15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мәңгілік Ел» идеясын таратудағы сынып жетекшінің алатын орны
Арыс қаласы И.Журба атындағы жалпы орта мектеп
«Мәңгілік Ел» идеясын таратудағы
сынып жетекшінің алатын орны
Эссе
Сарсенбекова Нарбуви Абдетовна
«Мәңгілік ел» идеясын таратудағы сынып жетекшінің алатын орны
«Біз өзіміздің тілімізді, дінімізді, жеке бас ерекшелігімізбен сақтай аламыз
және осы рухпен біздің жастарды тәрбиелеуіміз тиіс».
Н.Ә.Назарбаев
Менің ойымша «Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңыздырақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне осынысымен бағаланады.» - деген Цицеронның ұлағатты сөзі оқушының әрбір іс-әрекеті мен болашаққа алған бағытына мұғалімнің ықпалы зорекенін байқауға болады. Ал оның ішінде сынып жетекші әрбір жетелеп келе жатқан оқушыларының келешеккке деген мақсаты мен арманын жүзеге асырушы бірден-бір тұлға. Жалпы Қазақстан Республикасында өмір сүріп, осында білім алып жатқан кез-кеген ұл қыздың келешекке деген арман мақсатының бір бөлігі дәл осы «мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатуы тиіс деп ойлаймын. Олай дейтін себебім менің дәл қазіргі жетекшілік етіп келе жатқан сыныбымды бесінші сыныптан бері жетелеп келе жатырмын. Сыныбымда 27 оқушы бар. Әрі мектебіміздің биылғы бітіруші түлектері. Әр қайсысы әр түрлі мамандықты таңдап асқақ армандарының орындалуына аз ғана уақыт қалып тұр. Мысалы, Гүлістан медицина саласын, алтын белгі иелері Яссауи экономика ал Анеля қаржы саласын таңдап отыр. Әр қайсысы өз саласын жетік меңгеріп, одан әрі қарқынды дамуына үлес қосса еліміздің мәңгілік ел боп қалуына зор үлес қосатынына сенімім мол. Осы уақытқа дейін олардың әрқайсысының бойына әр түрлі тәрбие сағаттар, дөңгелек үстелдер т.б іс-шаралар өту арқылы барынша ел жандылық пен ұлтжандылықты, тәуелсіздіктің туын желбіретіп, жықпай ұстау, біздің қолымызда екенін, тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оның көзіміздің қарашығындай қорғау, баршамыздың борышымыз екенін ұғындырып бойларына нықтап сіңірдім деп ойлаймын . Біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, ұлан байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, кешегі тектілердің ұрпағы екендігімізді ұғынып, және мәңгілікке еркін ел болып қалудағы бабалар аманатын үнемі насихаттап отырамын.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Мәңгілік елдің мұратын алға жетелеуде сынып жетекшіге артылар жүк те салмақты болмақ.
Мен сабақ барысында, сабақтан тыс ұйымдастырылатын шараларда оқушыларды ұлттық идеямен сусындатып қана қоймай, алған білімдерін қазірден-ақ іске асыруға бағыттаймын. Мұғалім оқушымен бірлесе жұмыс жасағанда ғана- жас түлектің буыны қатайып , бағдарынан адаспай «алтын ғасырды» одан әрі дамытушы болады.
Отанға деген адалдығың мен сүйіспеншілігіңді білдіру - уақыт та, жас та талғамайды. Бүгінде алдымыздағы шәкірттердің бойынан ұлттық рух есіп тұр. Ұстаз тәрбиеленушілерінің ата-аналарының да үйде балаларына салауатты, өнеге мен үлгіге құрылған тәрбие бергенде ғана жетістікке жететінін біледі. Сондықтан ата-аналармен атқарылатын іс-шаралар да ұлттық идеяны насихаттаудан тұруы қажет. Жалпы қазақ ауылы ұлттық идеяға сыңсып тұр десем де болады. Ауылдың ақсақалдарының мектебі, әжелер өсиеті, әрбір үйден шалқып шыққан қазақи үн, ғұрып, тіліміз бен дініміз-мәңгілік елдің мәңгілік идеясының алтын көпірі болса, шәкірттеріміз сол саф ауамен тыныстап, бақытты ғұмыр кешуде. Олардың қаперсіз білім алуларына да барынша жағдайлар жасалуда.
Осыдан түйгенім: Сынып жетекші алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, танымдық өрісі кең, білімі жоғары, білімді, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Мәңгілік елдің мұратын алға жетелеуде сынып жетекшіге артылар жүк те салмақты болмақ.
ОҚО, Арыс қаласы, И.Журба атындағы жалпы орта мектебі КММ
«Мәңгілік Ел» идеясын таратудағы
сынып жетекшінің алатын орны
Эссе
Сарсенбекова Нарбуви Абдетовна
ОҚО, Арыс қаласы, Көктем 1,2 үй,
сымтетік: 8-72-540-2-33-00
Қазақ тіл мен әдебиет пәні мұғалімі, 11 сынып жетекшісі
Эл.почта: aassii-@mail.ru Телефон: 87711513969

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген