық-философиялық тұрғыдан негізделуі және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі саяси тұжырымдар, Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» және тағы басқа әйгілі туындыларының ой-идеялары – «Құтты білік» дастанындағы философиялық түйіндер, саяси-әлеуметтік болжамдар бір мәдениеттің, бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, біртектес ел-жұрт тіршілігі тұтастырған бір дүниетанымның жемістері.

Тарихи кезең мен мемлекеттің сипаттарын білдіретін ұғымдар Күлтегін жырларында да, әл-Фарабидің философиялық шығармаларында да Жүсіп Баласағұнның дастанында да бірдей кездеседі. Ж.Баласағұн – саяси-әлеуметтік ойда мемлекеттегі басқару істерінің заңмен реттелуі мәселесін кешенді көтерген ғұламалардың бірі. Дастанның басты идеясы – мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Шығармада елдегі, қоғамдағы ішкі тәртіпті халық мүддесіне, заңдылыққа негіздеп құру идеясы айқын көрініс береді. Осы идеялар негізінде бүгінгі Қазақстан өзінің алдына қойған стратегиялық, конституциялық міндеттері, яғни «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қағиданы ойдағыдай шеше алады. Ж.Баласағұн еңбегіндегі елдегі заңдардың бүкіл халыққа қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеуметтік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт – қазіргі таңда «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың да ұстанып отырған саясаты.
Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты дамуына айналды.

Сынып сағаттарда ағымдағы жылдары болып жатқан басты қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени саладағы маңызды жаңалықтарды, жетістіктерімізді кеңінен әңгімелеу қажет.

Құрамына география, тарих, биология пәнінің мұғалімдері, мектеп оқушылары, ата-аналар кіретін шығармашылық топтағы зерттеу жобаларын жүргізуге болады. Мектепте «Менің Отаным-Қазақстан» атты ізденушілік-зерттеу тобын құрып, оның құрамына 5-9 сынып оқушыларын кіргізуге болады.

«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін іске асыру бойынша
негізгі іс-шаралар

Іс-шара атауы

Мерзімі

1

«Мен-өз елімнің патриотымын»

Білім сабағы

1.09

2

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі ақпараттық стенд, кітап көрмелерін дайындау

Қыркүйек

3

«Мәңгілік ел» патриоттық актісін ұстаздарға,

ата-аналарға арналған қоғамдық тыңдау өткізу

Қазан

4

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі бойынша ата-аналар көзқарасының кәсіптік-қоғамдық пікір мониторингісі бойынша сауалнама

Қараша

5

«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің жаңа нормативтік құжаттарын зерделеу бойынша әдістемелік семинарды дайындау және ұйымдастыру

Жоспар бойынша

6

«Мәңгілік ел» атты қабырға газеттерін шығару

Сынып сағаттарын өткізу

Желтоқсан

7

Іскерлік ойын «Мәңгілік Ел» құндылықтары» 1-4 с.

Ақпан

8

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі бойынша ата-аналар көзқарасының кәсіптік-қоғамдық пікір мониторингісі бойынша сауалнама.

Наурыз

9

«Мәңгілік Ел» құндылығы» презентация, іскерлік ойын. 5-9 с.

Сәуір


10

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеялар негізінде ақпарат күндерін өткізу

Жыл бойы



Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев партияның XVI съезінде сөйлеген сөзінде: «Біздің ашық аспан астында ештеңеге теңгермейтін бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Бізге ХХI ғасырда бағдар болатын бір ғана стратегия бар, ол – «Қазақстан-2050»! Баршамызды ерен істерге жетелейтін бір ғана ұлы мақсат бар, ол – Мәңгілік Ел!» – деген болатын [2].

Қазақстанның жалпы білім беру ұйымдарында «өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр» [3].

Алаш қайраткер­лерінің бірі, ақын Мағжан Жұма­баевтың: «Тәр­бие­дегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару», деген сөздеріне терең мән жатыр. Нақты айтқанда, отбасылық қаты­настар заман талабына сай ұдайы зерт­теуді, жіті сараптауды, бұқараның сана­сына отбасылық құндылықтарды сіңіру мен соның нәтижесінде тиісті мем­лекеттік саясатты жүргізуді қажет етеді.
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жас жеткіншектің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына байланысты. Осы мақсатта барлық жұмыстардың нәтижесін үнемі бағалап, зерттеп, қорытынды жасап отырудың маңызы зор. Әрбір оқушыға өз мемлекетіне, оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесі жасалуы керек.

Сан ғасырлар бойы ата-баба­мыздың арманы, бүгінгі ұрпақ­тың ақиқаты болған қасиетті тәу­елсіздігімізді, елдігімізді сақ­тап, дамыған 30 елдің қатарына қосылу – Мәңгілік Ел болудың нысаны. Келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін әрқайсымыздың ортақ құндылықтарға өз үлесі­мізді қосуымыз шарт. Мәң­гі­лік Ел идеясы – біздің мүдде­ле­рімізге, қоғамымыздағы ты­ныш­­тыққа, ынтымақтастыққа қызмет ететін, бағыты мен бағ­дары анық жол болмақ. Сол ар­қылы бізді бейбітшілік пен келі­сімді, ұлтaрaлық татулық пен толеранттылықты сақтaй оты­рып, сындарлы сәттерден сүрін­дірмейтін ұлы мұрат.

Өткен мен бүгінгіні таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Білімнің іргетасының беріктігі – болашақтың мықты болуына негіз. Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз – дұрыс. Ендеше Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын







Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» – Астана. – 2014. – 11 қараша.

2. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзі «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» – Астана. – 2015. – 11 наурыз.

3. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген.

4. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша

әдістемелік құрал. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.- Астана, 2016.

5. Сынып жетекшісі жұмысының әдістемесі. Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 17 б.

6. Мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын дамыту. Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 16 б.

7. Ата-аналарға ақыл-кеңес: «Балаларды дұрыс тәрбиелеу қағидалары». Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 17 б.

8. tarbie.org сайты















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!